Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары:
1.
«Халықтардың Ұлы қоныс аударуына» қандай оқиғалар әсерін тигізді? 
2.
Империяны варварлардан қорғау үшін варварларға жүгінуге мәжбүр 
болудың салдары қандай болды? 
3.
ІV ғасырдағы Рим армиясының варварлануын неден көруге болады? 
4.
Рим империясының аумағында неше варварлық корольдік құрылды?
5.
Батыс Рим империясының құлауын тездеткен қандай оқиға болды? 
§ 4. 
Франк мемлекетінде феодалдық қатынастардың қалыптасуы 
 
Франктердің Галлияны жаулап алуы. Франктер туралы алғашқы деректер 
ІІІ ғасырда пайда болды. ІІІ ғасырдың аяғында германдықтар Рейннің оң 
жағынан сол жағына көшті. Каталаун шайқасында (451 ж.) германдықтар 
федераттар ретінде римдіктердің жағында соғысты. Рим тарихшыларының 
16 


шығармаларында германдық тайпалар франктер деп аталды. Соған қарағанда, 
франктер жаңа ірі тайпа бірлестігі болған тәрізді. Ол өзінің құрамына бірқатар 
германдық тайпаларды біріктірді. Франктер екі үлкен тармаққа бөлінді: 
1.
теңіз бойлық (салилік – латынның Salum – теңіз деген сөзінен) 
2.
жағалаулық (рипуарлік – латынша – ripa-жаға деген сөзден) 
Салилік франктер Рейннің сағасында, рипуарліктер оңтүстікке таман, 
Рейн және Маистың жағалауында. Франктер бірнеше рет Рейн өзені арқылы 
өткен. Мақсаты Галлиядағы римдік иеліктерге шабуыл жасау. 
Солтүстік шығыс Галлияны франктер V ғасырда басып алды. Бұл Рим 
империясы аумағының елеулі бөлігі еді. Жаулап алынған аумақта бұрынғы 
Франк корольдері билік етті. Франк корольдерінің арасында Меровей ерекше
танымал болды. Оның кезінде франктер Каталаун даласында (451 ж.) Аттилаға 
қарсы соғысты. Меровейдің атынан кейін корольдік ру Меровингілердің аты 
пайда болды. Меровейдің ұлы және тақ мұрагері Хильдерик болды. Ал, 
Меровингілер руының неғұрлым танымал өкілі король Хлодвиг (481 – 511) 
(Хильдериктің ұлы және мұрагері) болды. Хлодвигтің патшалық құру тарихы 
V
І ғасырдың екінші жартысындағы епископ Григорий Турскийдің 
«Франктердің тарихы» деп аталатын еңбегінде кеңінен баяндалған. Тарихи 
еңбектерде франктердің өміріндегі елеулі оқиғалардың Хлодвигтің есімімен 
байланысты екендігі ерекше атап көрсетіледі. 
Хлодвиг салилік франктердің көсемі болды. Ол ұланғайыр Галлия 
облыстарын жаулап алуды жүргізді. 486 жылы Франктер орталығы Париж 
бастаған Суассон облысын (Галлиядағы римдіктердің соңғы иелігі) басып алды. 
Оны Рим магнаты Сиагрий басқарып тұрған еді. Сиагрий франктерге қарсылық 
көрсете алмады. Рим әскерлері талқандалды. Сиагрий вестготтарға қашады, 
алайда вестгот королі оны Хлодвигке ұстап берді. Хлодвиг Сиагрийді өлтіреді. 
Жаулап алушылықтар жалғаса берді, тез арада франктер Сена және Луара 
арасындағы аумақты жаулап алды. Енді Хлодвиг франктерге жерді молынан 
бөліп бере алатын болды. Көптеген өзендері, жыртуға жарамды құнарлы 
жерлер, еменді ормандары бар ұланғайыр аймақ франктерге қарады. Уақыт 
өткен сайын қоныстанушылардың қатары франктермен толыға берді. 

ғасырдың аяғында франктер алеман тайпаларына күйрете соққы берді. 
Оларды біртіндеп Галлиядан Рейнге қарай тықсырды. 
496 жылы Хлодвиг христиан дінін қабылдады. Бұл жағдай франктер үшін 
күрделі саяси нәтижелер берді. VІ ғасырдың басында бүкіл Оңтүстік Галлияға 
билік жүргізген вестготтарға қарсы франк жасақтары соғысты. Батыс римдік 
дін өкілдері бастаған көптеген қалалар мен бекіністер Хлодвиг жасақтарына 
қақпаларын бірден ашып берді. Франктер 507 жылы Пуатье маңындағы 
шешуші шайқаста вестготтарды толық талқандады. Осы жаулап 
алушылықтардың нәтижесінде құрылған Франк мемлекеті ұланғайыр аумақты 
қамтыды. Бұрынғы римдік Галлияның бүкіл аумағынан құралды. Хлодвигтің 
ұлдары кезінде Франк корольдігіне Бургундия да қарады. Франктер Солтүстік 
Шығыс Галлияда вестготтар тәрізді жергілікті халықпен сіңісіп кетпей, жинақы 
бұқара болып өмір сүрді. Әскери жорықтар кезінде оларды тез табыстарға 
жеткізген өте берік қауымдық байланыстары болды. Франктер бұрынғы 
17 


отанынан да қол үзбеді. Корольдер мен франк шонжарлары галло-римдік 
халықпен қақтығысқа түспеді. Хлодвигке тұрақты қолдауды шіркеу жасап 
отырды. Бұл себептердің барлығы франктердің жаулап алу жорықтары оңай 
жеңістерінің себебін ашып береді. VІ ғасырдың екінші жартысында Франк 
корольдігі бүкіл варварлық корольдіктердің ішіндегі ең ірісі болды. 
Алайда, ерте феодалдық Франк мемлекеті король Хлодвиг қайтыс 
болысымен-ақ удельдерге бөлініп кетті. Корольдің 4 ұлының әрқайсысы өзінің 
уделін алды. Хлодвигтің ұлдары әкелерінің жаулап алу жорықтарын 
жалғастырды. 523 жылы олар бургундарға қарсы бірлескен жорық жасады. 
Жорық Бургундия мемлекетінің жекелеген бөліктерін жаулап алумен аяқталды. 
Византиялықтардың Италияда остготтармен соғысы басталған кезде 
Хлодвиг немересі Теодоберт (Дитрихтың ұлы) соғысқа қатысты. Италияда 
соғысып жатқан мемлекеттермен Теодоберттің қарым-қатынасы сол замандағы 
саяси қатынастарды сипаттайды. Теодоберт остгот королінен ақша салып, оған 
көмектесуге уәде етеді, алайда ол Византияға қарсы, әрі остготтарға қарсы да 
соғысады. Италияның солтүстік бөлігін талқандап, ол остготтардан Бавария 
және Алеман герцогтықтарын тартып алды. 
Жекелеген облыс билеушілерінің билігін кеңейтуі корольдік үкімет үшін 
қауіпті мөлшер ала бастады. Феодалдық қоғамға тән орталық және жергілікті 
билеушілер арасындағы қақтығыс пайда болды. Бұл ақыр аяғында 
Меровингілер үйі билеген Франк корольдігінің құлдырауына әкелді. Артынан 
қысқа мерзімге Франк мемлекеті қайта бірікті, кейін қайта бөлшектенеді. Тек 
Хлодвигтің шөберелері ІІ Хлотарь және І Дагоберт қана VІІ ғасырдың басында 
мемлекеттің ұзақ уақыт бірігуіне қол жеткізе алды. 
Меровингілер әулеті өзін өзара алауыздықтарымен әлсіретіп алды. Бұл 
алауыздықтың сипатын Хлодвиг мұрагерлерінің арасындағы 40 жылдық 
соғыстар байқатады (VІ ғасырдың 60-ж.ж. аяғынан – 613 жылға дейін). Осы 
ауыр күресте Меровингілер әулетінің екі тармағының екі ханшайымы 
(королева) ерекше дараланды: 
1.
Австразия королі Сигиберттің әйелі Брунгильда 
2.
Хильпериктің әйелі Фредегона. 
613 жылы бүкіл корольдіктегі билік Хильперик және Фредегонаның ұлы 
ІІ Хлотарьға өтті. Хлотарь 614 жылғы эдикт бойынша жер ақсүйектеріне 
алауыздықтар кезінде алған барлық поместьелерін сақтауға міндеттенді және 
графтар етіп (округ билеушілері) тек жергілікті жериеленушілерді сайлауға 
уәде берді. 
Алайда ІІ Хлотарь қайтыс болғаннан кейін мемлекет қайтадан 
бөлшектене түсті. 
Меровингілік Франк мемлекетінің құрылуы. «Салий ақиқаты» бойынша 
франктердің шаруашылық тұрмысы және қоғамдық құрылысы.
 
V
І ғасырдың 
аяғынан бастап Франк мемлекетінің құрамында 3 дербес облыстар пайда 
болды: 
1.
Орталығы Париж болған Солтүстік-Батыс Галлиядағы Нейстрия;
2.
Франк мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі – Австразия (Рейн 
мен Маастың екі жағалауы; 
18 


3.
Бұрынғы бургундар патшалығы аумағы – Бургундия.
V
ІІ ғасырдың аяғында оңтүстік-батыста Аквитания бөлініп шықты. Бұл 4 
облыс бір-бірінен халқының этникалық құрамы және әлеуметтік құрылымының 
ерекшелігімен, феодалдану дәрежесімен ерекшеленді. 
Бұл облыстар олардың бір мемлекетке бірігуіне кедергі келтірген 
экономикалық жағынан әлсіз байланысты. Франк мемлекеті ыдырағаннан кейін 
осы облыстарды басқарған Меровингілер үйінің корольдері әрқайсысы жоғарғы 
билік үшін үздіксіз талас жүргізді. VІІ ғасырдың аяғында патшалықтың барлық 
облыстарындағы билік іс жүзінде майордомдардың (majordomus – сарай 
шаруашылығын басқарушы үйдің ең үлкені) қолында болды. Алғашында бұлар 
корольдік сарай басқармасын басқарушы қызмет адамдары болды. Кейін 
майордомдар ірі жер иелеріне айналды. Аталған облыстардағы барлық басқару 
солардың қолына жинақталды. Меровинг үйінің корольдері іс жүзінде барлық 
биліктен айырылып, майордомдардың еркімен тағайындалып отырды.
Меровинг дәуіріндегі франктердің қоғамдық құрылысы туралы маңызды 
деректердің бірі «Салий ақиқаты» болып табылады. Ол салий франктерінің 
заңдық әдет-ғұрыптарының жазбасы. Бұл жазба Хлодвигтің билігінің соңғы 
жылдарында корольдік басқарманың ұсынысы бойынша тайпа ақсақалдарының 
сөзі бойынша құрастырды. «Салий ақиқаты» франк тайпаларында жаулап 
алғанға дейін болған алғашқы қауымдық қоғамның тәртіптерін неғұрлым 
шынайы тұрғыдан көрсетеді. Мұнда, сонымен қатар мүліктік және әлеуметтік 
теңсіздіктің, жылжымалы мүлікке жеке меншіктің, жерге мұрагерлік құқық, 
ақырында мемлекеттің пайда болуы туралы да жаңа тың мәліметтер табамыз. 
V
І – ІХ ғасырлардың өн бойында франк корольдері «Салий ақиқатына» 
жаңадан толықтырулар енгізіп тұрды. Ежелгі германдықтармен салыстырғанда, 
франктердің шаруашылық даму деңгейі әлдеқайда жоғары болды. VІ ғасырдың 
өзінде жер шаруашылығында екі танапты егістік пайда болды. Ауыл 
шаруашылығында жұмыс көлігінің әр түрі пайда болды. Елеулі дәрежеде ауыл 
шаруашылығы да дамыды. Аңшылық, балық аулау, ара өсіру кәсібімен де 
шұғылданды.
Аталған кезеңде франктерде жылжымалы мүлікке жеке меншік жақсы 
дамыды. Мысалы, бұл туралы «Салий ақиқатында» нан, ірі қара, құс, қайықты 
ұрлағанға салынатын жоғарғы айып-пұл туралы айтылады. Негізгі жер 
қорының иесі болып әр деревня, оның тұрғындарының ұжымы – қауымды 
құраған ерікті ұсақ жер иелері жатты. Франктерде жерге дербес жеке меншік V 
– V
І ғасырларда тек қалыптаса бастады. 
Каролингілердің Франк монархиясы. Франк ақсүйектерінің арасындағы 
ұзақ қақтығыстардан кейін 687 жылы Австразия майордомы Пипин 
Геристальский бүкіл франк мемлекетінің майордамы болды. Пипинидтер 
үйінен мыңдаған Австразия майордамдары біріккен Франк мемлекетінің 
билеушісі бола отырып, франк корольдерінің жаңа әулетінің негізін қалады. 
Бұл әулет өз өкілдерінің ең ірісі Ұлы Карлдың атына байланысты Каролингілер 
әулеті деп аталды. VІІ ғасырдың аяғынан – ІХ ғасырдың ортасына дейін билік 
етті. Алғашында майордамдар ретінде 751 жылдан бастап корольдар ретінде 
билік жүргізді. Каролингілер әулетінің тұсында франк қоғамында аграрлық 
19 


төңкеріс болды, ол феодалдық қатынастың қалыптасуымен аяқталды. Қоғам 
ішінің әлеуметтік жіктелуі нәтижесінде ірі жер иеленушілердің саны өсті. 
Аллод пайда болды (аллод – VІ ғасырдың аяғында ерікті франктердің 
мүліктік иеліктері шағын жанұялардың толық, еркін пайдаланатын жер 
иелеріктеріне айналуы). Аллодтың пайда болуымен бірге жер иеленушілік 
қауымның көрші немесе аумақтық болып бөлінуі тоқталды. 
Қауымның ерікті шаруалары өздерінің аллодтарын жоғалта отырып, 
біртіндеп тәуелді адамдарға, кейін басыбайлыларға айналды. Меровингілерге 
дейін басталған бұл үрдістер VІІІ – ІХ ғасырларда кең қарқын алды. VІІІ 
ғасырдың басында франк қоғамында бір-біріне қарама қарсы екі әлеуметтік жік 
пайда болды: 
1.
ірі жер иелері – галл-римдік және германдықтардан шыққан; шексіз 
биліктегі өздерінің ірі жер учаскесі болды, жоғарғы өкіметке тәуелсіз.
 
2.
тәуелді шаруалар – жер иеліктері жоқ, қанауға түскен. Негізгі бөлігін 
галл-римдік құлдардың, еркіне жіберілгендердің, германдық құлдардың 
ұрпақтары құрады.
 
Бұдан басқа ұсақ және орта аллодшылар да болды.
Франк қоғамының әлеуметтік құрамындағы ілгері басушылықтар Пипин 
Геристальскийдің мұрагері майордом Карл Мартелл саясатын айқындады. 715 – 
741 ж.ж. дейін билік жүргізген К.Мартелл өз басқаруын патшалықтың ішіндегі 
қайшылықтарды реттеуден бастады. Өзіне қарсы келген Нейстрия феодалдарын 
талқандап және бағынудан бас тартқан Рейннің ар жағындағы германдық 
тайпаларға (алеман, фриз, баварлар) қарсы аттанды. 
732 жылы Пуатье маңындағы шешуші шайқаста Карл VІІІ ғасырдың 
басында Испанияны жаулап алғаннан кейін 720 жылы Галлияға баса-көктеп 
кірген арабтарға батыл тойтарыс берді. Арабтармен шайқаста басты рольді 
франктердің атты әскері атқарды. Франктердің Пуатье маңындағы жеңісі 
арабтардың одан әрі Еуропаға жылжуына тоқтау салды. Арабтардың қолында 
Оңтүстік Галлияның шағын бөлігі – Септимания Нарбонмен қалды.
Франк мемлекетіндегі феодалдық қатынастардың дамуы феодалдардық 
меншіктің түрін өзгертуді талап етті. Аллодтық меншіктің орынын неғұрлым 
дамыған феодалдық меншіктің түрі алмастыруы қажет болды. Қоғамның 2 
қарама-қарсы тапқа бөлінуі заңдық сипат алуы тиіс болды. Кедейленген ерікті 
шаруалардың көпшілігінің жасақта қызмет жасауына материалдық игілігі 
жетпейтін болғандықтан, әскери күштерді түбірінен қайта жасау мәселесі 
тұрды. Бұл Карл Мартеллдің бенефициалды реформасының әлеуметтік алғы 
шарты болды.
Меровингілердің кезеңіндегі жерді толығымен, ешқандай талапсыз жеке 
меншікке берудің (аллод) орнына реформадан кейін жерді шартты феодалдық 
меншікке беру жүзеге аса бастады. «Бенефиция» иесі (бенефиций) бүкіл 
өміріне, әсіресе атты әскер құрамында, әскери қызмет атқаруға тиіс болды. 
Бенефеций қайтыс болған жағдайда жерді иесіне қайтарды немесе мұрагерлікке 
қалдырды. Егер әскери қызмет атқарылмаса немесе бенефиция шаруашылығы 
құлдырап кетсе, тартып алынатын болды. Уақыт өте кете бенефициялар өмірлік 
пайдаланудан мұрагерлік иелікке қалдырылып отырды. ІХ – Х ғасырлардың өн 
20 


бойына феодтық сипат алды, яғни, міндетті әскери қызметпен байланысқан 
мұрагерлік иелік болды. 
Карл Мартелл бенефицияны таратуды кеңейтті, оның қоры үшін 
алғашында көтеріліске шыққан магнаттардан тартып алынған жерлер, бұлар 
таусылғаннан кейін шіркеу жерлерін ала бастады. Карл шіркеуді өз билігін 
нығайту үшін пайдаланды.
К.Мартелл реформаны жүргізе отыра, саяси мақсаттарды да көздеді: 
1.
аллодтық жүйені алмастыра отыра, көтеріліске шығып отырған 
феодалдарды таққа тәуелді етіп қоюға сенді. 
2.
шаруалардың жаяу жасағын қуатты атты әскермен алмастыру. 
Бенефициалды реформаның бірнеше әлеуметтік нәтижелері де болды: 
1.
елеулі дәрежеде қалыптасып келе жатырған ұсақ және орта 
феодалдардың қатарын нығайтты; 
2.
үлестік жерлер берудің кеңінен таралуы жерге феодалдық жеке меншік 
пен шаруалардың одан әрі кіріптарлығын нығайтты. Бенефиций иелері жерді 
адамдарымен қоса алған болатын, кейде олар тәуелді болып, оның пайдасына 
барщина мен оброк төледі; 
3.
бенефициалдық үлестер жер беруші мен алушының арасында берік 
вассалдық байланыстар орнатты. 
Осылайша бенефициалды реформа Франк мемлекетіндегі феодалдық 
қатынастарды одан әрі нығайтуға септігін тигізді. 
Франк мемлекетінің барлық облыстарында өзінің жағдайын нығайтып 
алған майордомның ерте ме, кеш пе, король тағына ұмтылушылық танытатыны 
анық еді. Бұны алғаш байқатқан Карл Мартеллдің ұлы Тапал ІІ Пипин (741 – 
768 
ж.ж.) болды. Тақты басып алуды заңдастыру үшін ол Папаға Франк 
мемлекетінің королі кім болуы керек екенін анықтап беруді сұраған елші 
жібереді: билігі бар адам ба, немесе тек атағы бар адам ба? 
Франк мемлекетінің тарапынан өзін тықсырған лангобардтарға қарсы 
күресте әскери көмек алу мақсатында Папа шынайы билігі бар адам ғана 
король болуы тиіс,- деп жауап береді. 751 жылы Пипин Суассонда франк 
шонжарларын жинап, король жарияланды. Өзін папаның қолдағаны үшін 
Пипин шіркеуге жаңа жер иеліктерін молынан үлестірді және Папаға күткен 
әскери көмегін көрсетті. 754 және 757 жылдары франктер лангобардтарға қарсы 
2 рет әскери жорық жариялады. Рим және Равенна маңында олардан тартып 
алынған облыстарды Пипин папа ІІ Стефанға берді. Ол тарихта «Пипиннің 
сыйы» деп аталды. Осылайша Рим тағының діни иелігі Папа облысы пайда 
болды. Папа облысы 1870 жылға дейін өмір сүрді. 
Өзінің саясатымен Пипин Франк корольдігінің одан әрі гүлденуінің 
негізін қалады. Ал, оның баласы Ұлы Карлдың кезінде Франк мемлекеті 
империяға айналды.
768 жылы Пипин қайтыс болғаннан кейін билік оның баласы Ұлы 
Карлдың (768 – 814 ж.ж.) қолына өтті. Ол бір кездегі қуатты Рим империясын 
қайта жандандыруға әрекет жасады.
Ұлы Карл дүниежүзілік империяны құру үшін жаулап алу саясатын 
жүргізді. Бірнеше соғыстардың нәтижесінде ол Батыс Еуропада өзіне теңдесі 
21 


жоқ империя құруға қол жеткізді. Жаңа империя өзінің құрамына франктерден 
басқа, бірнеше тайпалар мен халықтарды біріктірді. Карлдың кезінде шамамен 
50-
дей әскери жорықтар жүргізілсе, оның жартысына өзі басшылық жасаған 
екен. Ұлы Карлдың бірінші соғысы 772 жылы германдық сакстар тайпасымен 
(Рейннен Эльбаға дейін аумақтарды иемденуші (Төменгі Германия)) болды. 
Сакстардың мемлекеті болмады және ерікті шаруалардан құралған 
жасақтарымен қорғанды, өзара рулық және ішкі тайпалық байланыстармен 
бірікті. Олар көпсанды тайпалар мен тайпалық топтарға бірікті және соңғылары 
өзара жауласып отырды 
Экономика және саяси даму деңгейі бойынша сакстар франктерге 
қарағанда әлдеқайда төмен болды. Сакстар қару-жарақ және соғыс жүргізу 
тәсілдері бойынша да франктерден қалыс тұрды. Алғашында батыс сакстар 
вестфалдардың жерлерін (Рейн және Везер аралығында) жаулап алды.
777 жылы сакстар Падерборндегі съезде корольге адалдық туралы ант 
берді. Карл графтарды тағайындады, христиандық уағыздаушыларды әкелді, 
епископтықты ұйымдастырды. Алайда, Карл елден оңтүстікке кеткен кезде 
сакстар әрдайым көтеріліске шығып отырды: шіркеулерді талқандады, 
франктерді қуды. Ал қайта оралған Карл көтерілісшілерді басып, қатал жазалап 
отырды. Шамамен 30 жылдай уақыт сакстардың көтерілісі жалғасып жатты. 
Сакстардың толық бағындырылуы тек 804 жылы ғана мүмкін болды. Сакстар 
батыл қарсылық көрсетті. Карл сакстардың жартысы елден қуылып, оларға 
тиесілі аумақ жаңа франктік және славяндық қоныстанушылармен 
ауыстырылған кезде ғана елді толық өзіне қаратты.
774 жылы Ұлы Карл лангобардтарға қарсы Италияға жорық жасайды 
және оның барлық иелігін басып алады. Азғантай бөлігін Папаға берді, қалған 
облыстарын Франк мемлекетіне қосты. Ұлы Карл өзіне лангобардтардың темір 
тәжін иемденіп, франктердің және лангобардтардың королі атана бастады. 
Лангобардтардың франктердің үстемдігінен босануға жолында жүргізген 
әрекеттерінің барлығын қатал жазалап отырды. 
Франк мемлекеті сондай-ақ арабтармен де соғысты. 778 жылы Ұлы Карл 
Испанияға жорық жасап, Сарагосқа дейін жетеді. Алайда күшті қарсылыққа 
кездесіп, кері шегінуге мәжбүр болды. Соңғы жорықтардың нәтижесінде 
Барселонамен бірге арабтардан Испанияның солтүстік-шығысын тартып алып, 
Пиренейдің ар жағынан «Испан маркасын» құрды.
Карл германдық баварлар тайпаларына да қарсы жорыққа шықты. 
Баварларды түпкілікті бағындырып, оларды дербестігінен айырды. Бавар 
герцогы франктердің үстемдігінен құтылуға және тәуелсіз Бавар герцогтығын 
құруға тырысты. Бұл үшін олар аварлармен одақтасты. 778 жылы Ұлы Карл 
Бавар герцогтығын таратып, елді өзі тағайындаған графтардың басқаруына 
берді. 
Бұдан әрі Франк мемлекеті өзінің үстемдігін одан әрі шығысқа, 
славяндардың жеріне таратуға әрекеттенді. Саксондық соғыстардың кезінде 
франктер полабтық славяндармен байланысқа түсті. Сакстармен тұрақты 
жауласып тұрған ободридтер франктермен одақтасты, лютичтер, сербтер және 
22 


чехтарға алым-салықтар салынды. Оңтүстік-Шығыста франктер Словения 
(Каринтия) және Хорватияны бағындырды.
Баварияны Франк корольдігіне қосқаннан кейін франктердің Азияның 
терең түкпірінен келіп, Паннонияда әскери одақ құрған жауынгер көшпенді 
аварлармен соғысы басталды. 788 жылы аварлар Франк корольдігіне басып 
кірді, ауыр авар соғысы басталды. Франктер аварларды славяндармен 
одақтасуының арқасында ғана жеңді. Ұзаққа созылған қоршаудың нәтижесінде 
9 үйілген топырақтан, бөренеден, тас пен саздан тұрған аварлардың қорғаныс 
шекарасын және оның орталығындағы ханның бекінісін басып алды. Ұлы Карл 
шексіз олжаға – ханның қазынасына кенелді, оны тасу үшін тұтас көш 
ұйымдастыруға тура келеді. Осылайша, Авар қағанаты ыдырады. 
Ұланғайыр аумақты жаулап алу Франк мемлекетінің шекарасын кеңейтті. 
Енді ол Эбро және Барселона өзендерінен Эльба және Балтық жағалауына 
дейін; Ламанштан Орта Дунай мен Адриатикаға дейін созылып, бүкіл Италия 
мен Балқан түбегінің жартысын қамтыды. Ұлы Карл құрған империя осылайша 
бұрынғы Батыс Рим империясының елеулі аумағын түгелге дерлік, соның 
ішінде оның астанасы Римді де иемденді.
Бұның өзі римдік державалық дәстүрді қайта тірілтті. Ұлы Карл 
франктердің королі деген атақпен қалуды місе тұтпай, әлемдік монархтың 
атағы «римдік императорлыққа» талпынды. 800 жылы оның Римде болған 
кезінде Папа ІІІ Лев Латеран шіркеуінде Ұлы Карлға «римдік 
императорлардың»
 
тәжін кигізді.
Алайда, франк королі қайта жандандырған империя тек атауы бойынша 
ғана ежелгі Рим империясына сәйкес келді. Ол аумағы жағынан кіші болып 
қана қоймай, әскери-әкімшілік қатынастарда да әлсіз болды. Ұлы Карл қайта 
алынған императорлық атақты мемлекеттің ішіндегі өзінің билігін нығайту 
үшін және халықаралық беделін көтеруге пайдалануға тырысты. 
Шонжарлардан бастап құлдарға дейін барлық халық оған адалдық туралы ант 
беруі тиіс болды. 
Римдік үлгідегі басқарудың орталық аппаратын құруға әрекеттер жасады. 
Рим шіркеуі және оның басшысы папаның императорға бағынуы маңызды 
мәнге ие болды. Батыс шіркеуіне үстемдік императордың халықаралық 
саясатының қаруына айналды. 
843 жылы Верден келісімі болды. Онда Ұлы Карлдың немерелері 
империяны үшке бөлді. Үлкені Хлотарь келісім шарты бойынша император 
атағын сақтап қалды, алайда інілеріне ешқандай құқығын жүргізе алмайтын 
болды. Олардың әрқайсысы дербес корольдіктер болып кетті. Лотарьдың өзіне 
Италия, шығыста Рейн және батыста Маас, Шельда, Сена, Рона арасындағы 
жерлер қарады. Рейннен шығысқа қарайғы жерлер Людовик Немецкийге, 
Лотарьдың иелігінен батысқа қарайғы жерлер Карл Лысыйға өтті. Лотарь 
қайтыс болғаннан кейін жаңа бөліністер жүргізілді. Лотарьдың ұрпақтары тек 
Италиядағы иеліктерді сақтап қалды, пиренейлік жерлер Людовик және Карл 
арасында толықтай бөлініске түсті. Императорлық атақ алдағы уақытта 
Каролингілер үйінің келесі тармағына өтті. Мәселен, 875 – 877 жылдары 
император Карл Лысый, 880 – 887 жылдары тәж Людовик Немецкийдің ұлы 
23 


Жуан Карлға өтті. Алайда, Х ғасырдың басына таман императорлық атақ 
барлық шынайы мәнін жоғалтты. Империя өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Феодалдық қатынастардың нығаюы.
 
V
ІІІ ғасырдың екінші жартысы – ІХ 
ғасырдың басында Франк мемлекетінде шаруалардың феодалдық 
бағыныштылығы интенсивті түрде жүре бастады. Жерінен айырылған шаруа 
қожайынына өзіне жер учаскесін беру туралы өтініш жазды (precaria, яғни 
өтініш бойынша берілген учаске); бұл үшін ол ұсынылғн міндеткерліктерді 
орындауға уәде етті. Шарт жазбаша түрде жасалды: жер иесі шаруадан 
толтырылған прекарьлық грамота алып, оған престарлық грамота берді. 
Грамоталарда жерді пайдалану мерзімі және шаруа оброгының мөлшері 
көрсетілді, жер иесі шаруаның құқығын бұзбауға және оған бөлініп берілген 
жер телімін тартып алмауға уәде етті. Бірақ, әдетте бірнеше ұрпақтардан кейін 
шаруа тек жерге ғана емес, сонымен қатар жеке бас бостандығына да тәуелдіге 
айналды. 
Прекарийлік тәуелділікке жер меншігінен айырылған адамдар ғана емес, 
меншіктен бас тарту арқылы мемлекеттік міндеттерден босануға тырысқан, 
сондай-ақ шіркеу немесе өзге жер иесінен қорғаныс пен қамқорлығын алғысы 
келген ерікті ұсақ жер иеленушілер де түсті. «Сыйлығы бар прекарий» дегенді 
де жиі қолданды. Жерлік тәуелділікке түскен шаруа екінші жағдайдағы тәрізді 
берілген жер теліміне жеке меншік құқығынан бас тартты, бірақ сонымен бірге 
пайдалануға қосымша жер телімін алды, ол әдетте игерілмеген жерден берілді. 
Король өкіметі феодалдардың жеке билігінің өсуіне қарсылық жасамады, 
қайта бұған қолдау көрсетті. Король шіркеулік және дүнияи феодалдарға 
олардың иелігін мемлекеттік қызметкелердің барлық араласуларынан 
босататын иммунитеттік грамоталар берді. Бұл кезекте иммунистің қолына 
халықтың үстінен қарайтын әкімшілік-соттық билік және бұрын мемлекеттік 
қазынаға түсетін барлық қаражаттар өтті. Иммунитет феодалдар меншігінің 
құқығын бекітті. Иммунитеттік аумақтарда вотчина иесі жеке дара қожайын 
болды, тек тәуелді адамдардың ғана емес, оның иеліктерінде өмір сүріп 
жатырған ерікті халықтардың билігі де соған тиеслі болды. Иммунистерге сот 
әділеттілігіне, тәртіпті қорғау мен жасақ жинау жауапкершілігін жүктей отыра, 
Ұлы Карл иммунитетті мемлекеттік билікті нығайтудың қаруы ретінде 
пайдалануға тырысты. Алайда иммунитеттік артықшылықтарды кеңейту тек ірі 
феодалдарды пайдаланғаннан ғана шешілді және туындап келе жатырған саяси 
бытыраңқылықтың алғы шарттарының бірі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет