146
Әлемнің белгілі бір бөлігін көрсететін түсініктер жүйесі
теория
деп аталады. Қандай да бір теорияны жетілдіру үшін үнемі оның
негізгі ұғым-түсініктерінің ара жігін ашып, нақтылап отыру керек.
Әсіресе базистік (тірек) түсініктер төңірегіндегі терминологиялық
әр түрлілік мамандар арасындағы қарым-қатынасты қиындатады,
теорияның дамуын тоқыратады.
Қостілділік, көптілділік, біртілділік мәселелерін жан-жақты
қамтитын тілдер қарым-қатынасының
теориясы да осындай әр
алуандықты бастан кешіруде. Оның бастысы көпшілік қабылдаған
терминологиялық жүйесінің болмауы.
4.5.1 Диглоссия мен билингвизм
«Диглоссия» ұғымы мен терминін 1959 жылы ғылыми
айналымға американдық ғалым Ч.Фергюсон енгізді. Бұған дейін
лингвистикада (қазіргі күнде де жиі пайдаланылатын) халықаралық
термин билингвизм қолданылды.
Алдымен жаңа ұғым – диглоссияның не үшін қажет болғанын,
билингвизм деген терминнің не құпиясы
бар екенінне қышқаша
түсінік берейік.
Ұлттық тілдің кіші жүйелерін сипаттайтын жоғарыда айтылған
(әдеби тіл, ауызекі сөлеу тілі, диалекті, койне, креоль, жоргон
т.б.) терминдер табиғи тілдің әралуандығын көрсетеді.
Олардың
қалыптасуы мен қызмет етуі қоғамның дифференциялылығы-
мен және олардың қарым-қатынас қажеттігінің әр түрлілігімен
анықталады.
Бұлардың кейбіреулерінің өз тұтынушылары бар, яғни ұлттық
тілдің сол түрінде ғана (жергілікті диалекті,
ауызекі сөйлеу
тілі) сөйлесетіндер болады. Ал қалған өзге түрлері қатынастың
қосымша құралы ретінде қызмет етеді. Мысалы, студент алдымен
«өз» ортасында өзі сияқтылармен студенттік жаргонды қолданса,
қалған жағдаяттарда әдеби тіл құралдарын пайдаланады. Кәсіби
жаргондар да сол сияқты: компьютер бағдарламашылары мен опе-
раторлар кәсіби тақырыптағы қатынаста компьютерлік жаргонды
147
пайдаланады. Ал
одан тысқары, өзінің кәсіби ортасынан бөлек
жерде жалпы әдеби тілдің сөздері мен құрылысын пайдаланады.
Осындай бір ұлттық тілдің түрлі кіші жүйелерін әр алу-
ан жағдаят пен қатынас саласына
байланысты қолданылыуын
Достарыңызбен бөлісу: