211
жинақы тұратын жерлерде солардың тілдерінде жұмыс істейтін
мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі.
Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген ұйымдарда
оқыту, тәрбие беру тілін жергілікті атқарушы органдар олардағы
балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгілейді.
Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары
білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және
мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз
етеді.
Мемлекеттік те, мемлекеттік емес оқу орындарында мемлекет-
тік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім
туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.
17-бап.
Тіл
-
ғылым және мәдениет саласында
Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертация-
ларды рәсімдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік тіл мен
орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі.
Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда
басқа да тілдерде жүргізіледі.
18-бап.
Достарыңызбен бөлісу: