Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет76/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111
4.5.5 Тілдік әсер бағыты
Қостілділіктің пайда болуындағы тілдік әсер бағыты әдетте өзара 
қатынастағы тілдік ұжымдардың санына немесе оның қоғамдық 
қатынастарының ерекшелігіне байланыстырады. Айталық, аз сан-
ды тілдік ұжым көп сандыларға қарағанда қостілділікке бейім бо-
латыны анықталған жайт. Сондай-ақ қоғамдық байланыстарының 
ерекшеліктеріне қарай белгілі бір әлеуметтік топтағылар (мысалы, 
шаруалар, аңшылар) басқа кәсіби топтың өкілдеріне (мысалы, са-
удагерлер, қолөнершілер т.б.) қарағанда қостілділікке бейімділігі 
төменгі дәрежеде болады.
Алайда, тәжірибеде аталған тенденцияларға қарама-қарсы ке-
летін жағдайлар да кездеседі. Мысалы Индияда салыстырмалы 
түрде өте аз тілдік ұжымдар (телугу, бенгальдер, маратхи, та-
милдер т.б.) 180 млн астам адам сөйлейтін хинди тілінің әсеріне 
қарсылық танытады.
Бұл заңдылықты былайша түсіндіруге болады: егер тіл-
дік бөгетті жеңуге практикалық қажеттілік пайда болса, онда 


153
қостілділікке бейім болатындар қоғамдық қызметі аз, нашар 
болып келетін тілдік топ өкілдері болып табылады. Басқаша 
айтқанда, тілдік әсер бағыты, яғни кім қай тілді меңгеретіні өзара 
қатынастағы әлеуметтік топтар тілдерінің қызметтік жүктемесінің 
әр түрлілігімен анықталады. Міне, сондықтан да диглоссия 
жағдайында үй шаруашылығы саласын ғана қамтамасыз ететін 
диалект көпқызметті әдеби тілмен қарсыласа алмайды. Мысалы, 
Германиядағы лужин тілі (диалекті) неміс әдеби тіліне қарағанда 
атқаратын қызметі аз, қоғамдық өмір салаларында қолдануылуы 
өте сирек. Сондықтан да қостілді немістер емес, лужистер болады. 
Біздің жағдайымызда қазақ тілінің орыс тіліне қарағанда қоғамда 
атқаратын қызметі аз, қолданыс аясы әлі де жетілдіруді қажет 
етеді. Демек, бұл қазақтардың көпшілік бөлігінің қостілді балуы-
на әсер етіп отыр.
Егер екі тілдің қоғамда атқаратын қызметі бірдей болса, онда 
оларда қостілділікке итермелейтін күш те тең болады. Сондықтан 
да Индияның кейбір жоғарыда аталған әдеби дәстүрі ертеден 
қалыптасқан, қоғамдық қызметі дамыған тілдері (талил, бенгал, 
маратхи т.б.) билингвизмде хинди тіліне тойтарыс беріп отыр.
Осыдан көріп отырғанымыздай қостілділік жағдайында тілдік 
әсер бағыты тілдің қоғамда атқаратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет