Қара – баранға жататын, сыртқы түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты жылқы түсі. Шығармада баран, қара, қара көк жылқылар аз сөз етілмейді. - ... әкем Құдайменді сұлтанға да отыз мың қара көк пен күрең бітті емес пе.. Жиырма мың қылаң мен бараным бар [5,101 б.].
Жылқыға біткен негізгі төрт түстің бірі – ала - жылқының негізгі түгінің (торы, көк, сары т.б.) ара-арасында ретсіз орналасқан үлкенді-кішілі ақ, ақшыл дақтары бар түс [6]. Ала сөзі екі түрлі мағынада жұмсалады: әрі әбден есейіп, күш жиған, мықты жылқы дегенді білдірсе, әрі жылқының түсін білдіреді.
Шығармада жылқының барлық түстері (қылаң да, баран да, ала да, шұбар да) қамтылған. Автор жылқыға біткен әр түсті өзіндік символикалық, магиялық, сакральдық мәндеріне қарай ұтымды қолдана білген.