Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Тіл құрылысының міндеттері



Pdf көрінісі
бет94/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111
Тіл құрылысының міндеттері
Тілдерді дамытуға жағдай жасау мақсатындағы мемлекеттік 
саясат мемлекеттік тілді дамытуға артықшылық беру бағытында 
қазіргі қолданылып жүрген тілдер иерархиясына түзетулер енгізу-
ді көздеуі тиіс. Бұл дегеніміз мемлекеттік тілге және басқа тілдерге 
қатысты міндеттері әр түрлі болады деген сөз.
Мемлекеттік тіл мәртебесін іске асыру үшін мемлекет барлық 
жағдайды туғызуды міндетіне алады. Бұл үшін барша қажетті 
қаржылық, материалдық, ұйымдастыру ресурстарын осы іске 
тартуға тиіс. Осы орайда жекелеген азаматтардың немесе қоғамдық 
бірлестіктердің емес, мемлекеттің өзінің ықпалы басым болуға 
тиіс, өйткені тек мемлекет қана мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің 
барлық саласында қолданылу мәселелерін шешуге қабілетті.
Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі – мем-
лекеттік тілді барлық азаматтардың арнайы белгіленген көлемде 
меңгеруі үшін жағдай туғызу. Осы мақсатта халық топтарының 
этникалық, демографиялық, кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес мемле-
кеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту орталықтарын құру қажет.


204
Мемлекеттік ақпарат құралдары: теледидар, радио, газеттер 
арқылы мемлекеттік тілді үйрену жөнінде бағдарламалар, сабақтар 
жүргізуге, жаңа айдарлар енгізуге тиіс.
Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мектеп жасына 
дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы 
орта және жоғары оку орындарында мемлекеттік тілді оқытудың 
тиісті деңгейін қамтамасыз ету керек, мұның өзі жеке адамдар 
арасындағы қарым-қатынасты, іскерлік қарым-қатынастағы және 
қазіргі заманғы іс жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілді халықтың меңгеруін, оны оқу орындарында 
оқып-үйренуін оқулықтар мен оқу құралдарын пайдаланушы әр 
түрлі этникалық және әлеуметтік топтарға бағдарланған ұғымға 
жеңіл және тиімді әдістемелерді, көпшіілік қолды өз бетінше оқып-
үйрену құралдарын, сөздіктерді, тілашарларды көптеп шығару 
арқылы нығайту қажет.
Тілді тиімді үйрету әдістемесін өндіру жөніндегі орталықтардың 
жинақталған жұмыс тәжірибесі республиканың барлық оқу 
орындарының игілігіне айналуы керек. 
Мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ ғылым, мәдениет, білім 
беру, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларының 
қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеру жөнінен тиісті та-
лаптар белгілеу керек. Мемлекеттік мекемелер мен қызметкерлерін 
материалдық көтермелеудің тиімді жүйесін жасауды қарастырған 
жөн.
Мемлекеттік тілді мемлекетаралық қарым-қатынас практика-
сында қолдану міндетті нормаға айналуы шарт. Ресми адамдар 
қатысатын барлық іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізілуі тиіс
қажет болған жағдайда басқа тілдерге ілеспе аударма жасалуы 
керек. Заң актілерін, ресми адамдардың баяндамаларын, қызмет 
құжаттарын мемлекеттік тілде дайындау зандылыққа айналуға 
тиіс.
Мемлекеттік өкімет пен басқару орындарында тіларалық 
қатынасты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тәржіме 
қызметін ұйымдастыру керек. Барлық мемлекеттік мекемелердің 


205
штат кестелерінде мемлекеттік тілден аударатын және мемлекет-
тік тілге аударатын аудармашылар қызметі көзделуге тиіс. Жоғары 
оқу орындарында аудармашы мамандар даярлауды кеңейту қажет. 
Еуразия университеті мен Қазақ мемлекеттік әлем тілдері универ-
ситеті аудармашылар даярлайтын орталықтардың бірі болуға тиіс, 
мұнда Қазақстан этностарының мәдениеті мен тілдері жөніндегі 
мамандарды әзірлеуге арналған факультеттер құруға болар еді.
Мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік 
қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды 
бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет. Мемлекеттік тілге 
ресми қолдау көрсетумен қатар, оған бүкіл қоғамның тарапы-
нан қамқорлық жасау керек. Мемлекеттік, кәсіпкерлік, банкі 
құрылымдарының, қоғамдық бірлестіктердің бірлескен күш-
жігерімен мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі қайырымдылық ко-
рын құрған жөн.
Ресми қолданыстағы тілді мемлекет тарапынан қолдау - оның 
басқару органдарында мемлекеттік тілмен қатар қолданылуы 
үшін жағдай туғызу болып табылады. Мұндай мәртебе заң ак-
тілері мен басқа да құжаттарды, қызметтік хат-хабарды ресми 
түрде қолданылатын тілге аудару арқылы қамтамасыз етіледі, 
екінші тіл ретінде осы тілде іс жүргізу, есеп-санақ және қаржылық 
құжаттаманы жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Орыс тілінің қызметі аясының сақталуы Қазақстанның 
интеграциялық процестерге бет алуымен, ТМД елдерімен біртұтас 
мәдени және білім беру кеңістігін сақтауы арқылы қамтамасыз 
етіледі.
Қазақстан халықтары тілдерінің дамуы үшін қажетті 
жағдайлардың іс жүзінде қамтамасыз етілуі - ана тілін меңгеруге 
тілек білдірушілердің барлығына арнап мүмкіндіктер туғызу де-
ген сөз. Мұның өзі ана тілінде орта білім беру немесе ана тілін 
міндетті пән ретінде оқыту, мұғалім кадрларын даярлау, оқу және 
оқу-әдістемелік құралдар мен көркем әдебиет, газет-журналдар 
шығаруға жәрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.
Мұндай жұмыс этностардың мәдени-тілдік мүдделерін біл-


206
діре алатын ұлттық-мәдени орталықтардың белсенді қатысуымен 
тиімді болады. Сонымен қатар Қазақстандағы этникалық диаспо-
ралар этносының негізгі бөлігі тұратын елдермен, саны аз халықтар 
тілдерінің Еуропалық бюросымен және басқа халықаралық 
ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қою қажет.
Шет тілдерін оқып-үйрену де мемлекеттік қолдауды қажет етеді. 
Шет тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметшілерді материалдық 
көтермелеуді көздеген жөн болар еді. Сондай-ақ бұрын жұмыс 
істеп келген шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған 
мектептер жүйесінен бас тартуға да болмайды.
Елдегі этностар тілдерінің жай-күйі мен жалпы тілдік ахуалға 
нақты және ғылыми талдау жасалмайынша, тіл құрылысының 
табысты жүруі мүмкін емес. Әлеуметнамалық және әлеуметтік 
лингвистикалық мониторинг тілдік процестердің серпінділігі мен 
оның демографиялық, әлеуметтік, этникалық белгілері бойынша 
аймақтык жіктелуін бейнелейтін тіл саясатына ұдайы түзету ен-
гізіліп отыруын қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тіл мәртебесі тілдің әлеуметтік функцияларын 
кеңейте түседі, тілдегі жаңа өзгерістерге байыпты ғылыми талдау 
жасауды талап етеді. Қазақ тілінің бірізділігі мен тиісті стандартқа 
келтірілуін қамтамасыз ететін орфографиялық, орфоэпиялық, ты-
ныс белгілері ережелерін жүйеге салу басты міндет болып отыр. 
Қазақ тілінің терминологиялық лексикасының жиынтығын жасау 
аса қажет. Қазақстанның сөз мәдениетін жетілдіру орфографиялық, 
орфоэпиялық, түсіндірме сөздіктердің шығарылуын көздейді. 
Мемлекеттік тілді оқып-үйренушілер үшін бейне және дыбысты-
көріністі материалдар шығаруды қамтамасыз ету қажет.
Тұжырымдаманы іске асыру оған заң актілері және ұйымдық 
шаралар арқылы қолдау көрсетілген жағдайда ғана табыс-
ты болмақ. Тұжырымдамамен бірге талқылауға Қазақстан 
Республикасындағы жаңа «Тіл туралы заңның» жобасы ұсынылмақ, 
онда тіл саясатының құқықтык негіздері баян етіледі. Содан кейін 
Азаматтық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодек-
ске, ЕТЗК-ға және басқа заңдарға өзгертулер мен толықтырулар 
енгізу қажет болады. Тіл саясатын іске асыру тетіктері, мемле-


207
кеттік тілді дамытуға экономикалық қолдау жасау проблемалары 
үкімет тарапынан әзірленіп жатқан қазақ және өзге де тілдерді да-
мыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада көрінісін табуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет