6 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Қазақстандағы әлеуметтік лингвистика бұрынғы КСРО-дағы
әлеуметтік лингвистикалық бағыттың негізінде қалыптасты.
Еліміздің тәуелсіздік алғанынан бергі жылдарда республикадағы
тілдік жағдаят, тіл саясаты, оның өзіндік бағыттары арнайы
зерттелді. Еліміздің өзіндік тілдік құрылысы және онымен бай-
ланысты мәселелер ғылыми шешімін таба бастады. Бұл бағытта
Б.Хасанұлы, М.М. Копыленко, А.Е. Карлинский, М.К.Исаев, Э.Д
Сүлейменова, З.К.Ахметжанова, С.Т.Сайна, Н.Ж.Шаймерденова
т.б. аға буын ғалымдармен қатар, К.М Байбосынова, А.М.Құмарова,
А.Абасилов, Г.С.Суюнова, С.А.Асанбаева, Д.Ж. Қасымова,
Г.Д.Алдабергенова, Г.М.Әлімжанова, т.б. жас ғалымдардың еңбек-
терін атауға болады.
Қазақстандағы тілдік құрылыс пен тілдік ахуалды зерттеуші
ғалымдардың еңбектерінде әлеуметтік лингвистиканың ең өзекті
деген проблемалары жан-жақты талданады. Қолда бар материал-
дарды сараптай отырып, солардың бірқатарына қысқаша шолулар
жасап өтейік.
Б.Хасанұлы 1976 жылы жарық көрген «Языки народов Казах-
стана и их взаимодействие» атты еңбегінде Қазақстандағы тіл-
дік жағдаятқа кең түрде мінездеме береді. Қазақстан халықтары
тілдерінің өзара қарым-қатынасын, олардың тұтынушыларын, тіл
меңгеру деңгейлерін, өмір салаларында қолданылуын, қоғамдық
қызметтерін нақтылы статистикалық мәліметтермен талдап
көрсетеді. Негізгі проблемаларына ғылыми сипаттамалар береді.
1982 жылы М.М.Копыленко мен С.Т.Саинаның «Функциониро-
вание русского языка в различных слоях казахского языка», 1984
жылы М.М.Копыленко мен З.К.Ахметжанованың «Фонетическая
интерференция в русской речи казахов», 1987 жылы осы еңбектің
екінші бөлімі «Лексическая и морфологическая интерференция в
русской речи казахов» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбектерде
186
қазақтардың орыс тілін қолданудағы фонетикалық, лексикалық
және морфологиялық қателіктері зерттелді. Интерференциялық
құбылыстарды әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттеу
әдістері мынадай бағытта қарастырылды:
1) қазақ және орыс тілдерін зерттеу кезеңіндегі интер-
ференциялық құбылыстардың қысқаша салыстырмалы талдауы;
2) потенциалды интерференцияның аумағын айқындау;
3) информанттарды экспедициялық бақылау;
4) нақты интерференцияны лингвистикалық тұрғыдан сипаттау,
талдау;
5) тест және сауалнама сұрақтары арқылы интерференциялық
құбылыстарды зерттеу, талдаулар жүргізу;
6) интерференциялық құбылысқа әлеуметтік лингвистикалық
талдаулар жасау.
Б.Хасанұлының 1987 жылы «Казахско-русское двуязычие
(социолингвистический аспект)», 1989 жылы «Нациолналь-
ные языки: пойски и перспективы» атты еңбектері жарық көрді.
Осы еңбектерде қазақ-орыс қостілтілдігінің пайда болу жолда-
ры, қазақтардың екі тілді меңгеру ерекшелігі нақты сөз болады.
Сондай-ақ Қазақстандағы этностардың тіл меңгеру деңгейлері
мен тәжірибелері нақты статистикалық зерттеулерге сүйене
отырып талданды. Мұнда біртілділік, қостілділік, үштілділік,
төрттілділік ұғымдарына анықтамалар беріліп, олардың әлеуметтік
лингвистикалық сипаттамалары көрсетілді. Қазақстандық
тәжірибеде қостілді, үштілді және төрттілді этнос өкілдерін нақты
мысалдармен дәлелдеп берді.
1990 жылдары қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың бір-
шама кең түрде қарастырған проблемасы – қостілділік, көптілділік
және диглоссия мәселелерін жан-жақты талдаған тағы да басқа зер-
теу еңбектері жарық көре бастады. Олардың қатарына төмендегі
еңбектерді жатқызуға болады.
1990 жылы жарық көрген А.Е.Карлинскийдің «Основы тео-
рии взаимодействие языков» деген еңбегінде тілдердің бір-біріне
әсер ету мәселесі, қостілділік, оның пайда болуы және қоғамдағы
187
орны, табиғи және жасанды билингвизм, тілдік ұжым, интерфе-
ренция, оның типтері, интеркаляция типологиясы т.б. мәселелер
қамтылған.
Қазақстандағы тіл саясаты мәселесіне қатысты 1990 жылы
«Языковая политика в Казахстане и пути ее реализации» атты
жинақ жарық көрсе, 1991 жылы қостілділік мәселесін талдаған
М.М.Копыленко мен З.К.Ахметжанованың «Психолингвистиче-
ский аспект двуязычия. Проблемы национально-русского двуязы-
чие» деген зерттеуларі қостілділік теориясына қосылған қомақты
еңбек болды.
1992 жылы Б.Хасанұлы «Ана тілі – ата мұра» атты еңбегінде
алғаш рет ана тілі категориясын әлеуметтік лингвистикалық
тұрғыдан жан-жақты талдап көрсетті. Мұнда автор ана тілінің
лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық психологиялық,
педагогикалық, тарихи-этникалық смпаттамаларын, сондай-ақ ана
тілі және заң, ана тілі және экономика, ана тілін білу мен меңгерудің
айырым белгілері, қостілділіктің әлеуметтік лингвистикалық мәні,
еліміздің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесі, оны құрайтын тіл-
дер, олардың қызметтік жүктемелері, типологиясы, мемлекеттік тіл
мәселелері, қазақ тілін білудің қажеттілік талаптары дүниежүзілік
тіл дамыту тәжірибесі тұрғысынан зерттелу қажеттігі, мемлекет-
тік тілді дамыту тетіктері т.б. көптеген әлеуметтік лингвистикалық
проблемалар арнайы зерттелді. Б.Хасанұлы осы еңбегінде ана
тіліне мынадай анықтама береді: «Ана тілі дегеніміз күллі тіл
атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын, белгілі
бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл
мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық
адамдарына (жас, жыныс, сенім, кәсіп, әлеуметтік жағдай айырма-
сына қарамай) түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік
қатынас құралы [28, 25.].
Автор сондай-ақ қостілділіктің табиғатына талдау жасай келіп:
«Қостілділік – белгілі бір территория көлеміндегі ұлтаралық
(этносаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этникалық
қауымдастық өкілдеріне, бүкіл қоғамның (социумның) әр түрлі
188
жағдайда екі тілді (әдетте, ана тілі мен екінші бір тілді) алма ке-
зек немесе қатар қолдануы» [28,132.] деген анықтама береді.
Соның негізінде елімізде кеңінен тарап отырған қазақ-орыс
қостілділігін былайша сипаттайды: «Қазақ-орыс қостілділігі де-
геніміз – қазақтардың көпұлтты қоғамда ана тілімен қабат орыс
тілін ұлтішілік және ұлтаралық қатынаста қатар не алма кезек
қолдануы, екі тілдің әрқайсысын әр түрлі жағдайда керегінше пай-
далану» [28, 133.].
Б.Хасанұлы осы еңбегінде бүгінгі таңда күн тәртібінде
тұрған өзекті мәселе – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай
қызмет етуі мен дамуын, қоғамдық өмір салаларында қолданылу
жағдайларын сөз ете келе, мемлекеттік тілді дамытудың мынадай
принциптерін атап көрсетеді:
Бірінші принцип – мемлекеттік тілді жоспарлы түрде, барлық
жағдайды туғыза отырып, кезең-кезеңімен барлық мекеме, ұйым,
кәсіпорындардың қызмет бабындағы қарым-қатынас құралына ай-
налдыру.
Екінші принцип – мемлекеттік тілді жоспарлы түрде, барлық
жағдайды туғыза отырып, кезеңімен барлық мекемелерде, ұйымдар
мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуге пайдалану.
Үшінші принцип – мемлекеттік тілді қаржыландыру мәселесін
түбегейлі шешу.
Төртінші принцип – мемлекеттік тілді оқыту ісін кадрмен, оқу
құралдарымен толық қамтамасыз ету.
Бесінші принцип – мемлекеттік тілді бір ғана қазақ тілінде емес,
орыс және басқа тілдерде де насихаттаудың іс-шаралар жүйесін
қалыптастыру.
Алтыншы принцип – Тіл заңының іске асуы мен мемлекеттік
тілді өмірге енгізу жөнінде жоғары орындар мен көпшілік қауым
алдында жыл сайын есеп беріп отыруды дағдыға айналдыру [28,
219-220.].
1996 жылы Э.Д.Сүлейменованың «Казахский и русский язы-
ки: основы контрастивной лингвистики» атты еңбегі, 1999 жылы
А.Е.Карлинскийдің «Международные отношения: теория – пра-
189
ктика – поиск» деген зерттеуі, 2001 жылы «Двуязычие и межэт-
ническая коммуникация. Актуальные проблемы межкультурной
коммуникации и перевода» атты еңбектері жарық көрді.
Э.Д.Сүлейменова мен Н.Ж.Шаймерденованың 2002 жылы
шыққан «Словарь социолингвистических терминов» атты сөзді-
гінде әлеуметтік лингвистиканың теориялық мәселелеріне, зерттеу
бағыттарына, әдіс-тәсілдеріне т.б. қатысты 400-дей терминге
түсінік берілген. Бұл біздіңше, қазақстандық әлеуметтік лингви-
стика тарихындағы соны және құнды еңбек болып табылады.
Б.Хасанұлының 2006 жылы жарық көрген «Тілдік қатынас
негіздері» еңбегі Қазақстандағы қазақ, орыс және ағылшын тіл-
дері серіктестігінен тұратын үштілділік мәселесін, халықаралық
қатынастар тілінің пайда болу себептерін, тілдік қатынастың
теориялық мәселелерін, адам қарым-қатынасында тілдің
қолданылуын, тілдің әлеуметтік мәнін, саралануын, атқаратын
қызметін т.б. кең көлемдегі мәселелерді қамтыған оқу құралы
ретінде танылды.
Қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың қарастырған мә-
селелеріне қатысты жоғарыда аталған және аталмаған іргелі
зерттеулермен қатар көптеген ғылыми мақалалар да жариялан-
ды. Солардың бірі М.Аренов пен С.Калмыковтың «Современная
языковая ситуация в Республике Казахстан» атты мақаласында
Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаяттың қазіргі сипатын
әлеуметтік лингвистиканың әдіс-тәсілдерімен ғылыми тұрғыдан
біршама толықтай сипаттап береді. Сол авторлардың «Ана тілін
қашанғы өгейсіте береміз» деген мақаласында қазақ тілінің ана
тілі ретіндегі мәртебесі, қоғамдағы орны, қолданылу аясы нақтылы
статистикалық мәліметтермен көрсетіледі.
Б.Хасанұлы «Әлеуметтік қажеттілік болмай...» деген мақала-
сында қазақ тілін жан-жақты дамыту мәселелеріне тоқталады.
Автор мемлекеттік тілді дамыту жолында тіл саясатының менед-
жмент қағидаттарын пайдалануды ұсынады. Қазақ тілінің мемле-
кеттік мәртебесінің іске аспауының басты себебі ретінде тіл да-
муын біліксіз басқаруды айтады.
190
А.Абасилов «Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінде дамы-
ту –Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңның негізгі
қағидасы» деген мақаласында тіл туралы заңның жүзеге асу тетік-
теріне тоқталса, «Солтүстік аймақтың әлеуметтік лингвистикалық
ақуалы» атты мақаласында Қазақстанның солтүстік аймағындағы
облыстардағы тілдік жағдаятты, ондағы қостілділік, көптілділік
мәселелерін, аймақтағы мемлекеттік тілдің және өзге этнос
тілдерінің қоғамдық қызметтеріне талдау жасайды. Ал «Мемле-
кеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамыту – Қазақстан үшін тиімді
жол» деген мақаласында тіл дамытудың аймақтық қағидаттарын
ұсынады.
А.С.Асанбаева «Қазақша жарнаманың тілі, стилі, қазіргі
жағдайы», «Қазақ тіліндегі жарнаманы жақсарту мәселелері» атты
мақалаларында жарнама мәтініндегі тілдік ерекшеліктер, мем-
лекеттік тілдің жарнама саласындағы қоғамдық қызметіне, оны
жақсартудың алғы шарттарына талдау жасайды, қоғамдық өмір
салаларының ішінде жарнаманың тіл дамытудағы орнына арнайы
тоқталады.
Қазақстандағы қазақ, орыс және өзге тілдердің қоғамдық
қызметі мен оларды дамытудың әр алуан қыр-сырларына арналған
бұлардан да басқа көптеген жарық көрген ғылыми мақалалар
түрлі қоғамдық пікірлер туғызып, тіл дамыту ісін саналы түрде
басқарудың қазақстандық үлгілерін танытты. Солардың қатарына
М.М.Копыленконың «Государственный язык и официальный
язык», Общее языкознание, социолингвистика, психолингви-
стика в Республике Казахстан: тенденции и перспективы разви-
тия специальности»; Э.Д.Сүлейменованың «Языковая ситуация
в Казахстане: к оценке, эффективности языкового планирова-
ние»; Ө.Жолдасбеков пен Н.Қалидың «Тіл заңы – түсінік тірегі»;
Б.Хасанұлының «Тіл саясатының тарихы тереңде», Лингвистиче-
ское формулировки проекта новой Конституции: Противоречие
и пути преоделения»; Е.Шаймерденовтің «Мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейтудің өзекті мәселелері»; Б.Әбдіғалиевті
ң»Этнолингвстицеская ситуация в Казахстане»; А.Абасиловтың
191
«Мемлекеттік тіл – көптілділік жағдайында әлеуметтік қажеттілік»;
Г.А.Досмұхамбетованың «Роль языка обучения в развитии двуязы-
чия», «Определение доминирующего языка в студенческой среде»,
т.б. атауға болады.
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақстандық социо-
лингвист-ғалымдар әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселе-
леріне қатысты докторлық, кандидаттық диссертация жұмыс-
тарын жазып, қорғай бастады.
Б.Хасанұлының «Социально-лингвистические проблемы функ-
ционирование казахского языка в Республике Казахстан» (1992)
тақырыбындағы докторлық диссертациясында қазақ тілінің
Қазақстандағы қызметінің әлеуметтік лингвистикалық мәселелері,
тілдік жағдаят, тіл мен қоғамның байланысы, көпұлтты мемлекет-
тердегі тілдердің қарым-қатынасы мен дамуының жалпы теория-
сы, Қазақстандағы қостілділік, көптілділік мәселелері қаралды.
Сол сияқты С.Т.Саина «Казахско-русское двуязычи в городах
Казахстана (социально-лингвистическое исследование)» (1983),
К.М.Байбосынова «Опыт сопоставительного анализа фонологиче-
ских систем русского и казахского языков (В связи с проблемами
фонетической интерференции при казахско-русском билингвиз-
ме)» (1977), Д.Ж. Қасымова «Функционирование уйгурского язы-
ка и формы его существования (социолингвистическое исследо-
вание районов компактного прожижания уйгуров в Казахстане)»
(1995), Г.С.Суюнова «Речевое поведение казахов-блингвов» (1995),
А.М.Құмарова «Социально-лингвистические проблемы формиро-
вания казахской языковой среды в Республике Казахстан» (1996),
А.Абасилов «Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының
солтүстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық про-
блемалары, оларды шешу жолдары» (1998), Г.Д.Алдабергенова
«Исследование влияния билингвизма на развитие детей» (1999),
С.А.Асанбаева «Жарнама саласында мемлекеттік тілді қолданудың
социолингвистикалық өзекті мәселелері», (1999), Г.М.Алимжанова
«Структура речевого этикета казахского и русского языков» (1999),
Б.Ж.Құрманова «Социоально-лингвистические проблемы функ-
192
ционирования государственного языка а западном регионе Ре-
спублики Казахстан», Г.А.Досмұхамбетова «Функционирования
казахского и русского языков в микросоциальной общности» т.б.
ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылып, қорғалды.
Жұмыстардың барлығында да қазақстандық әлеуметтік
лингвистиканың ең өзекті деген мәселелері сөз болады. Әсіресе,
мемлекеттік тілдің қолданылуы, қоғамдық мәні мен қызметі, орыс
тілінің және өзге тілдердің әлеуметтік коммуникативтік жүйедегі
орны, қостілділік, көптілділік, тіл дамытуды саналы басқару мен
реттеу, тіл саясаты т.б. проблемалар жан-жақты қаралып, ғылыми
айналымға түсті.
Қазақстан ғылымында осы басталған жұмыстар одан әрі
жалғаса түсуде. Олардың өміршеңдігі күнделікті тілдік жағдаятты
тұрақтандыру, реттеу мен жоспарлауда, тілдерді дамытудың
әлеуметтік лингвистикалық тетігін айқындауда көрініп, қоғам
сұранысына ие болуда.
193
Достарыңызбен бөлісу: |