ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ (ГЛОССАРИЙ)
1.
Аббат – 1. аббат шіркеуінде барлық дін қызметкерлерінің құрметті аты;
2.
еркек монастырының бастығы.
2.
Аббаттық – өз қарамағында басқадай монастырлері бар католик
монастырі; шіркеу басқармасының жоғарғы органдарына бағынады,үлкен жер
бөліктерінде иелік жасап, шаруаларды қаты қанауда ұстады.
3.
Абсолютизм – шексіз монархия, жоғарғы өкімет билігі бүтіндей бір
адам-монарх (император, патша, король, князь) қолында болған басқару түрі;
сословиелік монархияның орнын басқан феодалдық мемлекет дамуының
жоғарғы және соңғы түрі.
4.
Аварлар – VІ ғас. Азиядан орталық Еуропаға басып кіріп өз алдына
дербес мемлекет орнатқан түрік нәсілдес халық; ІХ ғ. аварларды Ұлы Карл, Х ғ.
венгерлер күйретті. Осы кезден бастап олардың аты аталмайды.
5.
Папаларды Авиньон тұтқынында ұстау – 1309-1377 ж.ж. француз
королінің қысымы нәтижесінде папа резиденциясы Римнен Авиньонға
көшірілген дәуір.
6.
Агонистиктер (күресшілер) – ІV ғ. терістік Африкада ірі жер иелеріне,
Рим төрелеріне және Рим мемлекетінің әлеуметтік тәртіптерін мадақтаушы
ресми шіркеуге қарсы бағытталған құлдардың, колондардың және езілген
халықтардың революциялық қозғалысына қатысушылар.
Достарыңызбен бөлісу: