Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

7.
 
Адептер – 1. сектаның не бір қилы ілімінің ісіне араласқан адам; 2. бір 
қилы ілімді не идеяны табанды түрде жарақтаушы. 
8.
 
Акриттер – Кіші Азиядағы шекара қызметіндегі адамдар. 
9.
 
Актемондар – ХІV-ХV ғ.ғ. Византиядағы өндіріс құралдарынан 
айырылған мүліксіз шаруалар. 
10.
 
Аландар – ІІ-ІХ ғ.ғ. Солтүстік Кавказды, төменгі Днепр мен Оңтүстік 
Орал арасын жайлаған сармат тайпалары; ІV ғ. аландар ғұндарға бағынып, 
олармен бірге «халықтардың ұлы көшіне» қатысты. Олардың біразы оңтүстік 
Галлия мен Пиреней түбегін қоныстанды. 
11.
 
«Бавар ақиқаты» – Герман нәсілдес бавар әдет құқығының жинағы. 
V
ІІІ ғасырда пайда болды. Ру қоғамынан бастап феодалдық қатынастардың 
тууына шейінгі герман қоғамы дамуының әрқилы дәуірін қамтиды. 
12.
 
Баварлар – алғашқы кезде Богемияны жайлаған герман тайпасы, V ғ. 
басында Дунайдың жоғарғы бойын жайлаған. VІІІ-ІХ ғ.ғ. баварлық франк 
корольдеріне тәуелді тайпа герцогтері биледі. Франк мемлекеті ыдыраған соң 
Германия құрамына кіріп, кейініректе баварлар неміс халқын құрушылардың 
бірі болды. 
13.
 
Багаудтар – ІІІ-V ғ.ғ. Галлия мен Терістік Испанияда колондар мен 
құлдардың революциялық қозғалысына қатынасушылар. Бұл қозғалыс Батыс 
Рим империясының дағдарысы мен ыдырауын көрсететін айғақтардың бірі 
болды. 
14.
 
Балья – Францияда әкімшілік округті-бальяжды басқаратын король 
төресі. 
167 


15.
 
Бальяж – Францияда король доменінің жерінде құрылған, балья 
қоластындағы әкімшілік округ. Король доменін бальяжға бөлу ХІІ ғасырда, ІІ 
Филипп тұсында Франциядағы ағылшын жерлерін басып алудан басталды. 
Жер-жерлерде король үкіметін нығайтуда оның ролі зор болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет