"Алтын кілт" бөбекжай бақшасы Қимылды ойындар жинағы "Шаңырақ" ортаңғы тобы



бет40/45
Дата07.02.2022
өлшемі53,48 Kb.
#83320
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Қимылды ойындар ортаңғы тобы
Заттардың көлемені қабылдау ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындар картотекасы, матемммм
Тыныс алу жаттыңулары
1."Әуе шары"
Б.қ.: шалқасынан жату, денесі босаңсығанғ көзі жұмулы, алақандары ішке қойылған. Ешқандай күш түсірмей, баяу тыныс аламыз, іш шар сияқты болып үрленіп, жоғары көтеріледі. Баяу тыныс шығарамызғ іш ақырынгдап орнына келеді.
2."Самал жел соқты"
Б.қ.: жату, отыру, тұру, дене босаңсыған.
Ішті кеуде тұсын толтырып толық тыныс аламыз, 3-4 секунд демімізді ұстап тұрамыз; жиырылған еріндер арқылы күшпен тыныс шығарамыз.
3."Шырақты үрле"
Б.қ.: негізгі қимыл, алақанды жоғары қаратып, қолды кеуде тұсынан алға созу. Бала туған күн иесіне арналған тортты ұстап тұрғанын және оның үстіндегі шырақтарды үрлегенін елестетіп, алақандарына қаратып үрлейді. Мұрнымен терең демалып, ерінді түтікшеге ұқсатып тыныс шығарады.
4."Тыныш-қатты"
Б.қ.: негізгі қалып.Әрқашан мұрынмен тыныс алу.Тыныс шығаруды кезектестіріп (бірде ақырын, бірде қатты) жасау керек.
5."Сорғы"
Б.қ.: негізгі қалып.
1-4- мұрынмен тыныс алу, алақанды төмен қаратып, қолды кеуде тұсына дейін көтеру.
5-8-ауызбен тыныс шығару, алақандарын төмен қаратып, қолды төмен түсіру.
6."Аманбысың, Алтын Күн!"
Б.қ.: аяқ иықтың қатарында, қол төмен түсіріліп, арқаға ұсталған.
Қолды ақырын жоғары көтереміз-тыныс аламыз; қолды төмен түсіріп, арқа тұсына алып барамыз-баяу тыныс шығарамыз.
7."Атқыш"
Б.қ.: аяқ иықтың қатарында, қол екі жанына жіберілген. Терең демалып, алға еңкейіп, алақанмен тізені шапалақтаймыз-+тыныс аламыз; бастапқы қалыпқа қайтамыз-тыныс шығарамыз.
8."Тікұшақ"
Б.қ.: аяқ иықтың қатарында, қол екі жанына жіберілген. Қолдың қалпын өзгертпей, терең демалып, оңға бұрыламыз-тыныс шығарамыз.
Б.қ.: тыныс алу. Сол жаққа бұрылып қайталап жасау.

9."Саңырауқұлақ"


Б.қ.: тізені құшақтап отыру (кішкене саңырауқұлақ). Ақырын түзелу, қолды екі жаққа жайып, басты кішкене артқа шалқайтып, тыныс алу (саңырауқұлақ өсті).
10."Шаңғышы"
Б.қ.: түзу тұру, өкше түйістірілген, оң қол алда, "шаңғы таяқшасын" қысып ұстаған, сол қол арқа тұсқа бос жіберілген. Сәл алға еңкейіп, терең демалу; отыру, оң қолды төмен, жамбасқа қарай жіберіп тыныс шығару. Сол қолды алға созып, тынысалу.
11."Сиыр"
Б.қ.: негізгі қалып.
Сиыр жайылымда жайылып жүр және бізге: "м-м-м" айтқысы келіп тұр. Тыныс алу, тыныс шығарғанда еріндерді тигізіп: "м" деген дыбыс шығарамыз.
12."Тыныс ал"
Сол қолымыздың сұқ саусағымен мұрнымыздың сол жағын жауып, оң жағымен тыныс аламыз. Тыныс шығарғанда оң қолымыздың сұқ саусағымен мұрнымыздың оң жағын жауып, сол жағымен шығарамыз (жаттығу 4 рет қайталанады).
13."Шар үрлейміз"
Қолдың саусақтарын қосып, тесікке үрлеп, сосын "шарды" жібінен ұстап топқа алып кетеміз.
14."Жылтырақтар сусылдайды"
Жылтырақтың ағаш таяқшалары алақандарына қысулы. Балалар алақандарын ары-бері ысқылап, жылтырақтарды айналдырады. Мұғалім балаларға жылтырақтардың қалай сусылдайтынын тыңдауды және "ш-ш-ш-ш-ш" деп дыбыс шығаруды ұсынады. Таяқшаға бекітілген жолақшаныматадан жасау керек.
15."Бетіңнен сүйемін"
Балалар еріндерін түтікше тәрізді етіп алға созып, дыбысын шығарып сүйеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет