Амандасу. «Бумба – Юмба» жаттығуы



Дата08.09.2017
өлшемі57,43 Kb.
#30014
«Сенімділік – күш береді»

/тренинг-сабақ/
Мақсаты: ОЖСБ-ға қатысушылардың сынақ алдындағы қобалжу, мазасыздану сезімдерінен арылуға көмек беру, бойларында сенімділік пен тұрақтылық орнатуға бағыт бағдар, кеңес беру.

Амандасу. «Бумба – Юмба» жаттығуы

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.

Нұсқау: Біз барлығымыз Бумба-Юмба тайпасына ұсталып қалдық деп елестетейік. Олардың қағидасы: «Тайпаға қабылданғыларың келсе – қасыңдағы адаммен бас түйістіріп, шынтақ түйістіріп, соңынан арқа сүйкеп амандасу керек.»

Талдау: оқушылар көңіл-күйімен бөліседі
Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен  ережелерімен таныстыру.

Балалар бүгінгі «Сенімділік – күш береді» атты тренинг сабағына қош келдіңіздер! Сабағымызды бастамас бұрын, алдымен тренинг ережелерімен танысып алайық.

Ереже: 

Белсенді қатысу;

Бірін-бірі тыңдау,сыйлау;

Ойын ашық айту;

Бір-бірін сынамау;

Ынтымақтылық;

Топпен жұмыс. Жаттығу «Сенімді – сенімсіз»

Мақсаты: оқушылардың «сенімділік» сөзіне терең үңіліп, ой жүгіртулеріне ықпал жасау

Нұсқау: 1топ – сенімді адамның портреті (мінез-құлқы)

2топ – сенімсіз адамның портреті (мінез-құлқы)

3топ – адам өзіне сенімділігін арттыру үшін қандай әрекеттер жасауы керек?

(Әр топ өз ойларын постерлерге жазып, топпен қорғау)

Жаттығу «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін»

Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген сенімділікті арттыру.

Нұсқау: Барлық оқушы ортаға шығады. Арасынан 1еуі шығып «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін»- деп артқа қарап шалқадан құлау керек, және сыныптастары оны жерге құлатпай артынан демеп ұстап алулары керек. Барлық оқушы құлап шыққанша қайталанады.
Талдау: 1. Жаттығуды орындау қиын болды ма, әлде жеңіл ме?

2. Сыныптастарыңа сенім арта алдың ба?


Жаттығу «Әдемі қорапша»

Мақсаты: қатысушылардың қызығушылық деңгейін және сенім деңгейін анықтау.

Психолог: «Менің қолымдағы қорапшада менің өмірімде ерекше рөл атқаратын, менің өмірім үшін өте маңызды, менің өмірім үшін ең қажет бір зат бар, сіздер оны көргідерің келедіме?» (Психологтың міндеті – сендіре білу. Оқушылар өз қалаулары бойынша ортаға келіп қарауларына болады)
Талдау:

  • Қалай ойлайсыздар, мен сіздерді сендіре білдімбе?

  • Немесе сендер сеніп қалғандықтан емес, қызығушықпен қарадыңыздарма?

Психолог: оқушыларға адамда әр нәрсе қызығушылықтың болуы дұрыс, бірақ қызықтырғанның барине сене беруге болмайтындықтарына көз жеткізуі керек.

Сергіту сәті. «Джунглиядағы жаңбыр» жаттығуы

Мақсаты: иық, мойын, омыртқалардағы, бұлшық ет қатаюынан арылту, босаңсыту.

Нұсқау: Қанекей, бір-бірініңбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылдар да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып күшейді. Сосын ақ жауын жауды,саусақтармен жеңіл түрде қағасыз. Міне, нөсер басталды., саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз. Нөсер үдей түсті, барлық саусақтармен қатты қағасыз. Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал енді 180градусқа айналып ойынды жалғастырыңыздар.

Талдау: Осы массаждан кейін өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

Жағымды болды ма?

Өз сезім күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

ОЖСБ тапсыру кезіндегі  ең қажетті сапалар:

·        Бір істен тез екіншіге ауысып кету;

·        Іс-әрекеттің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы;

·        Жоғары және тұрақты жұмыс қабілеті;

·        Жоғары деңгейлі зейін тұрақтылығы;

·        Ішкі әрекет жоспарының қалыптылығы;




Жаттығу «Эксперимент»

Мақсаты: оқушылардың зейін шоғырландыра алуларын дамыту

Нұсқау: 30 секунд ішінде 3 үзіндіні оқу қажет:

МаРИЯМҮЙгЕБАРЫпгҮЛДЕРГЕСУҚҰйжәНЕТАМАҚЖАсажаРАЙМа
сүЙЕгіжоҚБАЛЫқболМАйТЫнЫсиЯҚтыкЕМШіліксіЗАДАмдаболМАйды 
АсЫқпАтүспеДіДЕпқОЛымаТЕзДАМылсыЗіздЕУінеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДеболаДЫкЕЗ

 
Жаттығу «Жылдамдық»



Мақсаты: оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту.

Нұсқау: мен сіздерге жылдам сөздер тобын оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің 2-ші әріпін жазасыздар.

Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екінші.
Оқушыларға өзін-өзі сендіру формуласы:

  • Мен толығымен өзімнің тәртібімді бақылаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және бұл менің жеке өсуімнің мүмкіндіктері.

  • Мен өзойым менсезімімді бақылаймын.

  • Менің өзіме деген сенімділігім күн сайын артуда

  • Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін

  • Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы сияқты елестетемін.

  • Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын.

  • Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін.



Жаттығу «Майшам»

Біздің сабағымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға майшамды алған себебім, ол айналасына жарықшашады, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы ОЖСБ-дан барлығымыз жақсы сүрінбей өтейік!

Сабақты қорытындылау: Өмірдегі кез-келген қиыншылық адамға тәжіри бе алу үшін және жеке бастың жетілуі үшін келеді. Әр нәрседен адам сабақ алып, одан да жақсырақ, мықтырақ және ақылдырақ бола алады.

Сабақтан алған асерлерімен бөлісу: Не үйрендім? Қандай сабақ алдым?

(Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып жабыстыру)

Назарларыңызға рахмет!

Мектеп психологі:А.Т.Кобегенова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет