48
макрозерттеулер қостілділік мәселесіне арналған еңбектерде жиі
кездеседі: бұларда түрлі тілдердегі сөйлеушілер саны, тілдердің
қызметтік жүктемелері, тілдік интерференция мәселелері сөз бо-
лады.
Тілдің нормалануы мен кодификациялануы, сондай-ақ тіл сая-
саты мен тілдік дамуды жоспарлау мен реттеу мәселелері алдымен
макроәлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттеледі. Өйткені
олар, әдетте, сол тілді тұтынушы барлық халықтың мүддесін
қозғайды. Мысалы, бір мемлекетте тұратын аз санды халықтар
тілі жөніндегі мемлекеттік тіл саясатын айтқанда зерттеуші сол
этностың жекелеген өкілдері емес, бүтіндей этнос мүддесіне
қатысты мәселеге соқпай кете алмайды. Сол сияқты тілдік
жағдаят мәселесі де алдымен макромакроәлеуметтік лингвистика
тұрғысынан сөз болады.
Соңғы жылдары социолингвистер өз назарларын тілдер қарым-
қатынасының тағы бір үлкен мәселесіне аударуда. Бүгінгі таңдағы
бұл өзекті мәселе – тілдік дау-дамай (конфликт) болып отыр.
Осыған байланысты әлеуметтік лингвистикалық зерттеулердің
жаңа түрі – лингвистикалық дау-дамайтану (конфликтология)
туып, қалыптасуда. Адамзат қоғамында пайда болып отырған дау-
дамайды саясаттанушылар, психологтар, әлеуметтанушылар, эт-
нографтар зерттейді, сондықтан оған лингвистикалық анықтама
беру – өмір талабы.
Тілдік дау-дамайдың негізінде әлеуметтік және экономикалық
себептер жатады, сондықтан қандай да бір дау-дамайды жеке
адамдық немесе топтық деңгейде емес, макродеңгейде қарастырған
абзал.
Достарыңызбен бөлісу: