138
олар 100% өзге тілді ана тілім деп санайды. Сол сияқты аймаққа
қарайтын төрт облыстағы кейбір көп санды болып келетін этно-
стар да, шамамен жартысынан астамы, өз ана тілін жоғалтып, өзге
тілді ана тілін деп санайды. Олар: белорустар (72,4), украиндар
(67,3%), немістер (66,0%), поляктар (58,0%) т.б.
Міне, осы және басқа да жағдайлар мен әралуан факторлар
елімізде тіл саясатын дұрыс бағытта жүргізуге, елде және оның
аймақтарында қалыптасқан тілдік ахуалға нақтылы әлеуметтік
лигвистикалық талдау жүргізуді, сипаттама, баға беруді керек
етеді. Бұл өз кезегінде халықтың тілдік бағыт-бағдарын дұрыс
анықтауда, әсіресе мемлекеттік тілдік коғам өміріне енуі, меңгеруі,
оқылуы, қажеттіліктің пайда болуы не болмауы т.б. мәселелеріне,
сондай-ақ халықтың орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі
халықтың сұранысы, олардың мемлекеттік тілді дамытудағы орны
мен рөлін анықтауға жәрдемдеседі.
Қазақстандық диаспоралардың өз этикалық тілдерін білу
деңгейі, олардың қазақ және орыс тілдерін меңгеруі, қоғамдық,
көпұлттылық мәселелері, тілдердің өзара қарыс-қатынасы, әсері,
жақындасуы т.б. мәселелер қамтылып, зерттелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: