Әбу Наср әл-Фараби – энциклопедист ғалым
Әбу Наср әл-Фараби - энциклопедист-ғалым, философ, матема-
тик, музыка теоретигі, әдебиет зерттеушісі, ақын.
Кезіңде оны ғылыми қауым «екінші ұстаз» («Муаллим ас-соний») депте атаған. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден
кейінгі екінші ғұламасы саналған.
Әл-Фараби 870 жылы Қыпшақ даласындағы Отырар қаласында
әскери қызметкердің отбасында өмірге келген. Отырар қаласын
кезінде Тұрарбант, Тарбану, Фараб дептүрліше атаған. Ал қыпшақтар оны «Қарашоқы» қаласы дейтін болған. ибн Узлағ әл-Фараби деп айтылады. Тарихи деректер бойынша, Әл-Фараби орта бойлы, мығым денелі, қайратты да қайсар, батылкісі екен. Бала кезінен-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоз әрі садақпен құралайды көзге атқан мерғен болыпты.
Жастайынан зерек, оқу-білімге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін Отырарда қыпшақ тіліңде алады. Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батысты жалғастырып тұрған Отырар қаласының барынша гүлденіп, әлемге мәшһүр болған шағында болашақ ғұлама осындағы медреселердің бірінде оқып жүреді.
Отырар медресесін бітірген соң Әл-Фараби өз білімін арттыра
түсу мақсатымен сол кездегі ғылым мен мәдениет ошағы саналған
Шам (Бағдат) шаһарына аттанады. Осысапарында ол Шаш (Ташкент),Самарқан. Исфақан, Хамадан қалаларында болып, Шығыстың көптеген ғұламаларымен, ақындарымен, өнер адамдарымен танысып,сұхбат құрады. Кейінірек ол Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо) шаһар-ларыменде ганысады. Мұңдағы бірқатар белгілі ғалымдармен, ақындармен достасып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |