Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі



Pdf көрінісі
бет99/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111
Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі
Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық 
ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің, басқа да тілдердің 
қолданылуын қамтамасыз етеді.
Қажетті тілдік ортаны жасау және мемлекеттік тілдің 
толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншік нысаны-
на қарамастан, телерадио арналары арқылы берілетін мемлекет-
тік тілдегі хабарлардың көлемі уақыт жағынан басқа тілдердегі 
хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
IV тарау
Тіл – елдімекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекті 
ақпаратта 
19-бап. 
Топонимикалық атауларды, ұйымдардың атаула
-
рын пайдалану тәртібі
Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да 
физика-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан 


212
қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне 
сәйкес берілуге тиіс.
Мемлекеттік ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімше-
лерінің атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі. 
Бірлескен, шетелдік ұйымдардың атаулары мемлекеттік тілде және 
орыс тілінде транслитерация арқылы беріледі.
20-бап. 
Кісі есімін, әкесінің есімін және тегін жазу
Кісі есімін, әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу 
Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық 
актілеріне сәйкес келуге тиіс.
21-бап. 
Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі
Мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртаңбаларының 
мәтінінде олардың атаулары мемлекеттік тілде жазылады.
Меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерінің, мөр-
таңбаларының мәтіні мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазы-
лады.
Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прей-
скуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемле-
кеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да 
тілдерде жазылады.
Қазақстанда өндірілетін тауарлардың арнайы мәліметтер 
көрсетілген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), 
таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік тілде және 
орыс тілінде қажетті ақпарат болуға тиіс.
Шетелде өндірілген тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген 
тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқау-
лықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебінен мемлекет-
тік тілдегі және орыс тіліндегі аудармасымен қамтамасыз етіледі.
Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекет-
тік тілде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң 
жағында немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі 
әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың 
мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл 
жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгілен-
ген талаптардан аспауға тиіс.


213
Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттік тілде, 
орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тілдерде беріледі.
22-бап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет