Ақмола облысы білім басқариасы жанындағы



бет1/4
Дата21.01.2022
өлшемі36,67 Kb.
#112589
  1   2   3   4
Байланысты:
Педагогика сынақ


Ақмола облысы білім басқариасы жанындағы

«Щучинск қаласы,жоғары педагогикалық колледжі»ШЖҚ МКК

0111000-Негізгі орта білім беру мамандығы бойынша

ҚФ-41 топ студенті Бекболатова Жансаяның

«педагогика пәнінен» сынақ жұмысы

5-билет

Еліміздегі білім беру жүйесінің тарихы.

Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалалардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпірінде орналасқан. Ол жерлерде молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерлерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті.

Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Мыс., орта ғ-дағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет