77
салаларының дамуымен ажырамас байланыста қарастыруға жағдай
туғызады дей келе: «Судьба любого языка, его роль и назначении
в жизни общества, перспиктивы его функционирования зависят от
его общественных функций»,- деп атап көрсетеді [31,65-70.].
Тілдің қоғамдағы нақтылы қызмет ауқымы оны қолданылатын
өмір салалары бойынша қарастырғанда анықталады. «Өмір са-
ласы» ұғымы адамдардың өмірде өзара араласуындағы қарым-
қатынасының белгілі бір тіл көмегімен жүзеге асырылатын нақты
кеңістігі дегенді білдіреді [28,75.].
Тілдің қоғамдық өмірдің нақты бір саласында қолданылуы оның
нақты қызметі де, ал оның қолданылатын орындары бойынша са-
ралануы қоғамдық қызметі болып табылады. Олардың көпшілігі
белгілі бір тұрақтылықты бола бермейді, керісінше, объективті
өзгерімпаздыққа ие. Мұны бүгінгі өмір шындығымен дәлелдеуге
болады. Айалық, шарушылықтың нарықтық түріне
өту мынадай
салалардың: банкілік қызмет, маркетинг, менеджмент т.б. дамуына
түрткі болды. Бұл салалардың пайда болуы соларға сәйкес қатынас
түрлерінің қарқынды дамуын туғызды. Демек, уақыт өткен сайын
бүгінгі күнде зерттелді деп танылған өмір салаларының саны мен
мазмұны не азаяды, не ұлғаяды. Ол қоғамның әлеуметтік, мәдени,
саяси және экономикалық дамуына байланысты. Сондықтан
олардың толық санын көрсету қиын. Десек те социолингвист
ғалымдар тарапынан тілдің қоғамдық қызмет аясын анықтауда
әр саланың іштей кішігірім сала-салаға бөлінетіндігін ескере
отырып, негізгі өмір салаларының санын көрсетіп жүр. Мысалы,
Л.Б.Никольский тіл қолданылатын салаларды алтыға, В.А.Аврорин
он екіге, Ә.Орысбаев он үш негізгі сала мен алпыс бес қосымша
саланы атайды. Ал Қазақстандық
белгілі социолингвист-ғалым
Б.Хасанұлы қазақ тілінің Қазақстанда қоғамдық өмірдің он бес
негізгі саласы мен елу жеті қосалқы саласында (подсфера), яғни
жетпіс екі салада қолданылатынын көрсетсе, орыс тілінің он сегіз
негізгі салада және алпыс жеті қосалқы салада, барлығы сексен
бес өмір саласында пайдаланатынын атайды [28,177.].
Осыған дейін айтылғандарды жинақтай келсек,
тілдің жеке
78
адамның, сондай-ақ бүтіндей қоғамның өте кең көлемдегі қарым-
қатынастық қажеттілігін өтейтіндігін көреміз. Адамның түрлі
салаларындағы іс әрекетіне байланысты -өндірістегі, білімдегі,
ғылымдағы, мәдениеттегі, саудадағы, тұрмыстағы т.б. – тілдің
әртүрлі қолданылу салаларын саралап көрсетуге болады. Біз осы-
ны мысал ретінде Алматы облысының тілдік ахалы негізінде мем-
лекеттік тіл – қазақ тілінің кейбір өмір салаларындағы қолданыс
аясы тұрғысынан қарастырып көрейік.
Жалпы Алматы облысының аумағында қазақ кездеспейтін жер
жоқ десек, соған сәйкес облыста қазақ тілі қолданылмайтын өмір
саласы да жоқ. Бұған облыс көлемінде тіл дамыту барысында
атқарылып жатқан жұмыстарды айтуға болады.
Облыстағы тілдік жағдайға мониторинг пен талдау жүргізетін
автоматтандырылған жүйесін қолдану арқылы облыстық және
жергілікті атқарушы органдарындағы кіріс-шығыс құжаттарына ай
сайын мониторинг жасалады. Соның нәтижесінде облыс бойынша
мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 97 пайызды құрап отыр.
Облыстағы тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында
зерделеу, тексеру, сауалнама жүргізу жұмыстары жоспарлы
түрде жүргізіліп келеді. Жалпы
облыста тіл мәселесі бойын-
ша атқарар жұмыстардың ауқымы кең. Мемлекеттік тілді оқыту
стандарттарын жетілдіруге, ономастика мәселесін біріздендіруге,
көрнекі ақпаратты заң талаптарына сәйкестендіруге, сондай-ақ
нәтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу жүйесін енгізу-
ге бағытталған жұмыстар ұйымдастырылуда.
Мемлекеттік тіл
мәселесімен айналысатын құрылымдар мамандарының жауап-
кершілігі мен талаптары күшейтіліп, мемлекеттік тілді оқыту
орталықтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту,
әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік тіл – әлемдегі елдердің қай-қайсысында бол-
масын
Достарыңызбен бөлісу: