1.3.2 Романдағы жылқыға қатысты антропонимдер мен топонимдер, гиппонимдер, олардың жасалу жолдары. Адам есімін жылқымен байланыстырып қою жиі кездесетін құбылыс. Оның мәні жылқыны киелі, қасиетті деп санаудан туған. Сонымен бірге жылқы – байлықтың, сән-салтанаттың белгісі. Ал, құлын – сұлулықтың, еркеліктің символы. Халқымыз әдемі әйелді “құлын мүшелі”, “құлын мүшесі бұзылмаған” деп сипаттайды. Адам есімін жылқыға байланыстырып қоюдың сырлары осында.
Шығармада Тайшық, Жамантай, Тайжан тәрізді антропонимдер қолданылады. Тілімізде жылқыға байланысты жер-су атаулары да мол. Шығармада Тайкеткен, Саумалкөл, Атбасар, Атмінгескен тәрізді топонимдер мен гидронимдер бар. Жазушы Атмінгескен атауының тарихын оқиға желісіне орай қызықты, әрі орынды баян етеді. Шығармада кездесетін гиппонимдер: “Ортеке”, “Киік-аяқ”, “Киіккетпес”, “Тарланкөк”, “Тұлпаркөк”, “Көксеңгір”, “Көкдауыл”, “Кертөбел”, “Ақылақ”, “Ақауыз”, “Ақтанкер”, “Ақжамбас”, “Ақсирақ”, “Ақбақай”, “Жалынқұйрық”, “Құмай төс”. Бұлар жылқының түр-түсіне, ерекше белгілері мен қасиеттеріне қарай қойылған. Олардың барлығы дерлік күрделі сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |