Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет1/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019



Қамиева Г.Б. 
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ 
АҚТАУ 2019 


Қамиева Г.Б. 
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ 
 
Оқу құралы 
АҚТАУ 2019 
 



ӘОЖ 94 (075.8) 
КБЖ 63.3 я73 
Қ 31 
Пікір беруші: 
Едилханова С.А., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
Табылдиева О.Д., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Қ 31 Қамиева Г.Б. Орта ғасырлар тарихы: 
Оқу құралы. – Ақтау, 2019. – 172 
б. 
ISBN 978-601-308-171-7 
«
Орта ғасырлар тарихы» тарихшыларды теориялық-методологиялық 
дайындауда базалық пәндердің қатарына жатады. Жоғары оқу орындарында 
«Орта ғасырлар тарихы» пәнін оқу студенттерге феодализмнің даму жолдарын 
ашып беруге, оның әртүрлі елдерде пайда болуының өзіндік ерекшеліктерін 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының «Тарих» мамандығында оқитын 
студенттеріне арналып жасақталған.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және 
инжиниринг университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімі бойынша 
баспаға ұсынылған. 
ӘОЖ 94 (075.8) 
КБЖ 63.3 я73 
 
 
 
ISBN 978-601-308-171-7 
© Г.Б. Қамиева, 2019. 
© Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2019. 



КІРІСПЕ 
 
Еуропа елдерінің «Орта ғасырлар тарихы» – дүниежүзілік тарихтың 
ажырамас саласы және негізгі кезеңдерінің бірі. Бұл кезең кеңестік тарихнама 
арқылы қалыптасқан шежірелеу (хронология) бойынша 12 ғасырдай уақытты
яғни, V ғасырдың аяғынан – ХVІІ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі 
аралықты қамтиды. Осы уақыттың ішінде Еуропа елдерінде алуан түрлі 
көрнекті оқиғалар болып өтті. Ең алдымен, экономикалық және қоғамдық 
өмірдің жаңа формалары пайда болды немесе бұрынғы құлиеленушілік қоғам 
жаңа кезең – феодализммен алмасты. Қазіргі Еуропа мемлекеттері, оның 
ұлттары мен ұлыстары қалыптасты.
Сонымен қатар материалдық және рухани 
мәдениеттің дамуында да алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда неғұрлым ілгері 
басушылықтар байқалды. Бұл дәуірден тамаша поэзиялық шығармалар, соның 
ішінде халық шығармашылығының ескерткіштері, құрылыс, мүсіндеу және 
бейнелеу өнерінің ғажайып үлгілері күні бүгінге дейін келіп жетті. Дәуірдің 
аяғында ой-пікірдің дамуында төңкеріс болып, гуманистік ой-пікір дамыды.
Алайда, орта ғасырларды бір жақты, тек прогрессивті дамудың кезеңі деп 
қарастыруға да болмайды. Себебі, Орта ғасырлар феодалдық қанау мен 
қыспаққа алуды, инквизиция және діни құлдықты, сондай-ақ, шаруалардың 
феодалдар мен шіркеуге қарсы ауқымды көтерілістерін, қала адамдарының 
феодал мырзалармен күресін, яғни, шиеленіскен әлеуметтік қайшылықтарды, 
халық бұқарасының әлеуметтік ой-пікірлерін білдіруші еркін ойдың тұңғыш 
көріністері – еретиктердің қозғалысын адамзат тарихында қалдырды. Бұл 
кезеңде дамудың алдыңғы қатарына шыққан елдердің арасында ықпал аймағын 
бөлісу жолында қырғын соғыстар өрбіп, отарлау жүйесі де басталды.
Сонымен, Ұлттық және мемлекеттік университеттердің «Тарих» 
мамандығындағы оқу топтарында «Орта ғасырлар тарихын» оқу феодалдық 
құрылыстың дамуының жолдарын ашып беруге, оның әртүрлі елдерде пайда 
болуының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет