Білім беру саласы: "денсаулық"
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: екі аяқпен секіруге жаттықтыру.
Міндеттері: аяқты сәл бүгіп, екі аяқтап сызықтан секіруге, мұғалімнің тапсырмасын орындауға үйрету; қозғалыс дағдысын дамыту; ептілікке, мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны: топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдықтар: жуан арқан.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Алаңқайдың ортасына үлкен шеңберсызады немесе жуан арқанды шеңбер тәрізді етіп қояды. Балалардың бір бөлігі шеңбердің шетіне орналасады, ал қалғандары алаңқайдың басқа жағына қойылған орындықтарға отырады. Мұғалім отырған балалармен бірге келесі өлең жолдарын айтады:
Секіреді бақалар,
Бақылдайды бақалар:
бақ-бақ, бақ-бақ, бақ-бақ-бақ,
Секіреді бақалар.
Шеңбердің шетіне орналасқан бақалар "бақаға" ұқсап, секіре бастады. Өлең жолдарын айтып болған соң, орындықтарда отырған балалар қол шапалақтайды ( бақаларды шошытады); бақалар сызықтан аттап, шалшыққа секіріп, ақырын ғана жүрелерінен отырады. Ойын қайталанғанда, рөдері аусады.
№23."Көжектер" қимылды ойыны
Достарыңызбен бөлісу: |