210
11-бап.
Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап
тілі
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың
өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемле-
кеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.
12-бап.
Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы
тіл
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, сондай-ақ
әскери және әскерилендірілген құрамалардың барлық түрінде,
мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау
ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің
және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі.
13-бап.
Сот ісін жүргізу тілі
Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргі-
зіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі не-
месе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
14-бап.
Достарыңызбен бөлісу: