5.2 Тілдердің құқықтық (заңды) мәртебелері
Адамзаттың барлық әлеуметтік-мәдени тарихы сияқты
тілдердің де қарым-қатынастық иерархиясы басым көпішілінде
арнайы ұйымдастырылмаған түрде (стихиялы) қалыптасқан. Ал
тілдердің заңдылық рангілерін адамдар өздері береді. Сондықтан
да бұл тілдердің субъектілік және жасанды мінездемесі болып та-
былады. Алайда тілдердің әлеуметтік лингвистикалық типологи-
ясында бұл белгі өте маңызды, тіл саясатының актісі ретінде өте
қызық.
1.Заңды термин-анықтамалар.
Тілдердің өзара қатынасын
заңды түрде реттейтін елдердің заңдарында тілдердің құқықтық
мәртебелері бір, екі немесе үш терминмен анықталады. Алайда
бұл терминдер жиынтығы оннан аса анықтамаларды қамтиды:
мемлекеттік тіл, ресми тіл, ұлттық тіл (ағылшын тілінің national
сөзі «ұлттық» дегеннен гөрі «жалпымемлекеттік» дегенге көбірек
165
келеді), уақытша мемлекеттік тіл (Үндістан Конституциясындағы
ағылшын тілінің мәртебесі), штаттың ресми тілі (Үндістанның
22 штатының 14 штаты үшін конституцияда бекітілген термин),
одақтас (автономия) республика тілі, ұлттық округ тілі (бұрынғы
КСРО мен одақтас республикалар конституциялары), ұлтаралық
қатынас тілі, түпкілікті ұлт тілі, титулды ұлт тілі, азшылық ұлыстар
тілі, көпшілік халықтың тілі, ұлыс тілі (бұрынғы Югаславия кон-
ституциясында ұлт тілінен айыру үшін қолданылған), жергілікті
тілдер т.б..
Бұрынғы КСРО-ның 1989-1991 жж. қабылданған Тіл тура-
лы заңдарында республикаға аты берілген халықтардың тілдері
жаппай мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Мұның алдында, 1978
жылғы одақтас республикалар конституцияларында мұндай
мәртебені тек азербайжан, армян, грузин және абхаз тілдері иелен-
ген болатын. КСРО-ның ыдырауы алдында ұлттық тілдерге мем-
лекеттік мәртебе беру қозғалысын балтық жағалауындағы респу-
бликалар бастады. Тіл туралы алғашқы заң Эстноияда (1989 жыл,
қаңдар) қабылданды. Одан соң Литвада, Латвияда; 1989 жылдың
қыркүйегінде Қазақстанда, қазанында Украинада, 1990 жылдың
қаңтарында Белорусияда қабылданды. «КСРО-ның халықтары
тілдері туралы» (1990 жылдың, сәуір айында қабылданған) заң
бойынша орыс тілінің құқықтық мәртебесі КСРО-ның ресми
тілі ретінде анықталды. 1991 жылдың қазанында орыс тілі Ресей
Федерациясының мемлекеттік тілі мәртебесін алды.
АҚШ-та федералдық деңгейде ағылшын тілінің мәртебесін
анықтауға талай мәрте ұмтылыс жасалған. 1981 жылы АҚШ-тың
Сенаты конституциялық тұрғыдан ағылшын тілін мемлекеттік тіл
ретінде тану туралы заңды талқылады, бірақ федералдық деңгейде
ол жоба өтпей қалған. Алайда қазіргі күні АҚШ-тың 12 штатында
халықтық референдум бойынша ағылшын тілі сол штаттардың ре-
сми тіл мәртебесіне ие.
Ұлттық тіл, мемлекеттік немесе ресми тіл деген терминдердің
нақтылы заңды мәні әр түрлі елде әр алуан болып келеді. Бұл кей-
бір елдерде ресми немесе мемлекеттік тілдің біреу, ал шамамен
166
айтқанда 20 елде екі, тіпті үшеу болуына байланысты. Айталық,
Сингапур Республикасында төрт тілге (малай, қытай, тамиль және
ағылшын) мемлекеттік мәртебе берілген.
Бұл терминдердің ара жігі ажыратылып көрсетілетін мемле-
кеттер де бар. Мысалы, Мавритания Исламдық Республикасында
«ұлттық тіл» мәртебесі араб тіліне, ал «ресми тіл» мәртебесі фран-
цуз тіліне берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |