Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы
Тұрақты даму барған сайын қазіргі әлемдегі қоғамдык
процестердің ұтымды жүруінің негізгі өлшеміне айналып ке-
леді. Ал тұрақты дамудың шарттарының бірі - ұлтаралық
қатынастардың тұрақтылығы болып табылады. Көп ұлтты мемле-
кетте этностардың жарасты өмір сүруіне, ұлтаралық бейбітшілік
пен келісімнің сақталуына тіл саясаты ықпал етуге тиіс.
Жекелеген этностардың үйлесімді, тұрақты дамуы ұлттық
мәдениеттің негізі - этнос тілінің сақталуына мүмкіндік жасайтын
тіл саясатының жүргізілуін керек етеді. Мұның өзі республика-
да мәдениеттердің бір-біріне ықпал жасап, бірін бірі байытуына,
олардың одан әрі дамуына жағдай жасайды.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі жаңа әлеуметтік-
саяси болмысы - елдің көп ұлтты халқының қажеттіліктерін
өтейтін және тілдік, демографиялық, сондай-ақ саяси ахуалдың
ерекшеліктерін ескеретін тіл саясатын талап етіп отыр. Ол өзекті
тіл мәселелерін шешуде өзінің тиімділігі мен нөтижелілігін іс
199
жүзінде көрсететін пәрменді факторға айналуға тиіс. Елде біртұтас
тіл саясатын жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық
бірлестіктердің, діни және басқа да ұйымдардың күш-жігерінің
үйлесімділігі қажет.
Осы тұжырымдаманың мақсаты – өтпелі кезеңде тілдердің
сақталу және қызмет ету саласындағы мемлекеттік саясат стра-
тегиясын әзірлеу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға
жағдай туғызу жөніндегі мемлекет міндеттерін айқындау.
Тұжырымдаманың міндеті: Қазақстан Республикасының Кон-
ституциясына сай тілдік дамудың басым бағыттарын, тілдердің
қызмет ету тетіктерін айқындау.
Тілдік ахуалдың сипаттамасы
Тілдік ахуал – бұл тілдің қоғамда нақты қолданылуының
көрінісі. Оның пайда болуы және одан әрі қалыптасуы түрлі
жағдайларға, атап айтқанда, тілдік және тілдік емес (әлеуметтік,
саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи, географиялық, т. б.)
факторлардың өзара әсеріне байланысты.
Қоғамның тіл өміріне саналы түрде араласуы, жеке адам-
нан бастап мемлекетке дейінгі деңгейде сан-саласы ыкпал
жасаудың мүмкіндіктерін қамтиды. Қазіргі Қазақстан қоғамында
әлеуметтік-коммуникативтік жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп
жатыр. Әркімнің өзі пайдаланатын ана тілін қолдап пікір біл-
діру мүмкіндіктері артты. Алайда көп жағдайда бұл қолдану
субъективті сипат алып, геосаяси ерекшеліктерді, мемлекеттік
мүдделерді және өзге де этностардың тілдік мүдделерін ескере
бермейді. Сондықтан да көп ұлтты қоғамда тілдік процестерді
саясаттанушылардың, әлеуметтанушылар-дың, заңгерлердің және
тілшілердің талдап түсіндіріп отыруы маңызды болмақ.
Пәрменді мемлекеттік тіл саясатын жасау нақты тілдік ахуалға
сәйкес келетін баға беруді көздейді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда іс жүзінде тілдердің саналуандығы
орын алып отыр, мұнда жүзден астам тіл қолданылып жүр. Елімізде-
гі этникалық топтар тілдері өздерінің атқаратын функцияларының
көлемі жағынан да бірдей емес.
200
Қолданылып отырған шараларға қарамастан, қазақ тілінің
мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру әлі мүмкін болмай
отыр. Мұның негізгі себебі - тіл мәртебесі тек ресми тұрғыдан
жарияланғанмен, оның жер-жерде үйретілуі мен қолданылуын
жүзеге асырар тетік күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде іске
қосылмай отыр. Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік
қарым-қатынас жасау қосалқы сипатта ғана.
Қазақ тілінің өзекті мәселелері оның шын мәнінде мемлекет-
тік тіл мәртебесін иеленуімен шектелмейді. Ең алдымен, қазіргі
қазақ тілінің ахуалының өзі, оның дамуы мен баюына байланы-
сты проблемалар ғалымдардың, мамандардың, оқытушылардың
айрықша көңіл бөлуін қажет ететін мәселе. Бұл жерде әңгіме
жаңа әлеуметтік-мәдени болмысты бейнелеуде өзге әлемдік тіл-
дермен қарым-қатынас жасау және тілдің ішкі әлеуетін пайдалану
арқылы оның мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде болып отыр. Тілде
орныққан кірме сөздер мен халықаралық терминдерден бас тарту
арқылы тіл «тазалығын» қамтамасыз етуді күшейтетін күмәнді ни-
етке де немқұрайлы қарауға болмайды.
Сонымен қатар республикадағы өзге ұлттық топтардың тіл-
дерін қолдануда аса күрделі проблемалар бар.
Балаларға ана тілдерінде тәрбие беру және оқыту республиканың
мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің бесеуінде, ал жал-
пы білім беретін мектептердің жетеуінде жүзеге асырылуда. Ұлт
өкілдері шоғырланған жерлерден 14 ана тілін мектеп оқшылары, 6
ана тілін мектеп жасына дейінгі балалар үйренуде.
Сонымен қатар этникалық топтардың балаларын балалар
бақшасында, мектептерде ана тілінде тәрбиелеу қажеттіктері
де толық дәрежеде қанағаттандырылмай келеді. Оқулықтар, үй-
жайлар, білікті мамандар же-тіспейді. Қазіргі таңда республиканың
жоғары оку орындарында неміс, ұйғыр, поляк, түрік, корей,
азербайжан жөне басқа тілдер бойынша мамандар дайындалып
жатқанына қарамастан, олар сан жағынан да, тіл жағынан да қажет
мөлшерге жете алмай жатыр.
Қазақстандық этникалық топтардың негізгі бөлігі тұратын мем-
201
лекеттермен білім беру саласындағы байланысты едәуір күшейту
қажет.
Тиісті кұқықтық базаның болмауы салдарынан тілдерді дамы-
ту және қолдау жөніндегі жұмыстарға жауап беретін мемлекеттік
органдардың үйлестіру жұмысына біртұтас негіз жасалынған жоқ.
Бүгінгі жағдай еліміздің әр түрлі аймақтарындағы тілдік про-
цестерді объективті түрде ғылыми зерттеу жөне тілдік орта жасау
жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу қажеттігін талап етеді. Бұл рет-
те тілдің іс жүзінде таралуын және оның қоғамдық функцияларын
кеңейту жөніндегі нақтылы мүмкіндіктерді ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |