173
Тілдерді дамыту ісі осылайша нақтылы жоспарланған түрде
жүргізілуі тиіс. Бұл – әлемдік қалыпты жағдай (стандарт). Ал
мұның өзі ең алдымен басқаруға (управление) байланысты.
Басқару қандай болса, даму да сол деңгейде болмақ. Білікті
басқару ісі қоғамдағы тілдердің өзіндік мәртебесін дұрыс та дәл
анықтаудан басталады. Мәртебе белгілеу арқылы заң күшімен
тіл дамыту – әлемге кең тараған құбылыс. Мәртебе – әлеуметтік
лингвистикалық әрі құқықтық категория, ол тілдердің қоғамдағы
құқықтық әлеуметтік жағдайын танытады.
Достарыңызбен бөлісу: