Америка халыќтары


Табиғи жағдайына қарай Африка бірнеше аймаққа бөлінеді



бет152/191
Дата05.02.2022
өлшемі3,17 Mb.
#25967
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   191
Табиғи жағдайына қарай Африка бірнеше аймаққа бөлінеді:

  1. Тропикалық аймаққа орталық экватордың батысы, Гвиней бұғазының солт жағалауы және Конго атырабы. Бұл жерлерде мәңгі көгеріп тұратын ағаштар өседі.

  2. Гилейдің солт-гі мен оңт-нде “муссон”ағаштары өседі. Бұл ағаштар Африканың жер көлемінің 30 %-ына тараған.

  3. Жартылай шөлейт солт-ігнде Сахара, оңт-ігінде Колахари және Намиб аймағы бар.

Климаты.

  • Африка орталығы экваториалды белдеуге жатады, онда жыл бойына мол жауын-шашын түседі және жыл мезгілдері ауыспайды. Экватор белдеуінен солтүстікке және оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік тропиктік белдеулері орналасқан. Оларға шөлдердің пайда болуына әсерін тигізетін аз ылғал мен жоғары температураның болуы тән.

  • Солтүстігінде Жер бетіндегі ең ірі — Сахара шөлі бар, оңтүстігінде — Намиб шөлі орналасқан. Құрлықтың Солтүстік және оңтүстік шеттері сәйкес субтропикалық белдеулерге жатады.

Африка – Оңтүстік Азия сияқты алғашқы адамдардың пайда болған жерінің бірі. Бұл құрлықтан адам қалпына келіп жетпеген австролопитек, зинджантроптардың сүйектері және синантроптың сүйегіне ұқсас қаңқалар да көп жерден табылған.
Палеолит дәуірінде де адамдар тіршілік еткен. Нигерия бассейнінде осы күнгі негроид халықтардың ата тегінің қаңқасы табылған. Алжирдегі Мешта жерінен табылған адамдардың сүйегіне қарағанда, палеолит кезінде Солт. Африкада Жерорта теңізінің Шығыс бөлігінен келген еуропалық типтегі адамдар мекендеген. Негроид тәрізді адамның (гримольдилік) сүйегі Ментоннан (Италиядан) кездескен. Мұндай халықтардың Солт. Италияны, Швейцарияны, Украинаны, Еділ бойын және Англияны мекендегендері жөнінде ғылыми деректер бар.
Палеолит дәуірінде тіршілік еткен адамдардың сүйек қалдықтары Африканың көп жерлерінен кездескен. Солт. Африкада Каспий дәуіріне жататын адам сүйегі табылса, ал 1929 жылы Жерорта теңізі жағалауындағы Константинопольден 30 адамның бас сүйегі және бүтін қаңқалар табылды. Осындай сүйектер Чад көлі төңірегі мен Судан жерінен табылған. Олар еуропоид пен негроид нәсілдерінің антропологиялық қасиеттері бар адамдардың сүйектері болып шыққан. 1929 жылы Кеип-Флэсте Кейптаун маңында, Блумфонтейннен 40 км оңт-ке Флорисбадта табылған сүйектер, өздерінің антропологиялық қасиеттері бойынша, австралиялық нәсілге жақын екені байқалады.
Неолит дәуірінің естеліктері Солт-Ш Африкадан, Суданнан ашылған. Б.з.д. 5 мж-та Ніл бассейнінде егіншілік болған. Осы кезде Эфиопия мен Магриб елдерінде, Сахара және Мысырдағыдай Сенегал мен Нигера өзендерінің бойларында егінш-к пен м/ш дамыған. Гвиней елдері тропикалық орманда өмір сүріп, терімшілікпен айналысқан.
Аборигендері темірді пайдалана білген. Темір дәуірі бұл жерде б.з.д. 7 – 5 ғ.ғ. болды. 15 ғасырдың соңында Африканың көптеген тұрғандары темірді жақсы пайдалана білген. Олар қоланы «қызыл темір» д/а. 10 – 11 ғ.ғ. араб саяхатшыларының айтуы бойынша, судандықтар темірден сүңгі (гарпун), т.б. істейтінін екен.
Халқы
Қазіргі Африка халқының жалпы саны 2004 жылы 800 млн адамнан асады. Бірақ Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Халқы негізінен екі нәсілден тұрады: Сахарадан оңтүстікке қарай — негроидтар, солтүстік Африкада және ОАР-да — европеоидтар. Африкада 56 мемлекет бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ уақыт бойына еуропа елдерінің колониялары болды да, тәуелсіздіктерін тек 20 ғ. 50-60 жылдары алды.
Оған дейін тек тәуелсіз болған мемлекеттер — Мысыр (1922), Етиопия (1941), Либерия (1847) және ОАР (1910), бірақ ОАР-да 90 жылдарға дейін де апартеид — жергілікті қара халықты кемсіту тәртібі сақталды.
Континет солтүстігінде Испанияның Сеута, Мелилья жерлері орналасқан. Таралған дәстүрлі діндері: ислам, христиандық (католиктер, протестанттар, православиеліктер, монофизиттер).
Африка мемлекеттерінің шекаралары, түрлі халықтар мен тайпалардың орналасуын есепке алмастан, жазанды түрде сызылғандықтан және жалпы африка қоғамының демократияға дайын болмағандығынан, көптеген африка елдерінде тәуелсіздік орнағаннан кейін азаматтық соғыстар басталып кетті. Көптеген елдердің билігіне диктаторлар келді. Осылайша орнаған режимдер адам құқығын менсінбеумен, бюрократиямен, тоталитаризммен ерекшеленеді, бұлар өз кезегінде экономиканың құлдырауына және кедейшіліктің өсуіне әкеліп соғуда.
Кең тараған тілдер араб, ағылшын, француз, суахили, конго, фулбе.

Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет