Жоғарғы білім берудің дамуы
Жоғары деңгейдегі мамандар даярлау, білім беру, ғылым мен мәдениетті дамытуда үлкен жұмыстар атқарып отырған сегіз мемл. жоғары оқу орнына 2001 ж. 5 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен ерекше мәртебе берілді. Олар: Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті; Л.Н.Гумилев атынд. Еуразия ұлттық ун-ті; Қазақ ұлттық агр. ун-ті; Қ.И. Сәтбаев атынд. Қазақ ұлттық тех. ун-ті; С.Ж. Аспандияров атынд. Қазақ ұлттық мед. ун-ті; Т.Қ. Жүргенов атынд. Қазақ ұлттық өнер академиясы; Құрманғазы атынд. Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық музыка академиясы.
Бұлармен қатар республикада 35 мемл. жоғары оқу орны бар. Олар: Ақмола мемл. мед. академиясы, Ақмола агр. ун-ті, Ақтау мемл. ун-ті, Ақтөбе мемл. ун-ті, Алматы технол. ун-ті, Атырау мұнай және газ ин-ты, Атырау ун-ті, Арқалық мемл. пед. ин-ты, Шығ. Қазақстан мемл. ун-ті, Шығ. Қазақстан мемл. тех. ун-ті, Жезқазған ун-ті, Жетісу мемл. ун-ті, Бат. Қазақстан мемл. мед. академиясы, Бат. Қазақстан мемл. ун-ті, Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ мемл. спорт және туризм академиясы, Қазақ мемл. заң академиясы, Қазақ мемл. қыздар пед. ин-ты, Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері ун-ті, Қарағанды мемл. мед. академиясы, Қарағанды мемл. тех. ун-ті, Қарағанды мемл. ун-ті, Қарағанды металлургия ин-ты, Көкшетау мемл. ун-ті, Қостанай мемл. ун-ті, Қызылорда мемл. ун-ті, Халықар. қазақ-түрік ун-ті, Павлодар мемл. ун-ті, Рудный индустр иялық ин-ты, Солт. Қазақстан мемл. ун-ті, Семей мемл. медицина академиясы, Семей мемл. ун-ті, Тараз мемл. ун-ті, Оңтүстік Қазақстан мемл. мед. академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемл. ун-ті. ҚР Қорғаныс мин-нің әскери оқу орындары Қазақстанның Қарулы Күштері үшін командалық, инж.-тех. және арнаулы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатын көздейді.
ҚР әскери оқу орындарына: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиац. уч-щесі, Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери ф-т, ҚР Қорғаныс мин-нің кадет корпусы, “Жас ұлан” респ. мектебі, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардағы офицерлер құрамын даярлау және қайта даярлау курстары жатады. Алғашқы мемл. емес жоғары оқу орындары Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ғана пайда болды.
Өзінің он жылдық дамуы барысында жоғары кәсіби білім берудің мемл. емес секторы жалпы білім беру жүйесінде елеулі рөл атқара бастады. 2001 жылдың басында елде жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауға мемл. лицензия алған 121 мемл. емес жоғары оқу орны болды.
Достарыңызбен бөлісу: |