Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері


 Борандар сумен қалай әрекеттеседі? Бұл қосылыстардың қандай қасиеттері оларды ракета отыны ретінде қолдануға мүмкіндік береді? 8



бет6/69
Дата12.09.2020
өлшемі116,99 Kb.
#78276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
p-элементтер
p-элементтер
7. Борандар сумен қалай әрекеттеседі? Бұл қосылыстардың қандай қасиеттері оларды ракета отыны ретінде қолдануға мүмкіндік береді?

8. H3BO3 қышқылын сілтімен бейтараптағанда, не сілтінің артық мөлшерімен өңдегенде қандай қосылыстар түзіледі? Реакция теңдеулерін жазу керек. Ортобор қышқылын қыздырған кезде жүретін өзгерістерінің реакциялардың теңдеулерін жазу керек.

9. Бор оксиді мен содыны қақтағанда натрий тетрабораты түзіледі, реакция теңдеуін жазу керек. Алынған тұздың гидролиз теңдеуін жазу керек.

10. Бор қышқылы спирт пен концентрлі күкірт қышқылы қоспасымен эфирлер түзеді, ол жасыл жалынмен жанады. Борнометил және борноэтил эфирлерінің түзілу реакцияларын жазып, графикалық формулаларын көрсетіңдер. (B(OCH3)3) және B(OC2H5)3).

11. Бураны кейбір металдардың (Cr, Co, Mn) тұздарымен қақтағанда қос метабораттар («бураның перлдері») түзіледі, олар шыны тәріздес, әр металға тән өз түстері болады, сондықтан аналитикалық химияда қолданылады, мысалы NaBO2×Cr(BO2)3 – жасыл, 2NaBO2×Cо(BO2)2 – көк. Мына реакция теңдеулерін аяқтау керек: а) Na2B4O7 + MnSO4→ … б) Na2B4O7 + Cr2(SO4)→...

в) Na2B4O7 + Cо(NO3)→…



12. Алюминийді глиноземнің криолит балқымасындағы ерітіндісін электролизге ұшыратып алады. Егер глинозем құрамында 94,5% Al2Oболса,

1т глиноземнен қанша алюминий алынады? Егер ток күші 30000А болса, тоқтың қолданылу коэффициенті 95,5% болса, электролизді бұл жағдайларда қанша уақыт жүргізеді? Жауабы: 0,5т; 52 сағ.



13. Каолинитті сазды күкірт қышқылымен өңдегенде алюминий сульфатын Al2(SO4)×18 H2O алады. 1т дайын өнім алу үшін 20% Al2Oбар саздың неше тоннасын өңдеу керек? Бұл жағдайда саздан тек 70% Al2Oғана жұмсалады. 1т дайын өнімге жұмсалатын күкірт қышқылының теориялық шығыны қанша? Жауабы: 1,09т; 0,44т.

14. Алюминий судан сутегін тек сілті қатысында ғана ығыстырады, реакция теңдеуін жазу керек. Алюминий сульфатының а)(NH4)2S; б)Na2CO3;

в) KOH (артық алынған) ерітінділерімен реакция теңдеулерін жазу керек.



15. Гальваникалық элементтің AlІAl2(SO4)3ІІCr2(SO4)ІCr жұмысы кезінде 31,2г хром бос металға дейін тотықсызданған. Алюминий электродының массасы қаншаға азайғанын анықтау керек. Жауабы: 16,2г

16. Алюминийдің коррозияға тұрақтылығын түсіндіру керек. Бұл металдың қышқылдар мен сілтілерге қатынасы қандай? Ол неге концентрлі азот қышқылы мен күкірт қышқылында пассивтеледі?

17. Неге Al2Sтек құрғақ әдіспен, мысалы, сусыз алюминий сульфатына сутегімен әсер етіп, қыздырып алады? Реакция теңдеуін жазу керек. Егер алынған сары кристалдар сумен контактіге (жанасса) түссе, қандай процесс жүреді?

18. Алюминий гидроксидін тұнбаға түсіру үшін аммиак ерітіндісін қолданады, неге сілті ерітіндісі қолданылмайды? Мына реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: а) AlCl3+NH3+H2O→…; б)AlCl3+Na2CO3+H2O→…; в)AlCl3+(NH4)2S+H2O→…

19. Егер с (NH3×H2O)=2моль/л болса, 200мл (ρ=1,3г/л) 30% AlClбар ерітіндісінен Al(ОН)тұнбасын алу үшін, қанша көлем аммиак ерітіндісін алу керек? Алынған тұнбаны еріту үшін концентрациясы 0,5моль/л NaOH ерітіндісінің қанша көлемін алады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет