"Алтын кілт" бөбекжай бақшасы Қимылды ойындар жинағы "Шаңырақ" ортаңғы тобы



бет44/45
Дата07.02.2022
өлшемі53,48 Kb.
#83320
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Қимылды ойындар ортаңғы тобы
Заттардың көлемені қабылдау ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындар картотекасы, матемммм
6."Сымбатымыз әдемі" ойын-жаттығуы
Балалар музыка әуенімен мәтін мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Бізге қарап көріңіз,
Сымбаттымыз өзіміз.
Түзу ұстап денені,
Сұлу болып өсеміз.

Байқап кейде аяқтың,


Ұшыменен жүреміз.
Енді бірде табанның,
Тұсыменен жүреміз.

Жалыққанда аю боп,


Маймаңдауды білеміз.
(Г.Абдрахимова)
7."Құс ауласы"
Әуенді дыбыспен қостай отырып, жаттығулар жасайды.

Бұл көкектің дауысы,


Төзімімді тауысты:
"кө-кек, кө-кек, кө-кек"

Қорқып жаман баладан,


Шиқылдайды балапан:
"шиқ, шиқ, шиқ, шиқ"

Тоғайдағы тоқылдақ,


Мазаны алды тоқылдап:
"тоқ, тоқ, тоқ, тоқ"

Тауық дәнді шоқып ап,


Аулада жүр қоқылдап:
"қоқ, қоқ, қоқ, қоқ"
Жерге таяу жақындап,
Қаздар ұшты қаңқылдап:
"қаңқ, қаңқ, қаңқ, қаңқ"
(Г.Абдрахимова)
Қолдарын артқа ұстап көкекті келтіреді, тыныс шығару барысында "кө-кек, кө-кек, кө-кек" дейді.
Қолдарын белге қойып балапанды келтіреді, тыныс шығару барысында "шиқ, шиқ, шиқ, шиқ" дейді.
Алақандарын бір-біріне тигізіп, тұмсық жасап, тоқылдақты бейнелейді, тыныс шығару барысында "тоқ, тоқ, тоқ, тоқ" дейді.
Қолдарын қанатқа ұқсатып қағып, тауық болады, тыныс шығарғанда "қоқ, қоқ, қоқ, қоқ"дейді.
Қолдарын шынтақтан бүгіп, қазды келтіреді, "қаңқ, қаңқ, қаңқ, қаңқ" дегенді тыныс шығару барысында айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет