Тұлғаның көркем концепциясы – әдеби шығарманың этикалық және эстетикалық категориясы, оның ішінде жазушының әдеби кейіпкерге қатысты философиялық, онтологиялық, діни және адамгершілік көзқарастарының жүйесі.
Фаблио – Ортағасырлық Франция әдебиетінде қалыптасқан, өлеңмен жазылған ұсақ әңгімелер. Фаблиолар 3 топқа бөлінді: бірінші топқа қысқа анекдоттар жатқызылса, екінші топқа әлеуметтік бағытта жазылған, сюжеті мықты құрастырылған әңгімелер жатқызылды, ал фаблионың үшінші тобына қала тұрғындарының кемшіліктері сыналатын әңгімелер жатқызылды. Бұл әңгімелерде қалалықтар екі түрлі суреттелді: бір жағынан, қала тұрғындарының ептілігі мен әр іске икемділігі авторды таңғалдырса, екінші жағынан осы қасиеттерін адам біреуді тонау немесе қанау үшін пайдаланса, олар қатты әшкереленді. Ортағасырлық фаблио кейінгі жылдары жазылған француз әдебиетінде де қылаң беріп отырды.
Шығармашылық психологиясы – суреткердің өмірді танудағы, мәдени қазынаны жасаушы ретіндегі жеке психологиясы, жаңа бір туындының туғанынан бастап, оның аяқталуына дейінгі динамика, яғни көркем шығарма жасаудағы жалпы және жекелеген заңдылық процесі, шығармашылық психологияның ерекшелігін зерттейтін әдеби, ғылыми көзқарас.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Достарыңызбен бөлісу: |