Амфибия, құстар және сүтқоректілердің даму циклі



бет6/10
Дата13.12.2021
өлшемі45,18 Kb.
#125935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Амфибия

Денесінің құрылысы

Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2 грамдық, сондай-ақ тұрқы 33 м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.



Тері жабыны

Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар - терінің қосалқы бөлімдеріне жатады. Тері бездері мен тер бездері зат алмасуын, дене температурасын реттейді және тері бездерінің иісті затының жауынан қорғануда, үйірге түскенде бірін-бірі табуда, еліктетуде маңызы үлкен.



Қаңқасы

Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасымен [кеуде қуысы], иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан тұрады. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы - 7. Бассүйекке астыңғы жақсүйек қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Бассүйектегі басқа сүйектер бірімен-бірі жіктесіп, тұтасып кеткен.

Омыртқаларының беті жалпақ (платицельді). Мойын омыртқасы 7 (6 болуы сирек, тек кейбір теңіз сиырларда) не 8-9 (жалқау аңның кейбір түрі). Көбінің аяғы бес саусақты, бірақ көбіне қатты өзгерген, мысалы, тақ тұяқты (жылқы), ескек тәрізді (итбалық, кит), қанат тәрізді (жарқанат). Кейбір түрінің артқы аяқтары жойылып кеткен (рудимент түрінде ғана сақталған). Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын көк ет (диафрагма) бөліп тұрады.

Бұлшық еттері

Сүтқоректілердің бұлшықеттері жақсы дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы бұлшықеттер түрлі бағытта орналасқан. Бассүйектегі шайнау бұлшықеттерінің бәрі астыңғы жақсүйекпен байланысады. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкет (диафрагма) пайда болған. Көкет тыныс¬тық қозғалыстарға (тынысалу, тынысшығару) қатысады.



Асқорыту жүйесі

Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделілене түсіп, етті еріндер пайда болған. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет дат деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің ұяшықтарында тістер орналасқан. Олар құрылысына, атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді. Алдымен сүт тістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. Ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны көп қуысты. Оны үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет