Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет67/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111
Орыстар
 
аймаққа қарайтын барлық облыстарда бар, үш облы-
ста барлық тұрғындардың ішінде қазақтаран кейінгі екінші орын-
ды алса, бір облыста (Оңтүстік Қазақстан) үшінші орныды алады. 


134
Орыстар аймақ халқының 9,7 пайызын құрайды. Олардың 55,6% 
қалада, 44,4% ауылда тұрады. 45,1% ер, 54,9% әйелдер.
Соңғы санақ мәліметінде орыстардың 96,6% өз ұлтының тілін 
ана тілім санаса, 3,4% басқа этностың тілін ана тілім деп есептейді. 
Халақ санағының мәліметінде 15 жас және одан жоғары 
жастағылардың ішінде орыс тілін ауызша түсінемін дейтіндер 
90,9
% құраса, олардың 77,1% еркін оқи аламын, 76,1% еркін жаза 
аламын деп көрсеткен. Ал орыстардың өз этносының тілін сол 
жастағылардың 97,4% ауызша түсінемін, 96,4% еркін оқи аламын, 
95,0% еркін жаза аламын деп мәлімдеген.
Орыс тілін орыстардың өздерінен де жақсы меңгерген бірша-
ма көп санды болып келетін этностар ішінде алдымен кәрістерді 
(98,2%), украиндарды (98,1 %) татарларды (97,8%) айтуға болады.
Өзбектер 
– тұрғындар ішіндегі сандық үлесі жағынан 
үшінші орынды алатын этностардың бірі. Олар аймақ халқының 
7,2 пайызын құрайды. Олардың басым бөлігі ауылдық жер-
лерге қоныстанған (Өзбекстанмен шекаралас аудандарда жиі 
қоныстанған) яғни 64,5% ауылда тұрады. Қалада тұратыны - 
35,5%. Өзбектер көбінесе Оңтүстік Қазақстан облысында шоғыр 
орналасқан, облыс халқының 16,3 пайыз құрайды. Олар әсіресе 
Сайрам ауданында өте шоғыр қоныстанған, бұл ауданында 
олардың саны қазақтардың екі есеге көп. Барлық тұрғындардың 
60,5% құрайды. Сондай-ақ өзбектер Түркістан қаласында (33,4%), 
Кентау (26,0%), Төле би ауданында (14,4%), Шымкентте (6,3%) 
көптеп кездеседі. Жамбыл облысында Тараз қаласында (6,3%), 
Мерке ауданында (2,1%) біршама шоғыр қоныстанса, қалған об-
лыстарда мұндай емес, шашыраңқы қоныстанған.
Өзбектердің ішінде өз ұлтының тілін ана тілім деп санайтыны 
– 97,0%, қалған – 3,0% өзге этнос тілін ана тілім деп қабылдаған.
Аймақтағы өзбектердің 15 жас және адам жоғары жастағылардың 
ішінде 96,7% қазақ тілін ауызша түсінетіндігін,76,2% еркін оқи 
алатыны және 63,3% еркін жаза алатынын санақ қорытындысында 
мәлімдеген. Ал орыс тілін сол жастағы өзбектердің 93,0% ауызша 
түсінемін, оның ішінде 78,9% еркін оқи аламын, 68,3% еркін жаза 
аламын деп көрсеткен.


135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет