Алюминий мен судың



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі145,36 Kb.
#96953
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Baewov..Turlybekova

Тәжірибе әдістемесі
Алдын ала жүргізілген көптеген зерттеулер негізінде алюминий мен дистилденген
таза судың бөлме температурасында әрекеттесуіне белгілі бір қосылыс (κ) катализатор
рөлін атқаратындығын көрсетті. Зерттеу көлемі 250 мл-ге тең стаканда жүргізілді. Ыдысқа
белгілі бір концентрацияда катализаторы бар дистилденген су құйылады. Стаканның
түбіне беттік ауданы 24 см
2
алюминий пластинкасы орналастырады да, оның жоғарғы
жағына төңкеріліп қойылған воронка орналастырылып, воронканың жоғарғы жіңішке
бөлігі бюреткаға жалғанады (сурет). Зерттеулер бөлме температурасында жүргізілді.
Үдеріс кезінде, су құрамындағы катализатор әсерінен алюминийдің бетіндегі берік тотық
қабаты (
бұзылып, алюминий сумен оңай әрекеттесіп, сутектің бөліну
реакциясы іске аса бастайды:
Реакция нәтижесінде бөлініп жатқан сутек, бюреткада толтырылған суды ығыстыра
бастайды, ал оның көлеміне қарап, бөлініп жатқан сутек газының көлемін дәл анықтауға
болады. Ренгенді-фазалық талдау стакан түбінде түзілген тұнба алюминий (ΙΙΙ)
гидрототығы екенін көрсетті. Ерітіндіге аз мөлшерде қосылған катализатор, алюминий
түгел еріп кеткенге дейін жұмыс істей беретіндігі анықталды.


1-сурет – Катализатор қатысында су мен
алюминийдің әрекеттесу нәтижесінде сутек
газын алу үшін қолданылған қондырғының
принципті түрдегі сұлбасы: 1 – стакан; 
2 – катализатор иондары бар су; 3 –
бөлінетін сутек газы көлемін анықтауға
арналған бюретка; 
4 – алюминий пластинкасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет