Алтын күз Атырау облысы, Атырау қаласы М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі35,14 Kb.
#33993
Алтын күз
Атырау облысы, Атырау қаласы М.Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы
Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімін кеңейте түсу, күз айларындағы мерекелі күндердің тарихын білгізу, күз байлықтарын, астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру, еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
І. Басқарушы тәрбие сағатнынң тақырыбын хабарлайды.

Қыркүйек айы: Менің қазақша атым «қыркүйек», күздің бірінші айымын. Ал балалар мен туралы не білесіңдер?
Оқушылар хормен: І-қыркүйек-жаңа оқу жылының басы, Білім күні!
Мектебім әні хормен орындалады.

1-оқушы: Оқуға алғаш келгенде

Болсын деп білім серігім

Қиялым қанат бергенде

Жүзбек боп білім теңізін

Қарсы алды күліп мектебім

Тұр екен дайын партасы

Бақытқа мұндай жеткенім

Алтын заңның арқасы



2-оқушы : Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шытырлап

Тамшы жерге секірді

Барын беріп халыққа

Жұмыстан соң қалжырап

Дала ұқсайды алыпқа

Дамыл алған маужырап



3-оқушы: Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Бау-бақша тосады

Тосады достарым

Дастархан толған дәм

Жайдары аспаным

Ойнаймыз күлеміз

Достықты білеміз

Айырып болмайық

Тұргандай кім егіз


4-оқушы: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Құстар қайтты ән салып

Бұлт торлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды



Қазан айы: Менің атым «Қазан».Күзгі жиын-терімін соңғы айымын. Еңбектер елді той-думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Хормен:Қазан айның алғашқы жексенбісі-Мұғалімдер күні

«Ұстазым»әні орындалады


Қараша айы- Менің қазақша атым Қараша. Күздің соңғы айымын. Менде қандай ерекшелік бар?
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа ,шатыққа бөленеді.
Еңбексүйгіштік , еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
«Еңбек» әні орындалады
Күз айлары: - Ал балалар, сендер біз туралы, біздегі мерекелі күндер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Ендігі кезекті күз байлықтарына береміз.
Егін-жеміс, алма, өрік,шие,жүзім,қауын, қызанақ суреттерін қолдарына ұстаған оқушылар ортаға шығып, жаттаған өлең жұмбақтарын айтып береді.
Хормен: Молшылық күз-береке күз

Береке күз-мереке күз

Басқарушы: Қараңдаршы көзің тоймас

Күз деген бір жақсы уақыт

Ой да қыр да таудың ішін

Бір молшылық жатқан шалқып

Ал балалар кім біледі

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?


Жеміс: «Алтын күз» деп Біз айтамыз сол үшін де

Сары алтындай сары қауын көп піскен соң бақ ішінде


Жапырақ: Жаңа піскен алма баққа, көзің тоймас қарасаңда

Қараңдаршы сары алтындай, жапырақты қайың талға

Мұны көріп күзді қалай, теңемейсің сары алтынға
Егін: Қараңдаршы қандай сұлу

Бидай басқан мына дала

Әрбір адым, әрбір жота

Алтын жайып тастағандай



Хормен: «Ақбидай» әні орындалады.
Күз айлары: Ендігі кезекті жұмбақтар айтысына береміз.
Жұмбақтар:

Қорытынды:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет