көрсетілді. Мазмұны: құдайға сыйыну тек чех тілінде жүргізілсін. Дін өкілдері
барлық артықшылықтарынан айырылды.
2.
табориттер (радикалды бағыт; Табор тауының атына байланысты
шыққан) – шаруалар, бюргерлер мен қала плебейлерінің бір бөлігі, кедейленген
дворяндарды біріктірді. Бағдарламасы шіркеу реформасымен қоса, барлық
қоғамдық және саяси өмірді өзгертуді талап етті.
Чашниктер мен табориттер арасындағы идеологиялық күрес тоқтамайды.
Олар тек кресшілерге қарсы күресте ғана бірікті. Чашниктер католиктермен
келісімге келуге тырысты. Осы арқылы гусшілдер қозғалысын талқандауды
мақсат етті.
1422 жылы гусшілдерге қарсы үшінші рет крест жорығы
ұйымдастырылды. Сәтсіз аяқталды. Осыдан кейін табориттер мен чашниктер
арасында күрес қайта басталды. 1424 жылы жазда Ян Жижка бастаған
табориттер әскері чашниктерді жеңіліске ұшыратты. Көп кешікпей Жижка оба
аурынан қайтыс болды. Орнына Прокоп Великий тұрды. Оның басшылығымен
гусшілдер жақсы жеңістерге жетіп жүрді.
1426 жылы гусшілдер Уст маңындағы шайқаста Сигизмундтың әскерін
талқандады. 1427 жылы Папа жариялаған төртінші крест жорығы да сәтсіз
аяқталды. 1431 жылы бесінші крест жорығы гусшілдерге қарсы бағытталған
соңғы жорық болды. Домажлиц түбіндегі шайқаста кресшілер армиясы күйрей
жеңілді. Гусшілдер қозғалысы енді басып алуларға көшеді. Германия, Австрия,
Венгрияға басып енді. 1433 жылы гусшілдер солтүстікке жорық
ұйымдастырды. Балтық теңізінің жағалауына жетті. Гусшілдердің қатарына
венгрлер, немістер, поляктар, тіпті орыстар да қосылды. Папа мен император
крест жорықтарынан күдер үзіп, чашниктермен бірлесуді жөн көрді. 1431 жылы
шақырылған Базел соборында гусшілдермен келіссөздер жүргізіп, 1433 жылы
чашниктердің қолдауына ие болды. «Прагалық компакттар» бойынша Чехияда
құдайға чех тілінде сыйынуға рұқсат берілді. Табориттер «Прагалық
компакттарды» мойындамады. Нәтижесінде чашниктер мен табориттер
арасында соғыс басталды. Чашниктер католик шіркеуінің қолдауымен 1434
жылы 30 мамырда Липан шайқасында табориттерді жеңіліске ұшыратты.
Прокоп Великий мен оның жақтастары шайқаста қаза табады. 1437 жылы
соңғы табориттердің соңғы қолбасшысы Ян Рогач дарға асылды. Чашниктер
король деп таныған Сигизмунд Праганы алды.
Гусшілдер соғысының нәтижесі – Чехияның ұлттық жаңаруы болды.
Достарыңызбен бөлісу: