2.Тілдердің дипломатиялық рангісі.
Дипломатиялық хатта-
ма бойынша халықаралық басқосулар мен конференциялардың
барлық құжаттары, хаттамалары және қорытынды актілері сол
басқосуға қатысқан барлық мемлекеттер тілдерінде берілуі тиіс.
Өйткені бұлар дипломатиялық қатынастағы басқосудың ресми тіл-
дері болып табылады.
Ал оларға қарағанда жұмыс тілдерінің шеңбері біршама тар бо-
лады. Бұл тілдерде мәмілелер жүргізіліп, баяндама немесе шешім
жобалары жасалады.
Егер халықаралық шарт екі немесе бірнеше тілдерде жасал-
са, онда соның соңғы баптарында әрбір тілдегі мәтіндер бірдей
заңдылық күші бар екендігі көрсетіледі, бәрі де түпнұсқа, бірдей
мәнде саналады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, БҰҰ-да ресми тіл мәртебелері
оған мүше мемлекеттердің барлығының тілдеріне емес, тек алты
тілге берілген. (1945 жылы БҰҰ-ның құрылу кезінде ондағы ре-
сми тіл бесеу болды: ағылшын, испан, қытай, орыс, француз). Бұл
тілдерде БҰҰ-ның Жарғысы жасалып, қол қойылды. Кейін, 1973
жылы алтыншы ресми тіл болып араб тілі енгізілді.
3.Ұлттық-тілдік саясаттың деңгейлері.
Қалыптасқан
қызмет түріне қарай ұлттық-тілдік саясаттың өзіндік әрекет ету
иерархиясы мен логикасы бар. Оның негізгі деңгейлері мынадай:
1) тілдік саясатты идеологиялық қамтамасыз етудің тұжы-
рымдамасын жасау;
2) тілдердің қоғамдағы өзара қарым-қатынасын заңмен бекіту;
3) тілдердің өзара қарым-қатынасын әкімшілік бақылау және
реттеу;
167
4) тілдік нормаларды кодификациялау;
5) тілдік саясатты қаржы-экономикалық қамтамасыз ету.
Сонымен тіл саясаты дегенімізді тіл қолдануды реттеуге
бағытталған барлық саналы әрекеттер деп түсінген жөн.
Екі, одан да көп тілдік жағдайында тіл саясаты қатар өмір сүріп
отырған тілдердің қызметі мен қолданылу салаларын анықтаудан
тұрады. Ал бір тілді қоғамдағы тіл саясатының нысаны жазудағы,
грамматикадағы, лексика, стилистика, дыбыстаудағы норма болып
табылады. Тілді нормаландыру ауызекі сөйлеу тілі емес, жазу тілі-
не бағытталады.
Саясат, оның ішінде тіл саясаты туралы айтқанда белгілі бір
мақсатты жүзеге асыруға бағытталған саналы әрекетті көреміз.
Тілге қатысты адамдардың қандай саналы әрекеті, мақсаты болуы
мүмкін? Адамдар тілде нені өзгерткісі келеді? Әдетте қоғамның
қажетіне қарай тіл өздігінен өзгермеуші ме еді? Егер тек өздігінен
өзгеріп қана қоймай, адам арқылы өзгеруі қалай жүрмек? Адамдар
тілге қалай саналы әсер ете алады, ол қаншалықты іске асады? Тіл
саясатын кім жоспарлайды және кім жүргізеді?
Көптеген елдерде тіл саясатының субьектісі әр алуан мемлекет-
тік және мемлекеттік емес органдар мен институттар болып табы-
лады. Оларды өмірдің үш саласы байланыстырады:
1) мектеп;
2) кітап, кітап бастыру (кейінгі баспасөз радио, кино, теледидар);
3) қоғамның этникалық қарым-қатынасын реттеу мәселесі.
Адамдардың саналы әрекетін қажет ететін тілдің негізгі үш
түрлі саласы мыналар:
1) графика және орфография;
2) терминология;
3) тілдің нормативті-стилистикалық жүйесі.
Тіл саясатын жүзеге асыратын субьектілер тізімі мынадай:
1.Этносаралық қатынастар істері жөніндегі комитеттер (минис-
трліктер, депортаменттер).
2.Мектеп және арнаулы білім беру мекемелері (министрліктер,
департаменттер).
168
3.Масс-медия
4.Ғылыми мекемелер
5.Ана тілі жанашырларының ерікті ұйымдары (қоғамдар мен
серіктестіктер т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |