Амангелді айнұр амангелдіқызы І. Есенберлиннің “Көшпенділер” романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні


Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған атаулар



бет18/35
Дата06.02.2022
өлшемі324 Kb.
#43743
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
1.4.2. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған атаулар. Біріктіру тәсілі арқылы: қылқұйрық, атқұмар, тайжақы, тайтұяқ, құнаншығар, Ақбақай т.б. жасалған. Бұлардың сыңарлары өздерінің әуел бастағы дыбыстық құрамын толығымен сақтай отырып біріккен.
Қосарлау тәсілімен жасалған жылқы атаулары екі сөздің бір-біріне қосарлануы я бір сөздің қайталануы арқылы жасалады, сыңарлары бір лексика-семантикалық топтан немесе мағыналас болып келеді, бір сөз табынан тұрады. Мысалы: құлын-тай, ат-арба. Қос сөздердің сыңарларының буын саны сай келіп отырады: жорға-жортаң, ат-тон. Бұл заңдылық бұзылса, буын саны аз компонент бірінші, буын саны көп компонент екінші орында тұрады: тай-тулақ, ат-шапан. Олар жылқыларын өзеннен бос жүзгізетін. Ағыс жағына күштілерін салатын да, олардың ық жағымен тай-құлындарын тоғытатын [3,139 б.]. Бұған қарама-қарсы жағдай сирек те болса кездеседі. Мысалы: құлын-тай. Ал мынау құлын-тайлары ауық-ауық бүйірден бөліне шапқан шағын жылқы сауынға арнай ауыл маңына ұсталған тәрізді [5,77 б.].
Қосарлама тәсілі арқылы жасалған сөздер жинақтау мағынасын береді. Мысалы: ат-сайман, ат-сойыл дегенді ат және ат үсті жүріске қажетті құралдар деп түсінеміз. Қос сөздердің кейде екі сыңары да бір сөзден құралып, компонеттері ешбір өзгеріссіз, түбір қалпында қайталанады: үйір-үйір, саба-саба, қос-қос. Кейде екі компоненті қарама-қарсы мәндегі сөздерден келеді: аттылы-жаяу. Кейде екі компоненттің бірі, көбінесе екіншісі, алғашқы сыңардың бірінші дыбысын өзгерту, я дыбыс қосылуы арқылы жасалады. Мысалы, ат-мат, ер-мер. Асау бала жігітті ат-матымен сүйрей жөнелді [3,195 б.]. Бұлар қомсыну мағынасын береді.
Тіркесу тәсілімен жасалған күрделі сөздердің компоненттерінің мағыналары ұзақ уақыт қолданыла келе кірігіп, бір мағынаға көшеді, бірақ бөлек жазылады. Сыңарларының әрқайсысы ақиқат өмірде жеке-дара заттарды белгілейді. Бұлар тілде дайын тұрған сөздер, әркім оларды осы құрамда, бір мағынада, бір заттың атауы ретінде қолданады. Мәселен, ат сөзіне қатысты: ат арба, ат шана, ат тырма, ат соқа, ат жабу, ат барабан, сол сияқты құнан, дөнен, бесті сөздерінің тіркесуімен жасалған: құнан өгіз, құнан қымыз, құнан қой, бесті қымыз т.б. жатады. Бұлардан басқа жылқының түр-түсін білдіретін сөздер өте көп: теңбіл көк, ақ бөрте, тарлан боз, құла қасқа, ал қара көк, ақ табан, сұр жорға, қара қасқа, ақ қаптал. Бұлардың әрқайсысы біртұтас лексикалық мағына береді, яғни, түр-түсті, сындық белгіні білдіреді, компоненттері тұрақты, орны берік, араларына басқа сөз түспейді. Жеке компоненттері синтаксистік байланысқа түспей, тұтас бір сөз ретінде басқа сөздермен байланысып, сөз тіркестерінің бір компонеті болады, сөйлемде бір сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Бұлар шығармада заттанған күрделі атаулар ретінде қолданылады: Балаларының бұл тойға қатынасатынын білген соң, алтындатқан ер-тоқымды, жүген-құйысқанды қос күлсары жорға мініп Рабиу-Сұлтан-Бегім мен келіні Аққозы келген [3,183 б.].
Жылқының түр-түсін білдіретін күрделі атаулар академик Ә.Қайдаровтың жіктеуі бойынша екі топқа бөлініп қарастырылды: 1) негізгі екі түр-түс атауының тіркесуімен жасалған атаулар; 2) негізгі түр-түс атауларының біреуі не екеуі қатысып басқа сөздермен тіркесуімен жасалған атаулар. Екінші топ компонент санына байланысты: 1) екі компонентті; 2) үш және көп компонентті атаулар деп топтастырылды [6].
Екі компонентті атаулар екі түстің қосындысын білдіреді. Соңғы компоненті сол түстің доминанты болып есептеледі. Мәселен, жылтыр қара, сүліктей қара, тобылғы торы, кер торы, қара торы деген түс атауларының доминанты – қара және торы. Ғалым екі компонентті атаулардың соңғы сөзі түр-түстің өзін білдірмесе, онда негізгі мағынаға екеуі де ортақ болады дейді. Мысалы, қара төбел, ақ бақай, көк мойын тіркестеріндегі қара, ақ, көк түстер жылқының түсін түгел емес, белгілі бір бөлшегін ғана (төбелін, бақайын) анықтап тұр [6]. Шығармада жылқының мұндай түстері аз емес. Көп ішінен қара қасқа жүйрік мінген қара сұр жігіт суырылып алға шыға берді [3,547 б.].
Екі компонеті де негізгі түсті білдіретін атаулар: қара кер; қара көк; құла жирен; қара торы; боз шұбар. Екі компонентінің біреуі ғана түр-түсті білдіретін атаулар құрамына енетін компоненттің не алдыңғысы (анықтауышы), не артқысы (анықталушысы) негізгі түстің қосалқы мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Олар: қасқа, төбел, танау, бақай, бас, сауыр, табан, мойын, тұяқ, бел, тайпақ, ысқаяқ, жалпақ, сұлу, кербез, шаңқан, сүлік, шал, ор сияқты жылқының мүшелерін, ерекше белгілерін, я мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, көркін т.б. сипатын білдіретін сөздер [6]. Мысалы: мақпал қара, қан жирен, маңғаз торы, меңді жирен, әсем қоңыр, көк шолақ. Бұлар қалыптасқан тілдік бірлік ретінде саналады, соңынан бие, дөнен, бесті, байтал т.б. жылқы атауларының тұруын талап етпейді. Мұндай тіркестер трилогияда да даяр қалпында жылқы атауларының тіркесуінсіз қолданылады.
Жылқының түр-түсін білдіретін екі компонентті атаулар негізінде үш және көп компонентті атаулар жасалады. Академик Ә.Қайдаров айтқандай, бұл тәсіл түр-түске үстеме мағына артудан гөрі, оны дәлірек айтып, анықтай түсуді мақсат етеді: ақ бақай торы, жалпақ бел жирен.
Автор шығармада жылқының түр-түсіне қатысты күрделі атауларды “көркем сөздің бейнелеу, суреттеу, әсірелеу талаптарына сай” қолданады [5,98б.]. Сонымен қатар жылқының түр-түсіне қатысты шебер жасалған күрделі атаулар бірегей жазушының талғам-танымын, шеберлігін паш етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет