Білім беру саласы: "денсаулық"
Мақсаты: екі аяқпен секіруге жаттықтыру.
Міндеттері: балаларды алға жылжи отырып екі аяқтап секіруге үйрету; ептіліктерін, сенімділіктерін дамыту.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны:топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдықтар: орындықтар немесе доғалар.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Бөлменің бір шетінде отыратын жағы ішке қаратылған орындықтар жарты шеңбер бойлап қойылған. Бұл-көжектер торы. Қарсы жақта күзетшінің үйі. Ортасында көжектерді қыдыруға жіберетін алаңқай бар. Балалар 2-3-тен орындықтың арт жағына тұрады, мұғалімнің белгісі бойынша жүрелеп отырады, көжектер торда отыр. Мұғалім (күзетші)тордың жанына барады және көжектерді шалшыққа жібереді: балалар бірінен соң бірі орындықтың астынан шығып, алаңқайға қарай секіре жөнеледі. Мұғалімнің "торға жүгіріңдер" деген белгісі бойынша көжектер торларына қарай екі аяқпен секіре жөнеледі, торларына еңбектеп кіреді.
"Көжектер, алаңқайға шығыңдар!"