Америкалық Парламенттік Формат ережесі



бет1/2
Дата09.01.2023
өлшемі24,97 Kb.
#165197
  1   2
Байланысты:
ДЕБАТ ережесі


Америкалық Парламенттік Формат ережесі
Америкалық Парламенттік Формат (АПФ) – бұл парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады.
Спикер жəне оның сөзі:
1. Премьер-министрдің конструктивті сөзі - 4 минут - Қарарды ұсынады. - Өзінің кейсін нақты жəне айқын таныстырады. - Кейсін бірнеше тəуелсіз дəйек, тəуелсіз дəлелдер арқылы қолдайды.
2. Оппозиция көшбасшысының конструктивті сөзі - 5 минут - Ең басты міндеті: тақырыбына байланысты дəлелдер келтіру, үкіметтің дəйектерін терістеу.
3. Премьер-министр орынбасарының конструктивті сөзі - 5 минут - Қысқаша шолу жасайды. - Оппозицияның тəуелсіз талдауына шабуыл жасайды. - Үкімет кейсін қайта құрады/нығайтады.
4. Оппозиция көшбасшысы орынбасарының конструктивті сөзі - 5 минут - Оппозиция философиясын қайта қарайды. - Командалардың негізгі дəлелдерін жабады. - Үкімет мүшесіне қарсы.
5. Оппозиция көшбасшысы сараптамасы - 4 минут ЕСКЕРТУ: ЖАҢА ДƏЙЕКТЕР КЕЛТІРУГЕ БОЛМАЙДЫ. - Ойынды қорытындылайды, жаңа мысалдардың көмегімен өзінің позициясын нақтылайды. - Үкімет пен Оппозиция позициялары арасындағы анық айырмашылықтарды көрсетеді.
6. Премьер-министірдің талдауы - 4 минут ЕСКЕРТУ: ЖАҢА ДƏЙЕКТЕР КЕЛТІРУГЕ БОЛМАЙДЫ. - Раундтың қорытындысын шығарады, негізгі жəне сыни кезеңдерін айтады. - Жаңа мысалдардың көмегімен өзінің позициясын нақтылайды. - Үкімет пен Оппозиция позициялары арасындағы анық айырмашылықтарды көрсетеді.
Тағы ескерілетін жағдайлар: 1. Сұрақтар (“point of information”) “Сұрақ” – нақ осы сәтте сөйлеп жатқан қарсы топтың ойыншысына бағытталған сұрақ немесе пайымдау (утверждение). Сұрақ қою үшін пікірсайысшы орнынан тұрып, “сұрақ” не “рұқсат етіңіз” деп айту арқылы өзінің сұрақ қойғысы келіп тұрғанын көрсетуі қажет. Осы сәтте сөйлеп жатқан ойыншы сұрақты қабылдауға не қабылдамауға құқысы бар. Бұл сұрақ қоюшы тұрғаннан кейін 10-15 секундтан соң көрсетілуі тиіс. Егер сұрақ қабылданбаса, сұрақ қоюшы орнына отыру керек. Ал қабылданса, сұрақ қоюшы сөйлеушіге қысқа сұрақ пен комментариді айта алады. Сұрақтың ұзындығы 15 секундтан аспауы керек. Сұраққа жауап беруге кеткен уақыт оны қабылдаған адам үшін ескерілмейді. ЕСКЕРТУ: 1 СПИКЕР СӨЙЛЕГЕНДЕ ЖƏНЕ СОҢЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ АЙТЫЛҒАНДА СҰРАҚ ҚОЙЫЛМАЙДЫ!!!
2. Жеке басқа қол сұғушылық және дін • Егер сіз қарсылас топтың мүшесі Сіздің сөзіңізді қатты өзгертіп не жеке намысыңызға тиіп жатқанын сезсеңіз, онда “Жеке басқа қол сұғушылықты” пайдалана аласыз. Тұжырымдау, шешім қабылдау мен уақытша бағалау процедурасы тәртіпті бұзу процедурасымен тепе-тең. Егер жеке басқа қол сұғушылық қабылданса, онда сөйлеп жатқан спикер сізге берген ұнамсыз бағасын түсіріп тастап, өз сөзін жалғастыруы керек. Жеке басқа қол сұғушылықты тек Сіздің сөзіңізді шынымен бұрмалап, намысыңызға тиген жағдайларда ғана пайдаланыңыз. Өз қарсыластарыңызға аздап еркіндік беріңіз, сіздің кейс бойынша жеңіл сарказм мен әзіл-қалжың сізді үрейлендірмеуі тиіс. Егер сіз қарсылықты таласты жағдайда білдірсеңіз, онда бұл шектен асушылық болып көрінеді. Өзіңізге өзіңіз төреші бола отырып, шын төрешінің реакциясын болжай біліңіз. • Дінге байланысты деректер айтылмауы тиіс, оны дәлел ретінде беруге болмайды, себебі әр адамның дінге деген көзқарасы өзгеше.
3. Стиль мен риторика Дәйектерді ұсыну мәнерінің маңыздылығы дәйектердің өздерінен кем емес. Тізбектелген, нақты әрі сенімді сөз төрешілерге тиісті әсер етеді. Риториканың әртүрлі техникаларын қолдану сөзіңізге қуат беріп, презентацияларыңыз бұдан тек әрлене түседі.
4. Әзіл-қалжың (юмор) Әзіл – парламенттік пікірсайыстың маңызды бөлігі, оны қолдану сөзіңіздің әсерін өсіре алады. Юмор, орынды сарказм, күлкілі мысалдар мен анекдоттарды төрешілер жоғары бағалайды. Орынсыз қалжың, намысқа тиетін әзілдер мен асыра сілтеушілікті төреші бағаламайды. Ұтымды әзіл мықты құрал болуы мүмкін, төрешілер шешім қабылдар кезде мұны ескереді.
5. Дауыс Көптеген жас пікірсайысшылардың ортақ проблемасы – монотонды сөйлеу. Бұл төрешіні ұйықтатудың ең оңай жолы. Тон мен фразаларды ұсынуды құбылтыңыз, ауызекі стиль мен дауыс тонын қолдануға болады. Сөзіңіздің әрі сенімді, әрі тәкаппар шығуына, тым паң болмауына тырысыңыз. Бұл төрешінің назары мен қызығушылығын тудырып отырады, Сізге маңызды сәттерде драмалық (жоғарғы) тон арқылы өз сөзіңіздей кейбір мәселелерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Төрешінің сізді естіп отырғанына көзіңізді жеткізіңіз, бірақ бар дауыспен айқайлаудың қажеті жоқ. Сіздің даусыңыз бөлменің көлеміне ыңғайлану керек, лекцияда ұтымды болғаны кішкентай класста ұнамсыз әрі ұтымсыз естіледі.
6. Дикция Нақты сөйлей отырып ауызекі стильді сақтаңыз. Сөздерді жұтпаңыз және бұрмаламаңыз, әйтпесе төреші сіздің сөзіңіздегі маңызды нәрсені жіберіп алуы мүмкін. Сөйлеу қоспаларынан құтылыңыз, сөйлемдеріңізді үрей тудыратын “Умммм” және “Ээээ..” сияқтылармен бөлмеңіз. Бұлар сөзіңіздің мәнінен көңілді аудартып жібереді. Өз әріптесіңізге бұларды қолданбауын қадағалап тұруына өтініш жасаңыз. Және де үлкен өтініш – маужырап, ұйықтап кетпеңіз және еркек спикерді “спикер ханым”, ал әйел спикерді “спикер мырза” деп атамаңыз. Олар мұны түсініп өкпелемейтін шығар, бірақ бұл шын мәнінде ыңғайсыз естіледі.
7. Тыңдаушылармен байланыс Сіздің алғашқы парламенттік пікірсайысыңыз үлкен аудитория алдында өтпейтін (өтпеген) шығар. Бөлмеде 6-7 адам отыруы мүмкін. Осы кезде сізде көз байланысынан, не аудитория алдында бірнеше рет сөйлеуге байланысты ескі қорқыныштардан (егер олар сізде бар болса) құтылуға мүмкіндік туады. Басқа топқа емес, әріптесіңізге, төрешіге қараңыз. Барлық ойлар төрешіге бағытталуы тиіс – сіз басқаны емес тек соны сендіруіңіз керек. Күлімсіреп қарауды ұмытпаңыз, сіз істеп тұрған істен рахат алып жатқандай болып көрінуіңіз керек (шын мәнінде тәжірибе арқасында көпшілік алдында сөйлеуден ләззат ала бастайсыз). Бұл төрешіге ұнап, сіздің сөзіңізді ол үшін сенімді етеді. (Әрине, бұл қағидадан да ауытқушылықтар бар, мысалы: Босниядағы зұлымдықтар туралы күлімсіреп айтуға болмайды). Сөзіңіз жазылған параққа қарауға тырыспаңыз. Оның орнына көзіңізді параққа маңызды пункт аяқталып, келесісі басталар алдында салыңыз – бұл ойыңыздың жинақталуына көмектеседі. Одан соң қайтадан төрешіге қарап, жаңа пунктті түсіндіре бастаңыз. Жас пікірсайысшылар уақыттың 80%-да параққа қарап, 20% уақытта төрешіге қарайды. Бұдан қарама-қайшы нәтижеге тап боласыз.
8. Ым (жест) мен қолдың қимылы Қолдың қимылын маңызды пункттерді ерекше көрсету үшін қолдану керек, бірақ оларды тым артық қимылдата беру пайда әкелмей, тек сізді бір түрлі етіп көрсетуі мүмкін. Әрбір ымның мақсаты болғаны жөн. Қолдарыңызды бетіңіздің алдында орынсыз қимылдата беру тек әйтеуір қимылдау үшін болмауы керек. Ымдар өжет, еркін болып, бірақ тоқтаусыз жалғасуы дұрыс болмас. Ымды аяқтағаннан кейін қолдарыңызды бастапқы орнына қайтарыңыз,- олар әрі қарай ауада иіліп қалмауы керек. Ым кезінде қолдарыңыз пайдаланылмаса жай еркін тұрсын. Кейде пікірсайысшылар қобалжуларын қолдың қозғалысы арқылы кетіруге тырысады. Мына әрекеттерден аулақ болыңыз: жалбарынып тұрған қолдар, бүкіл сөз бойы алдыңызда қатты айқастырылған қолдар; шашты, галстукты не киімді ұстай беретін қолдар; трибунаға жабысып алған қолдар; жабықтықтың үнемі ымдары және “секірмелі доптың” ымдары – артыңызда айқасқан қолдар, қалтаңыздағы қолдар; екі жағыңызда қимылсыз жатқан қолдар.
9. Қимыл Сөйлеу кезінде ең жақсы қимыл – қимылдың болмауы болар. Егер сіз сөйлеу кезінде жүре алмайтыныңызды сезсеңіз, онда қадамды пунктті түсіндіру кезінде емес, олардың арасында жасаңыз. Мысалы: бірінші пунктты аяқтаңыз; подиумда алға қарай жүріңіз; екінші пунктты бастаңыз; оны бітіріңіз; орныңызға қайтып келіңіз. Аяғыңызды нық басыңыз; аяқтың ұшымен жүрмеңіз, алға-артқа теңселмеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет