*Физиологиялық босану және босанудан кейнгі кезең*2*28*6*
#121
*!Босанушыда ретті босану əрекеті басталды, толғақтар əр 3 минут сайын 40 секундтан, жатыр ернеуі 6 см-ге, қағанақ көпіршігі бүтін, ұрық басы кіші жамбас кіре берісіне бекінген.
Босану кезіндегі жатыр мойнының ЕҢ ықтимал ашылу жылдамдығы орта есеппен неше см/сағ?
*0,15
*0,35
*0,1
*+1,0
*1,5
#122
*!Босанушының салмағы 60 кг, босанудың 3 кезеңі басталды.
Босану кезінде босанушының дене салмағына қатысты ЕҢ ықтимал физиологиялық қан кету пайызы қандай?
*+0,5
*1,0
*1,5
*2,0
*2,5
#123
*!Босанушыда ретті босану əрекеті басталды, партограмманың толтырылуы басталды. Партограммада əлсіз толғақты қандай ЕҢ ықтимал маркировкамен белгілейді?
*нүкте
*+қиғаш штрих
*көлденең штрих
*ұзынынан штрих
*толық бояу
#124
*!Босанушыда ірі ұрықпен босану болды, Қан кету 600,0 құрайды .
Босанудан кейін ЕҢ ықтимал қанша миллилитрден жоғары қан жоғалту патология болып табылады?
*400
*+500
*600
*700
*800
#125
*!Босанушыда 4 сағат бұрын ретті босану əрекеті басталды, партограмма толтырылуы басталды.
Партограмма үзіндісінде《Х》таңбасымен ЕҢ ықтимал жатыр мойнының ашылуы қанша сантиметрмен белгіленген?
*+3
*4
*5
*6
*7
#126
*!Босанушыда 3 сағатбұрынқалыптыбосану əрекеті басталды, партограммада тіркелу жүргізілуде.
Партограмма үзіндісінде《О》таңбасымен ЕҢ ықтимал ұрық басының кіші жамбас қуысына өтуінің деңгейі қандай?
*+5/5
*4/5
*3/5
*2/5
*1/5
#127
*!Босанушы әйелде ретті босану әрекеті 8 сағат бұрын басталған, партограммада тіркелу жүргізілуде.
Нәрестеге қауіп төндіретін жағдайын диагностикалауға мүмкіндік беретін ЕҢ ықтимал партограмманың параметрі қандай?
*+мекониальды қағанақ суы
*жатыр мойнының ашылу динамикасы
*ұрық басының конфигурациясы
*ұрық басының жылжуы
*толғақтар сипаты
#128
*!Босанушы әйелде тұрақты босану әрекеті 8 сағат бұрын басталған, партограммада тіркелу жүргізіліп жатыр.
Партограмма үзіндісіндегі «» таңбасымен белгіленген ұрық басының ЕҢ ЫҚТИМАЛ конфигурациясы қандай?
*бас сүйектері бір-бірімен жанаспаған, жіктер оңай анықталады
*ұрық бас сүйектері бір-біріне едәуір енген
*+ұрық бас сүйектері аздап жанасқан
*ұрық бас сүйектері бір-біріне енген
*бас сүйектері ажыраған, жіктері кең
#129
*!Мерзімі жеткен босанушы әйелде ұзақтығы 60 секунд, әр 2 минут сайын қайталанатын күшенуші толғақтар байқалады. Қынаптық тексеру кезінде жатыр ернеуінің толық ашылуы, қағанақ көпіршігі жоқ, басы үлкен сегментімен кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына енген.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*босанудың бірінші кезеңі, латентті фаза
*босанудың бірінші кезеңі, белсенді фаза
*+босанудың екінші кезеңі
*босанудың үшінші кезеңі
*жалған толғақтар
#130
*!Алғаш босанушы әйел партограммасында босанудың бірінші кезеңінің ұзақтығы 8 сағат, ұзақтығы 25 секундтан, әр 6 минут сайын болатын тоғақтар, жатыр ернеуінің ашылуы 2 см, қағанақ көпіршігі бүтін, баспен келуі, кіші жамбас кіреберісіне бекінуі.
ЕҢ ықтимал босану қарқындылығы қандай?
*жылдам
*орташа
*жеткілікті
*біркелкі
*+жеткіліксіз
#131
*!Алғаш босанушы әйел партограммасында босанудың бірінші кезеңінің ұзақтығы 9 сағат, 45 секундтан әр 3 минут сайын болатын толғақтар. Бірінші қынаптық тексеруде - жатыр ернеуінің ашылуы 3 см, қағанақ көпіршігі бүтін, басы кіші жамбас кіреберісіне бекінген, 4 сағаттан кейін – жатыр ернеуінің ашылуы 7 см.
ЕҢ ықтимал босану қарқындылығы қандай?
*жылдам
*орташа
*+жеткілікті
*біркелкі
*жеткіліксіз
#132
*!Алғаш босанушы әйел перзентханаға 4 сағатқа созылған іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: толғақтар 35 секундтан, әр 4 минут сайын, ұрықтың жүрек соғу жиілігі 146 рет минутына. Қынаптық тексеруде жатыр мойны жазылған, жатыр ернеуінің ашылуы 2 см, қағанақ көпіршігі бүтін, басы кіші жамбас кіреберісіне бекінген. Босанушыда ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*жалған тоғақтар
*прелиминарлы кезең
*босанудың бірінші кезеңі, белсенді фаза
*+босанудың бірінші кезеңі, латентті фаза
*патологиялық прелиминарлы кезең
#133
*!Мерзімі жеткен қайта босанушы әйел перзентханаға 6 сағатқа созылған іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: 60 секундтан 2-3 минут сайын болатын күшенумен сипатталатын толғақтар. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жазылған, жатыр ернеуі толық ашылған, 50,0 мл ашық түсті қағанақ суы кеткен, ұрықтың баспен келуі, басы үлкен сегментпен кіші жамбас кіреберісіне енген.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*жалған тоғақтар
*+босанудың екінші кезеңі
*босанудың бірінші кезеңі, белсенді фаза
*босанудың бірінші кезеңі, латентті фаза
*патологиялық прелиминарлы кезең
#134
*!Перзентханаға мерзіміне жеткен жүктілікпен қайта босанушы әйел, 3 сағатқа созылған ішінің төменгі аймағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып түсті. Объективті: толғақтар 15-20 секундтан, әр 15-30 мин сайын, ретсіз; қынаптық тексеруде: жатыр мойны пісіп жетілген, қағанақ көпіршігі бүтін, ұрықтың басымен келуі, кіші жамбас кіреберісіне бекінген.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*+жалған толғақтар
*айтолғақтар
*босанудың екінші периоды
*босанудың бірінші периоды,латентті фаза
*босанудың бірінші периоды,активті фаза
#135
*!Босанушы әйелде 3 минут бұрын жедел босану болды, босанудың үшінші кезеңін күту тактикасымен жүргізу үшін әйелдің хабарландырылған келісімі бар. 10 минуттан кейін жатыр түбінің биіктігі кіндіктен жоғары көтеріліп, жатыр денесі оңға шалқайды, жыныстық үңгір аймағындағы кіндікке салынған қысқыш 10 см-ге ұзарды, күшену сезімі пайда болды.
Босанушыда балажолдасы ажырауының ЕҢ ықтимал белгілері қандай?
*+Шредер, Альфельд, Микулич
*Шредер, Кюстнер-Чукалов, Клейн
*Микулич, Гентер, Кюстнер-Чукалов
*Шредер, Кюстнер-Чукалов, Альфельд
*Шредер, Кюстнер-Чукалов, Альфельд, Клейн
#136
*!Нәрестенің туылғандағы дене салмағы 3000,0 грамм, өмірінің 5ші күнінде 2850,0 грамм,дене салмағының жоғалы 5%-ға тең
Осы нәрестенің ЕҢ ықтимал дене салмағының жоғалуы қандай?
*шекаралық
*патологиялық
*+физиологиялық
*компенсирленген
*декомпенсирленген
#137
*!Нәрестенің туылғандағы дене салмағы 3000,0 грамм, өмірінің 5ші күнінде 2640,0 грамм,дене салмағының жоғалы 12%-ға тең.Осы нәрестенің ЕҢ ықтимал дене салмағының жоғалуы қандай?
* шекаралық
*+патологиялық
*физиологиялық
*компенсирленген
*декомпенсирленген
#138
*!Босанушы мерзіміне жеткен тірі, ұл баланы дүниеге әкелді.
Апгар шкаласы бойынша ЕҢ ықтимал уақыт аралығында жаңа туылған нәрестенің жағдайы бағалануы қандай?
*1 және 5 секунд
*10 және 50 секунд
*+1 және 5 минут
*1 және 5 сағат
*10 және 50 минут
#139
*! Босанушы мерзіміне жеткен тірі, ұл баланы дүниеге әкелді. Нәрестені анасының кеудесіне жатқызды, жаңа туылған нәрестені медициналық тексеру жоспарлануда, оның салмағын өлшеу, кіндігін өлшеп, өңдеу.
Туылғаннан кейінгі кезеңде нәрестеге жүргізілетін толық медициналық тексерудің ЕҢ ықтимал жүргізілу уақыты қандай?
*20 секунд
*+2 минут
*20 минут
*2 сағат
*2 тәулік
#140
*!Мерзіміне жеткен тірі ұл бала туылды.
Туылғаннан кейінгі кезеңде нәрестенің кіндігіне салынатын қысқыштың ЕҢ ықтимал салынуы уақыты қандай?
*6 секунд
*+60 секунд
*3 минут
*60 минут
*6 сағат
#141
*!Қалыпты босану қызметі бар босанушы әйел 8 сағат босану бөлімінде, партограмма жүргізілуде. Соңғы 2 сағатта толғақтар әрбір 6 минут сайын 25 секундтан, ырғақты, монотонды.
Берілген толғақтар аталғандардың қайсысына ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
*жалған толғақтар
*+босану қызметінің әлсіздігі
*шектен тыс босану қызметі
*қалыпты босану қызметі
*дискоординирленген босану қызметі
#142
*!Қалыпты босану қызметі бар босанушы әйел 8 сағат босану бөлімінде , партограмма жүргізілуде. Соңғы 2 сағатта толғақтардың әсері күшейді және ұзақтығы артты, арасындағы интервал қысқарды.
Берілгендердің қайсысы босанушыға ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
*жалған толғақтар
*босану қызметінің әлсіздігі
*+шектен тыс босану қызметі
*қалыпты босану қызметі
*дискоординирленген босану қызметі
#143.
*!Босанушы әйел босану бөлімінде 2 сағат бойы бақылануда, толғақ ырғақты, күшті және ұзақ, қысқа интервалдармен.
Босану ырғағы босану әрекетінің қай түріне ЕҢ ықтимал?
*жалған тоғақтар
*босану әрекетінің әлсіздігі
*шамадан тыс босану әрекеті
*физиологиялық босану әрекеті
*+дискоординацияланған босану әрекеті
#144
*!Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 5-ші тәулікте дене температурасы 37,5 0С, іштің төменгі аймағындағы ауру сезімі. Анамнезінде: босануда –жатырда қалып қойған бала жолдасының бөліктерін қолмен алып шығару болған, лейкоцитоз - 13,2х109/л, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ -45мм/сағ.
Берілгендердің қайсысы босанғаннан кейінгі ЕҢ ықтимал іріңді-септикалық инфекцияның түріне сәйкес келеді?
*мастит
*перитонит
*параметрит
*+эндометрит
*пельвиоперитонит
#145
*!Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 5-ші тәулікте дене температурасы 37,5 0С, іштің төменгі аймағындағы ауру сезімі. Анамнезінде: босануда –жатырда қалып қойған бала жолдасының бөліктерін қолмен алып шығару болған, лейкоцитоз - 13,2х109/л, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ -45мм/сағ.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*параметрит
*сальпингоофорит
*пельвиоперитонит
*+эндометрит, жеңіл түрі
*эндометрит, ауыр түрі
#146
*!Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 2-ші тәулікте дене температурасы 390С, іштің төменгі аймағындағы ауру сезімі, әлсіздік, ихорозды иісті лохиялар, тахикардия, дірілдеу. Анамнезінде: босану кезінде бала жолдасының қалып кеткен бөліктерін қолмен шығарғу болған. лейкоцитоз - 19,2х109/л, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ - 50 мм/сағ.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*параметрит
*сальпингоофорит
*пельвиоперитонит
*эндометрит, жеңіл түрі
*+эндометрит, ауыр түрі
#147
*!Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді-септикалық ауруы бар әйелге 18-ші тәулікте қойылған диагноз: жүйелі қабыну жауап синдромы.
Алғашқы инфекция ошағы бар, босанғаннан кейінгі сепсис диагнозын қою үшін ЕҢ ықтимал жүйелі қабыну жауап синдромындағы ең аз симптомдар саны?
*1-ден кем емес
*+2-ден кем емес
*3-тен кем емес
*4-тен кем емес
*5-тен кем емес
#148
*!Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді-септикалық ауруы бар әйелге 18-ші тәулікте жүйелі қабыну жауап синдромы объективті көрсеткіштер негізінде қойылды: гипертермия 38оС жоғары, тахикардия, тахипноэ, айқын лейкоцитоз.
Жоғарыда көрсетілген симптомдардан басқа, жүйелік қабыну реакциясы синдромының ЕҢ ықтимал белгісі қандай?
*+гипотермия 360С төмен, лейкопения 4,0х109/л төмен
*гипотермия 36,60С төмен, лейкопения 5,0х109/л төмен
*гипотермия 36,60С төмен, лейкопения 6,0х109/л төмен
*гипертермия 370С, брадикардия 1 минутта 60 соққыдан кем
*гипертермия 37,50С, брадикардия 1 минутта 50 соққыдан кем
#149
*!Жаңа туылған нәресте өмірінің алғашқы 4-5 тәулігінде кішкентай қызыл дақтар мен кішкене визикулалардан құралған полиморфты бөртпе пайда болады, олар 2-3 күннен кейін өздігінен жоғалады, оның жағдайына әсер етпейді.
Көрсетілгін тізімнің қайсысы жаңа туылған нәрестенің күйін сипаттауға ЕҢ ықтимал болып табылады?
*+токсикалық эритема
*везикулез
*пустулез
*дерматит
*дерматоз
Достарыңызбен бөлісу: |