Амалбекова Гульмира Амалбековна Баялиев Улугбек Абдусаматович Тажиев Абдирашид Абдимажитович Маханова Айнур Таджибаевна абай мен əл-фараби


Ислам дәуірі әдебиеті Этикалық-дидактикалық поэзия



бет3/9
Дата12.06.2020
өлшемі198,25 Kb.
#73290
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АБАЙ ЖӘНЕ (1) (1)

Ислам дәуірі әдебиеті Этикалық-дидактикалық поэзия

Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (Х-ХІ!ғасыр-

лар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин-

ұғымды алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған

ғалымдар Ф. Көпрүлузаде (240, 37), Н. Банарлы (233, 151) және

Г. Грюнебаум (118, 20) еді. Ал Ахмет Байтұрсынов бүкіл түркі халықтарының Х-ХІ! ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуірі әдебиеті» деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым-түсінікті бертін келе қалыптасқан қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлу процесінде зор білгірлікпен нақтылай түскен сияқты. Ол қазақ әдебиеті тарихына талдау жасай келіп. оны төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады: «Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты -Тілдіұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1. Діндар дәуір, 2. Ділмар дәуір. Діндар - діншіл деген мағынада, ділмар -тілше деген мағынадағы сөздер» (18, 262-263).


Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жерін бір кезде мекен еткен

түркі халықтарының тарихында Х-ХИ ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа басқышы болды. Бүлкезде түркі қауымын айдай әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Йассауи, т. б. тарих сахнасына шықты. Басқаша айтсақ, Х-ХІ! ғасырлар «түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу - ренессанс дәуірі болды» (240, 36). Сондай-ақ енді ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы шығармалар бұрынғыдай араб тілінде емес, жергілікті халықтардың өз тіліңде,яғни түркі тілінде жазыла бастады. Араб тілі мемлекеттік тіл болу-данқалды. Елбасқару ісін де түркі халықтарынан шыққан әкімдер қолға алды. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес еді. Бұл өзгерістердің бірнеше ғасыр бойы дайындалып келе жатқан тарихи алғы-шарттары бар болатын.

Ұлы Түрік қағанаты - өзінің ішкі қайшылықтары мен сыртқы

қысымның салдарынан екіге бөлініп кеткені (Батыс және Шығыс түрік

қағанаттары) тарихтан жақсы мәлім. Ұлан-ғайыр өлкені иеленіп,

әлемді аузына қаратып тұрғанұлы Түрік қағанатының өзінен кейінгі ұрпағына қалдырған мұрасын «тым аз» депте, «қыруар көп» депте бағалауға болар еді. Тым аз дейтін себебіміз - Түрік қағанаты тұсында салынғанға жайып кент-қалалар, зәулім сарайлар, құнды дүние-жиһаздар жау қолынан қирап, көл-көсір қазына-байлығы қадым замандарда-ақ талан-таражға түсіп кетті. Ал қыруар көп дейтін себебіміз - данышпан бабаларымыздың ұшқыр ақыл-парасатынан туған ең асыл мұралар - көнетүркі әріптері, яғни руналық жазбалар мен «Күлтегін», «Тоныкөк» сияқты батырлық жырлары біздің заманымызға сол күйіңде жетті.

Міне, сол ерлік істері аңызға айналған Көк түріктер өздерінің

«елдігінен. қағандығынан айрылып», «бек ұлдары құл», «пәк қыздары күң болған» зарлы замандардан кейін, араға екі жүз елу жылдай уақыт салып барып қана қайтадан өз мемлекетін орнату мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл үшін күллі түркі қауымы бас қосып, жат жұрттықтар -Самани әулеті (819-999) билік жүргізген мемлекеттің күлін көкке ұшырды. Ақырытүркі жұрты Шығыс Түркістан, Жетісу және Мауеран- нахр жерінің едәуір бөлігін қамтыған жаңа мемлекет құрды. Түркілер барлық әкімшілік билікті өз қолдарына алды. Түркілердің бұл қауым-

дастық бірлестігі - алғашқы ханы Әбділкәрім Сатұқ Қараханның (915--

955) есімімен аталып, тарихқа «Қарахан мемлекеті» (942-1212) деген атпен енген. Сатұқ ханды кезінде Богра хан деп те атай берген. Ал ресми құжаттарда «Қара қаған» («Бас хан») немесе «Тамғаш қаған»

(«Хандардың ханы») деп жазатын болған.
Алайда Х-Хіғасырларда ұлан-ғайыр Еуразия аймағын түгел қам-

тыған тарихта бұрын-соңды болып көрмеген жойқын соғыстар, рухани шайқастар жүріп жатты. Бұл шайқас жер үшін де емес, байлық үшін де емес, діни үстемдік жүргізу үшін болып жатқан күрес еді.Көп жылдарға созылған түрлі шайқастар мен айтыс-тартыстардан кейін Сатұқтың баласы Мұсатаққа отырған кезден (960 жыл) бастап,

Қарахан мемлекетінің ресми Діні - ислам деп жарияланды. Алайда түрлі діни көзқарастар арасындағы күрес бір сәтке де тоқтамай, көп жылдар бойы жалғаса берді. Мәселен, Қыпшақ даласына христиан Дінін тарату үшін Римдегі католик шіркеулері де аянбай-ақ күш са-лып бақты. Ватикандағы католик дін басқармасы Орта Азия мен Қып- шақ даласына Кавказ арқылы қайта-қайта миссионерлер экспедициясын жіберіп тұрғаны мәлім. Бұл іске тіпті Франция королі ІХ

Людовиктің (12 М- 1270) өзі тікелей араласады. Корольдің тапсыруы бойынша 1253 жылы француз монахы Вильгельм Рубрук (1220- 1293)

Монғолияға елшілікке аттанады. Экспедицияның негізгі мақсаты -ұлан-ғайыр далада мал бағып жүрген комаңдар (қыпшақтар) арасыңда христиандінін тарату еді. Бұлтуралы Рубрук өзінің Рим като-пик басқармасына жазған құпия-хатында егжей-тегжейлі баяңдайды

(94. 31-32). Римдіни басқармасы қадым замаңша Қыпшақ даласынан «жеті кәсем бастап» қазіргі Венгрияға көшіп кеткен христиан дініңдегі мадиярлардың бір тобын жинап, христиан Дінін уағыздау үшін «өздерінің байырғы отандарына» жібереді. Бұл туралы Ватикан архивінен «О сушцестнонании Великой Венгрии, обнаруженном братом Рихардом во время господина папы Григория денятого» деп аталатын құжат табылған (94. 30- 33).


Міне, осыңдай діндер шайқасы үдеп тұрған кезенде ислам дінін

бұрынғыдай арабтар емес, еңді жергілікті түркілердің өздері белсенді

түрде таратуға кірісіп кеткен еді. Бұл туралы ислам тарихы мен

әдебиетін зерттеуші белгілі неміс ғалымы Г. Э. Грюнебаум

төмендегідей тұжырым жасайды: «Иранские актеры покинули сцену,тюркизация власти во вновь возникавших многоэтнических государств(дар-аль ислам)стала неизбежной, тюрки возглавили новую широкую волну мусульманской экспансии» (118, 140).
Қыпшақ даласыңдағы түрлі ру-тайпалар, бір жағынан, исламдінін қабылдай отырып, екінші жағынан, өздерінің бұрынғы Көк Тәңірісіне табынуынан туындайтын мәжусилік (зороастризм) наным-сенімін де сақтап қалды. Дәлірек айтсақ, жаңадан келген ислам діні мен Көк тәңірісіне табыну Діні тоғысты. Гуманистік көзқарасты, адамгершілікпен имандылықты басшылыққа алған ислам діні басым түсті. Соның

өзіңде ислам діні жергілікті жерлерде өзінен бұрынғы түркілер сан ғасырлар бойы табынып келген Көк тәңірісі дінінің ең жақсы қағида-ларын өз бойына сіңіріп алды. Бірте-бірте Қыпшақ даласында осы екі діннің өзіңдік бір көрінісі пайда болды. Бұл сенім-ұғым бойынша, қыпшақтар ислам қағидаларын да орыңдап, Көк тәңірісі мената-ба-

балар аруағына да сиынып келді.
Алайда жаңадан құрылған Қарахан мемлекеті үшін бұл тарихи

кезеңдегі ең басты мәселе- елді басқарудың жаңа дәуір талаптары-на сай келетін идеологиясын жасап алу еді. Бүлидеология жаңадан қабылданған ислам дінінің қағида-шарттарына негізделуі тиіс болатын. Дәлірек айтсақ, мемлекетті басқарудың исламға негізделген әлеуметтік-этикалық нормаларын белгілеу қажет болды.


Міне, осы қажеттілікті өтеу үшін Әл-Фарабидің «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», Ибн Синаның «Даныш-намесі» («Білім кітабы»),

Әл-Бирунидің «Хикметтері» («Даналық сөздері»), Махмұт Қашқаридің «Түркі тілдерінің жинағы», Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары жайындағы атақты «Құтадғу біліг» («Құтты білік») дастаны, Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабы, Ахмет Йассауидің «Диуани хикметі» («Ақыл кітабы»), т. б. өмірге келді. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтитын жоғарыда аталған шығармалар үкімет

билігін жаңадан қолға алған, түркі тектес жергілікті халықтардан шыққан әкімдер үшін аса маңызды болып табылатын ең басты сауалдарға жауап берді. Бұл сауалдар: мемлекетті басқаратын билеушілер, жергілікті әкімдер ақыл-парасаты, білімі, адамгершілігі жағынан қандай адам болуы керек, сондай-ақ ел билеушілер мен қарапайым халықтың өзара қарым-қатынасы қаңдай болуы тиіс, ақыл-парасат-

тың, білімнің, мінез-құлықтың қоғамдағы рөлі қандай деген сияқты сұрақтар еді. Әсіресе этикалық, моральдық мәселелерге қатысты шешілмей тұрған теориялық проблемалар көп болатын. Солсебепті ислам дәуіріңде этикалық-моральдық тақырыптағы туындылар көбірек жазылды.


Міне, осылайша ислам әлемі («дар әл-ислам») мен христиан

әлемі («дар әл-харб») тынымсыз шайқас жүргізіп жатқан дәуірде

бүкіл түркі жұртының даңқын асырып, түркілерді әлемге таныт-

қанэнциклопедист-ғұламалар тарихи аренаға шыққан еді. Бұлар

ғылымның сан саласында қыруар жаңалықтар ашқан ғұламалар

әрі өздері өмір сүрген дәуірдің аса көрнекті сөз зергерлері, ақын-

дары болатын. Бүкіл түркі әлемінің осы бір тарихи бетбұрыс

кезеңінде өмір сүрген ғұламалар мен шайырлардың әлеуметтік

көзқарасы мен дүниетанымы ғылым мен әдебиеттің болашағын

айқындап бергендей еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет