Алюминий мен судың


Нәтижелер және оларды талқылау



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі145,36 Kb.
#96953
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Baewov..Turlybekova

Нәтижелер және оларды талқылау
Алғашқы экспериментте, катализатор (κ) концентрациясының сутектің бөліну
жылдамдығына әсері қарастырылды және эксперимент нәтижелері катализатор
концентрациясы артқан сайын сутек газының бөліну жылдамдығы артатынын көрсетті (1-
кесте). Катализатор мөлшері 0,5 г/л-ден 15,0 г/л-ге дейін артқанда, сутектің бөліну
жылдамдығы υ– 0,20-дан 0,94 мл/см
2
сағ.-қа дейін артады.
1 кесте – Судағы катализатор (κ) концентрациясының, сутек газының бөліну
жылдамдығына (υ) әсері (t=30 
0
С)
κ, г/л
0,5
1,0
2,0
3,0
5,0
10
15
υ,
мл/см
2
·сағ
0,2
0
0,22
0,3
0
0,40
0,43
0,52
0,94
Келесі экспериментте сутек газының бөліну жылдамдығына натрий нитратының әсері
зерттелді. Зерттеу бөлме температурасында және катализатор концентрациясы тұрақты
(2г/л) жағдайда жүргізілді. Натрий нитраты дистилденген судың электр өткізгіштігін
арттыратындығы белгілі.


2 сурет – Сутегі
газының бөліну
жылдамдығына натрий
нитратының
концентрациясының әсері:
S=24 см
2
, t=20?C, [κ]=2г/л.
Эксперимент нәтижелері натрий нитратының концентрациясы артқан сайын сутек
газының бөліну жылдамдығының біртіндеп артатынын көрсетті (2-сурет).
Сондай-ақ, алюминий мен судың әсерлесу негізінде сутек газының бөліну
жылдамдығына су температурасының әсері қарастырылды. 
3 сурет – Сутек газының
бөліну жылдамдығына (υ)
температураның әсері:
[κ]=1,0 г/л.
3-суреттен көретініміз, су құрамындағы катализатор концентрациясы тұрақты (1 г/л)
болған кезінде дистилденген су температурасын арттырған сайын сутек газының бөліну
жылдамдығы күрт артады. Су температурасы 30

C кезінде алюминийдің 1 см
2
аумағынан
сағатына 0,25 мл сутек газы бөлінсе, температураны 90

C-қа дейін арттырғанда, 2083,3 мл
сутек газы бөлінетіні анықталды.


Қорытындылай келе, алюминийді катализатор қатысында сумен әрекеттестіру арқылы
сутек газын алу мақсатында NaNO
3
қосылысы және су температурасын жоғарылату
арқылы сутекті неғұрлым жоғары жылдамдықпен бөліп алуға болатындығы көрсетілді.
Сутек газын арзан әдіспен алу арқылы өзіндік құнын төмендетіп, оны экологиялық таза
жанармай көзі ретінде қолданыла алады. Су мен алюминийді әрекеттестіру арқылы сутек
газын автономды жағдайда алу, сутектік энергетикасын дамытуда көптеген
проблемаларды шешуге мүмкіншілік береді. Реакция нәтижесінде түзілген алюминий
гидрототығы өнеркәсіптің басқа салаларында (мысалы, су тазалау үдерісінде,
бейорганикалық заттарды синтездеуде, т.б.) қолдануға болады немесе қайта өңдеп, одан
қайтадан алюминий алу өте оңай. Ал қолданылатын катализатор шығындалмай , әрқашан
өз рөлін атқарып тұрады. Осы себептерді ескерсек, ұсынылған сутек газын алу әдісі өте
тиімді әдіс деп есептеуге болады.
ӘДЕБИЕТ
1
http://novostinauki.ru/news/53176/
2
Источники энергии. Факты, проблемы, решения.–М.: Наука и техника, 1997.–110 с.
3
Мировая энергетика: прогноз развития 2020 г./ пер. с англ. Под ред.
Ю.Н.Старшикова.–М.: Энергия, 1990.–256 с.
4
www.stirling.ru
5
Справочник. «Водород. Свойства, получение, хранение». М.: Химия, 1989.–155с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет