27.
Варварлық ақиқаттар – Батыс Рим империясының аумағын жайлаған
ежелгі герман тайпаларының әдет құқықтарының жинағы. Ең бастылары –
Вестгот ақиқаты, Бургундия ақиқаты, Саксония ақиқаты, Салий ақиқаты,
Рипуар заңы, Алеман заңы, Бавария заңы, Фриздер заңы, Тюрингия заңы,
Лангобардтар заңы, Англо-сакс заңдары.
28.
Варварлар – гректер мен римдіктер өздері нәсілдес емес халықтардың
бәрін осылай атаған. Біздің заманымыздың І ғасырынан бастап әсіресе
германдықтар үшін жиі қолданылды.
29.
Варварлық мемлекеттер – құл иеленушілік қоғамның күйреуіне
байланысты Рим жерінде пайда болған мемлекеттер – Вестготтар корольдігі,
Бургундия, Остготтар корольдіктері, т.б.
30.
Ворфоломей түні – 1572 ж. 24 тамызына қараған әулие Ворфоломей
түні, бұл түні Франция королі мен католиктердің бұйрығы бойынша Парижде
гугеноттарды қыруы басталды. Үш күн ішінде бірнеше мың гугеноттар
бауыздалып, бұл қанды күрес бүкіл Францияға тарады.
31.
Василиктер – 890 жылдары император VІ Левтің кезінде жасалып
біткен Византия заң қаулыларының жинағы, 60 кітап болды.
Достарыңызбен бөлісу: