Аммиак және оның қосылыстарына жалпы сипаттама



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#96562
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аммиак және оның қосылыстарына жалпы сипаттама
geometiriya 3201, Олжас Мінездеме, Менің атым Қырмызы

Аммоний қосылыстары

Аммоний қосылыстары — құрамына аммоний тобы NH4 енетін хим. заттар. Олардың көпшілігі тұздарға жатады және аниондары бойынша аталады. Негізгілері — аммоний карбонаттары, аммоний нитраты, аммоний сульфаты, аммоний фосфаттары болып табылады. Аммоний карбонаттары — көмір қышқылының аммоний тұздары. Құрамына қарай бикарбонат немесе гидрокарбонат, карбонат және карбаминат болып жіктеледі. Карбонат аммиак ерітіндісіне көмірқышқыл газын жіберу арқылы алынады. Ол 20 °С дейін қыздырғанда ыдырап, аммиак және бикарбонат түзеді. Аммонийдің басқа тұздарын алу үшін, шарап ашытқанда фермент әсерін күшейту үшін пайдаланылады. Аммоний нитраты — аммонийдің азот қышқылды тұзы, түссіз кристалды зат, 169,5 °С дейін қыздырғанда балқиды, одан жоғары темп-рада су және азотоксидін түзеп отырып айырылады. Суда ерігенде жылуды сіңіреді. Тыңайтқыш есебінде және қопарғыш заттар алуда қолданылады. Аммоний сульфаты — күкірт қышқылды аммоний тұзы. Суда еритін кристалды зат. Күкірт қышқылына аммиакты жіберу арқылы немесе гипсті аммиак және көмір қышқылымен әрекеттестіріп алады. Аммоний сульфаты — азот тыңайтқыштарының бірі. Аммоний фосфаттары — аммонийдің фосфор қышқылды тұздары. Олар фосфор қышқылы аммиакпен әрекеттескенде түзіледі. Аммоний фосфаттары құрамында азоты және фосфоры бар күрделі тыңайтқыш ретінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет