Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


ТІЛДЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ



Pdf көрінісі
бет102/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   111
ТІЛДЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ 
ЖАСАУДЫҢ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 8 қаңтар № 16
(ҚР Үкіметінің 04.03.2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
1.Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб-
ликасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан 
Республикасының аумағында тілдер туралы заңдардың сакталуы-
на бақылау жасаудың тәртібін реттейді. 
2.Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың негіз-
гі мақсаты – мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарының және ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы 
тілдер туралы заңдарды тиісінше орындауын қамтамасыз ету.
3.Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз 
құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының Мәдениет ми-
нистрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4.Уәкілетті органның тілдер туралы заңдардың сакталуына 
бақылау жасауды жүзеге асыруы кезінде:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, жергілікті 
өзін-өзі басқару органынан, ұйымдардан тілдер туралы заңдардың, 
Тілдердің қолданылуы мен дамуының мемлекеттік бағдарламасы-
ның орындалуы жөнінде ақпарат, мәліметтер, құжаттар сұратуға;
2) өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қызметтік 
куәлігін көрсету арқылы мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-
өзі басқару органдарында және ұйымдарда болуға;
3) тілдер туралы заңдар талаптарының бұзылуын жою туралы 
орындалуы міндетті ұйғарымдар беруге;
4) тілдер туралы заңдардың бұзылуына кінәлі лауазымды 
адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тиісті 
органдарға ұсыныс енгізуге;
5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кінәлі лауазымды 
адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін 
материалдар дайындауға құқығы бар;


220
5.Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасау мем-
лекеттік органдардың, жергілікті езін-өзі басқару органдарының 
және ұйымдардың қызметін тексеру жолымен жүзеге асырылады.
6.Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда тілдердің қолданы-
луының жай-күйін уәкілетті органның шешімі бойынша, өз бас-
тамашылығы бойынша немесе жеке және заңды тұлғалардың 
өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.
7.Тексеруді жүргізудің тәртібі мен мерзімдері туралы мемлекет-
тік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және 
ұйымдардың басшылары уақытында құлақтандырылады.
8.Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органда-
рында және ұйымдарда тілдердің қолданылуының жай-күйін тек-
серу олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
9.Тілдер туралы заңдар нормаларының сақталуын тексерудің 
нәтижелері бойынша акт жасалады.
10.Жолсыздықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган, анық-
талған жолсыздықтардың жойылуына қайта тексеру тағайындауы 
мүмкін.
11.Осы Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 
уәкілетті орган беретін, тілдер туралы заңдардың бұзылуын жою 
туралы ұйғарымның нысанын орталық уәкілетті орган белгілейді.
12.Мемлекеттік органдардың тілдер туралы заңдар талапта-
рының бұзылуы анықталған тексерулерінің актілері назарға алу 
және шаралар қолдану үшін бағыныстылығы бойынша жоғары 
тұрған мемлекеттік органдарға жолданады.
13.Тілдер туралы заңдардың бұзылғандығы туралы мемлекет-
тік органдардың шешіміне белгіленген тәртіппен шағым жасалы-
нуы мүмкін.
14.Уәкілетті орган тілдер туралы зандардың сақталуына 
бақылау жасаудың нәтижелері бойынша жүйелі түрде Қазақстан 
Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға 
және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жолдайды.
15.Уәкілетті орган тілдер туралы заңдардың сақталуына 
бақылау жасаудың нәтижелері бойынша, республиканың занда-
рында белгіленген тәртіппен, қолданылып жүрген тілдер туралы 
заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуі мүмкін.


221


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет