Алтын Орда хандары


Н.Қазыбек «Алтын Орданың құрылуынан құлауына



бет14/14
Дата24.08.2020
өлшемі52,21 Kb.
#76698
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Алтын Орда

1. Н.Қазыбек «Алтын Орданың құрылуынан құлауына

дейiн» А-98, 41-бет.

2. «Дала уалаяты газетi» А-92, 416-бет

3. М.Абсеметов «Таможенное дело Казахстана»

А-2001, стр41

4. Юдин В, Абусейтова М «Утемиш хаджи»

Шыңғыс-намеден аударма, А-1992, 107-бет.

5. С.Закиров «Дипломатические отношения Золотой Орды

с Египтом» Москва-66, стр 90-91

6. Ш.Уалиханов Таңдамалы. 2-шi басылуы А-1985, 124-бет.

7. Осы тiзiмдегi 1-шi жазылған әдебиет, 40-бет.



Тоқтамыс хан

Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін, Алтын Орда мемлекетінде шиеленіскен қиын жағдай қалыптасты. Билік басына келгендердің Алтын Ордадай кең көлемдегі алып мемлекетті басқаруға ақыл-парасаты жетпегендіктен, ел ішінен ыдырай бастады, хандар жиі ауысты. «Балық басынан шіриді»-дегендей, уақыт өте келе елдің феодал-аристократтары топ-топ болып, жекеменшік көшіп-қонатын жер үшін, тақ пен билік үшін өзара қырқысып жатты. Бұл күйінде кезінде аты аңызға айналған Алтын Орда кез-келген жауының аяғы астында қалуы мүмкін еді.Мемлекеттің бірлігін сақтап қалуды, әлде осы қарбаласты пайдаланып билік басына жетуді мақсат еткендер көп болса керек.Солардың ішінен Алтын Орданы бір орталыққа жұмылдыру, бұрынғы қуатына қайта келтіру мақсатында күрескен Мамайдың (1370-1380 жылдарда), Тоқтамыстың (1380-1404 жылдарда) және Едігенің (1390-1419 жылдарда) есімдері аталады.

Ақсақ Темірдің әскері құрамында болғанға дейінгі кезеңдегі Тоқтамыс өмірінен деректер кездеспейді.

Тоқтамыс Ақсақ Темірдің әскери күшпен бірнеше мәрте берген көмегі арқасында Сығанақты басып алып, Ақ Орда билеушісі болды.Куликово даласындағы Мамай қолының орыстардан күйрей жеңілген, мемлекеттің әскери күшінің әлсіреген кезін пайдаланған Тоқтамыс тағы да Ақсақ Темірдің көмегімен Алтын Орданың тағына ие болды.Бұл 1380 жыл болатын. 1*

Тоқтамыс Алтын Орданы бұрынғы қуатына келтіру жолында біраз еңбектенді.Ордадағы алауыздықты, өзара қырқысты тоқтатты. Алтын Орданың соңғы кезде ыдырап кеткен Еділдің батысындағы Мамай иелігін, Астархан, Хаджы Черкес бөліктерін, Хорезм мен Ақ Орданы Жошы ұлысының бұрынғы аумағына топтастырып, біріктірді. Алтын Орда феодал-аристократтары Ақсақ Темірдің көмегіне сүйенген Тоқтамысты қолдады.Өйткені оларды Куликово сабағы көршілес орыс елінен сақтануға үйреткен болатын.Сөйтіп, Ақсақ Темір Тоқтамыстың қолымен Алтын Орда жөніндегі өз жоспарын орындатты. 2*

Алтын Орданың салты бойынша орыс княздері жаңа ханмен көрісу үшін және жаңа тағайындаулар алу үшін астана Сарайға келуге тиіс болатын. Кулиководағы соғыста Алтын Орданың қарулы күштерін түгел қираттық деп ойлаған орыс княздері жаңа хан Тоқтамыспен сәлемдесуді ойларына да алған жоқ.

Орыс княздерінің ұлы князі Дмитрийді (Мәскеу князі) тәубесіне түсіріп, тәртіпке шақыру үшін Тоқтамыс1382 жылы ауыр қолмен Мәскеуге аттанып, 23 тамызда Мәскеуде Кремльдің жанында болды.Орыстар үшін ауыр сәт туды. Олар жан аямай қорғанды, қыпшақ әскерлеріне қақпаға кіре берісте ыстық су шашып, тас лақтырып, бөренелер құлатты. Соғыстың төртінші күні Орда әскері Мәскеуді алды. Орыстар бар күшін қыпшақтарға қарсы ұтымды қоя алмады. Куликовода жеңіске жетті десек те, Дмитрий көп күшінен айырылған болатын, оның Тоқтамыс қолына қарсы қояр күші жоқ еді. Сондықтан Тоқтамыстың келе жатқанын ести сала әскер жинау сылтауымен Кострома, Ярославль қалаларына жүріп кеткен. Дұрысында бүкіл үй-ішін алып қашқан.Тоқтамыс жетпей тұрып-ақ орыстарда үрейлену пайда болды. Осы кезде Мәскеуде аштық басталып, ұрлық-қарлық, кісі тонау, тәртіпсіздіктер күшейді (Карамзин). Бұл оқиға туралы орыс тарихшылары жазбаларында:

«Тоқтамыс қала қақпасын алдап ашқызды.Халыққа зорлық жасалмайды дегені жайына қалды, қақпа ашылысымен Тоқтамыс әскері қалаға тұс-тұстан шабуылдап, жаппай тонауға кірісті.Княздің қазынасын талап алды, жеке адамдардың да алтын, күміс секілді асыл заттарын тонады. Мал-мүліктерін арбаларға тиеп, өздерімен алып кетті»- деп жазады. Ал, Н.Қазыбек орыс тарихшыларының мәліметтерінің қате екендігін, Орда әскербасыларының

ондай бейбастақтыққа жол бермегендігін, олар ислам діні қағидаларын басшылыққа алғандығын жазыпты. 3*

Тоқтамыс хан Мәскеуді басып алып, әскерлерінің бір бөлігін Владимир мен Переяславль қалаларына жіберді.Бір бөлігі Тверь, Кир, Юрьев қалаларын көп шығынсыз бағындырғаннан кейін Ордаға оралды. Мәскеудегі соңғы оқиғадан кейін орыстар түгелдей Алтын Орданың қол астына кірді. Твердің, Нижегородтың, Мәскеудің княздері Тоқтамысқа арналған тарту-сыйлықтарымен өз ұлдарын қоса Сарайға аттандырып жатты. Орыс жеріндегі жеңісімен қанаттанған Тоқтамыс, кезінде жарылқаушысы болған Ақсақ Темірмен ақылдаспастан, Тебриз сұлтаны Ахмед ибн-Уәйіске қарсы жүз мың әскерін жіберіп, шаптырып алды, көп олжаға кенелді. Алтын Орда мен Египет елдері арасында достық дипломатиялық қатынастың сонау Берке хан заманынан бері үзілмей келе жатқандығы тарихтан белгілі.Сол дәстүр бойынша Тоқтамыс жіберген елші Египетте 1385 жылдың ерте көктемінде үлкен құрметпен қарсы алынады (Аль-Макризи). Тоқтамыс елшісі Египетке Ақсақ Темірдің де арнаулы сыйлығын апарды. Ақсақ Темірдің ондағы ойы Тоқтамыс арқылы Алтын Орданы да өз алақанында ұстап отырғанын ұғындыру болатын.

Тоқтамыс хан орыс княздерін, сондай-ақ Тебризді де жаулап алғанда жеңістегі абырой-атағына да, мол байлық-олжаларына да Ақсақ Темірді араластармай, жеке иемденді.Бұл Ақсақ Темірге ұнамады, сөйтіп ескі достар бір-біріне дұшпанға айналды.

1389 жылы және 1391 жылдары Ақсақ Темір ауыр қолмен Алтын Ордаға жойқын шабуыл жасап, бай мемлекетті тонады, әскерімен қоса бейбіт тұрғындарын да қырып-жойды, мүліктерін олжалады, қалғандарын қиратты, өртеді. Темірдің күшіне қарсы тұрарлық қуаты жоқ Тоқтамыс Египет сұлтанынан көмек сұрады. ТоқтамыстыңЕгипет сұлтаны ал-Малик аз-Захир Сайф ад-дин Баркукке жіберген елшісі Дамаск қаласына 1394 жылдың наурызының 26-сында жетеді. 4*

Бұл оқиғадан сәл ғана бұрын, 1394 жылдың қаңтар айының бас кезінде Ақсақ Темір Египет сұлтаны атына «маған бағыныштылығыңды мойында, әйтпесе еліңді талқандаймын!» мағынасында хат жолдап, оған өзінікінен де өткірлеу дөрекі түрдегі жауап алған болатын. 5*

Соғыс қаупі төнді.Сайф ад-дин Баркук өзге елдермен күш біріктіріп, қорғанысты ұйымдастыра бастады. Сөйтіп, Дамаск қаласында Алтын Ордалық Тоқтамыстың, османдық сұлтан Ийлдерим Баязедтің және Сибаштың билеушісі Кади Бурхан ад-дин Ахмедтің елшілері бас қосып, Ақсақ Темірге қарсы одақ құру жөнінде кеңесті.Өзіне қарсы топтың ойлағанындай Ақсақ Темір шабуылды Египетке емес, 1395 жылы Алтын Ордаға бастады. Ақсақ Темір мен Тоқтамыс арасындағы қақтығыс ұзаққа созылып, әлденеше рет соғысты. Ақырында Кавказда Терек өзені бойында кездесіп, кескілескен ұрыс болды.Бұл соғыста адам қаны суша ақты. Бүкіл әскердің үш тәулік бойына созылған дамылсыз шайқасынан кейін Тоқтамыс хан жеңіліп, бұлғар орманына жасырынды. Қарсыласын жеңген Ақсақ Темір өзінің күшті әскерлерімен Қыпшақ мемлекетін еркін талауға кірісті. Қалаларын, ауылдарын өртеп, малдарын шауып, талап кетті. Жазықсыз адамдарды қырып-жойып, бүкіл мемлекетті қан сасытты. Шамасы келген мұсылмандар ормандарға тығылып, тау-тасты паналап, жан сақтады – деп жазды «Шора» журналы 1908 жылғы 6-7 сандарында. Сөйтіп, Тоқтамыстың жетістігіне қызғанышпен қараған Ақсақ Темір ақыры Қыпшақ даласындағы Ислам мемлекетін енді бас көтере алмастай жерлеп, сан ғасырлар бойғы орыстардың Алтын Ордаға кіріптарлығынан босануына жағдай жасады. Соғыста күйрей жеңілген Тоқтамыс Литва князі Витовттың қоластына барып, оның көмегінен үміт етті. 1399 жылы Литва әскері (құрамында Тоқтамыстың қалдық әскері де болды) Алтын Орданың ханы Темір Құтлықтың

қарулы күштерімен соғысып, жеңіліс тапты. Бұдан кейін Тоқтамыс билік басына қанша талпынса да жетуіне еш мүмкіндік болмады.

Тоқтамыстың әкесі Түй Ходжа Жошының ұлы Тоқа Темір аталығынан тарайды.Ол Ұрыс хан заманында Маңғыстаудың билеушісі болған, Алтын Орда астанасы Сарайды жаулап алуға қатысудан бас тартқаны үшін өлтірілген. 6*

Оның ажалы Ақ Орда билеушілері жағынан, әлде Ақсақ Темірден болғаны анық жазылмаған.

Ноғай Ордасының негізін қалаған Едігенің әкесі Балтықша Ұрыс ханның бас әмірі болған. Кезінде Тоқтамысқа тұтқынға түсіп, өз ханына шексіз берілгендігі үшін өлтірілген. 7*



Тоқтамыс аз қолмен Түмен жағында жүргенде Едіге әскерімен кездесіп қалады да, өлтіріледі. Бұл 1404 жыл болатын. (Большая энциклопедия). Брокгауз мәліметінде 1407 жыл делінеді. Әкесінің өлі денесін сұрай барған Қадырбердіге Едіге оның басын кесіп беріпті деген бар.Қадырберді әкесі Тоқтамыстың басын осы Сарайшықтағы хандар зиратына жерлесе керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:




  1. Қазыбек Н. «Алтын Орданың құрылуынан құлауына дейін» А-1998, 47-бет

  2. Закиров Салих «Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом», М-1966, стр.93

  3. Қазыбек Н. «Аталған еңбек», 49-бет.

  4. Тизенгаузен Сборник №1, ибн ал-Фурат, перевод стр.363

  5. Ибн-Тагрибирди, 141-144-беттерде.

  6. Тизенгаузен т.ІІ, 61-62-беттер.

Федоров-Давыдов А.Г. «Общественный строй Золотой Орды», М-1973, стр.149.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет