Амфибия, құстар және сүтқоректілердің даму циклі



бет10/10
Дата13.12.2021
өлшемі45,18 Kb.
#125935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Амфибия

Шаруашылықтағы маңызы

Сүтқоректілердің шаруашылық маңызы зор. Жабайы аңдардан мамық терібылғары, ет, май, панта (дәрілік мүйіз), мускус, т.б. өнімдер алынады. Бұлардың бірқатар түрлері (суыр, тиінондатр, түлкі, бөкен, т.б.) кәсіптік және әуесқойлық мақсатта ауланады. Кейбір сүтқоректілер (кемірушілер, жыртқыштар) адам мен мал арасына түрлі аурулар (обааусылқұтыру, туляремия, сарып) таратады. Тышқан, тоқалтіс, егеуқұйрық, т.б. – аңдар және орман ш-тарының зиянкестері. Республикадағы аса бай сүтқоректілердің фаунасы мал шаруашылығының аса бағалы генофондысына айналды. Биязы жүнді қой мен арқарды будандастыру нәтижесінде жаңа қой тұқымы – қазақтың арқар-мериносы, үй шошқасын жабайы шошқамен будандастыру арқылы – жетісу шошқасы шығарылды.

Класс тармақтары

Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер 2 класс тармағына жіктеледі. Олар: ілкіаңдар және қазіргі аңдар.

Ілкіаңдар (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер - жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақтағы аралдарда кездесетін үйректұмсық, түрпі (ехидна), түрпітек (проехидна) жатады.

Қазіргі сүтқоректілер немесе аңдар екі топқа (төменгі және жоғары сатыдағы аңдар) бөлінеді. Төменгі сатыдағы аңдарды «қалталы сүтқоректілер» деп те атайды. Олардың басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлері Оңтүстік Америкада таралған. Ұрпақтары өте кіші әрі әлжуаз. Ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салып, оның ішкі жағындағы сүт бездерінен бөлінетін сүтімен асырайды. Қалталы сүтқоректілер бұдан 140 млн жыл бұрын пайда болған.

Қазіргі кездегі сүтқоректілердің көпшілігінің ұрығы аналықтарының жатырында дамып жетіледі.

Сүтқоректілердің қорғау

Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішінде жұпартышқанқызыл қасқырқабыланқарақалбарысқұланМензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласын териология деп атайды.

Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың ұқсастықтары

Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың дене құрылысында, тіршілік әрекетінде көптеген ұқсас белгілер (мүйізді қабыршақтар, тырнақтар) көп. Ұрықтарының дамуы да ұқсас. Бұл белгілер олардың туыстық жақын екенін көрсетеді. Бұдан 250—180 млн жыл бұрын аңтісті кесірткелер тіршілік еткен. Олардың тістері қазіргі кездегі сүтқоректілерге ұқсас күрек, сойдақ, азу тістерге жіктелген. Бірте-бірте олардың денесінің сыртында түкті жабын пайда болып, дене температурасы тұрақтанған. Сүтқоректілердің көптеген түрлері өсімдіктермен қоректенуге көшкен. Жыртқыштық жолмен қоректенетіндері де бар. Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің сан алуан түрлері бұдан 90—70 млн жыл бұрын жер бетінде кеңінен таралған.

Қорытынды



Сүтқоректілер - көпшілігінің денесін түк қаптаған, дене температурасы тұрақты, ұрпағын сүтімен қоректендіретін, жоғары жаратылымды жануарлар. Миы жақсы жетілген, сондықтан қалыпты жағдай өзгергенде мінез-құлығын да өзгертіп, жаңа жағдайға оңай бейімделеді. Жылықанды және қанайналымының екі шеңбері толық ажыраған. Өкпесінде өкпе ұяшықтары болғандықтан, газ алмасу беті ұлғайған. Сондықтан зат алмасу үдерісі жоғары деңгейде өтеді. Аналық денесінде ұрпағын көтеруге мүмкіндік болғандықтан және оны сүтімен қоректендіре алатындықтан, сүтқоректілер өзге ағзалардан ерекшеленеді. Қазіргі сүтқоректілер негізгі екі класс тармағына бөлінеді. Олар ілкіаңдар (немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер) және қазіргі аңдар (немесе қалталылар және қағанақтылар) класс тармағы деп аталады. Жұмыртқа салатын, ұшатын, суда жүзіп өмір сүретін, құрлықта мекендейтін сүтқоректілер бар. Бұлардың көпшілігі төрт аяқпен жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет