Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет28/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

23.
 
Вальвассорлар – Миландағы феодалдар табының төменгі тобы. 
24.
 
Вальденстер – «Лион кедейлері» ХІІ аяғында етек алған еретиктік 
секталар, Оңтүстік Франция, Терістік Италия, Германия, Чехияға тарады. Лион 
саудагері Петр Вальдтың атымен аталады. 
25.
 
Вандализм – мәдениет, рухани байлықты айуандық жолмен құрту. 
26.
 
Вандалдар – Римнен қатал күреске түскен ежелгі герман тайпасы. 455 
ж. Римді алып, онда көптеген теңдесі жоқ өнер үлгілерін құртты. «Вандал» 
деген сөз топас, дөрекі, шапқыншы, мәдениетті құртушы деген теңдеумен пара-
пар болып кетті. 
168 


27.
 
Варварлық ақиқаттар – Батыс Рим империясының аумағын жайлаған 
ежелгі герман тайпаларының әдет құқықтарының жинағы. Ең бастылары –
Вестгот ақиқаты, Бургундия ақиқаты, Саксония ақиқаты, Салий ақиқаты, 
Рипуар заңы, Алеман заңы, Бавария заңы, Фриздер заңы, Тюрингия заңы, 
Лангобардтар заңы, Англо-сакс заңдары. 
28.
 
Варварлар – гректер мен римдіктер өздері нәсілдес емес халықтардың 
бәрін осылай атаған. Біздің заманымыздың І ғасырынан бастап әсіресе 
германдықтар үшін жиі қолданылды. 
29.
 
Варварлық мемлекеттер – құл иеленушілік қоғамның күйреуіне 
байланысты Рим жерінде пайда болған мемлекеттер – Вестготтар корольдігі, 
Бургундия, Остготтар корольдіктері, т.б. 
30.
 
Ворфоломей түні – 1572 ж. 24 тамызына қараған әулие Ворфоломей 
түні, бұл түні Франция королі мен католиктердің бұйрығы бойынша Парижде 
гугеноттарды қыруы басталды. Үш күн ішінде бірнеше мың гугеноттар 
бауыздалып, бұл қанды күрес бүкіл Францияға тарады. 
31.
 
Василиктер – 890 жылдары император VІ Левтің кезінде жасалып 
біткен Византия заң қаулыларының жинағы, 60 кітап болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет