Сабақ тақырыбы: Өткізген пән мұғалімі: А. А. Мұқатова



Дата24.07.2017
өлшемі62,97 Kb.
#21967
Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп


Қазақстан тарихы пәнінен өткізген ашық сабақ

тақырыбы:




Өткізген пән мұғалімі: А.А.Мұқатова

2012-2013 оқу жылы



Өткенді білмей – қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын

Әл-Фараби

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын, тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениет- таратушы жол ретінде маңызын үйрену.

Күтілетін нәтиже:

& Ұлы жібек жолының пайда болу тарихын, географиялық орналасуын зерттеп, анықтап талқылайды.

& Ұлы жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсерін анықтап ,салыстырып зерттеп қорытындылайды.

&Ұлы жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалын анықтап, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын талдау, қорытынды жасап үлгілеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтағы суреттер, кестелер. Ұлы Жібек жолының картасы мен қосымша әдебиеттер.

Сабақтың түрі: шығармашылық, ізденіс сабағы

Пайдаланылатын технология: Кембридждік оқыту технологиясы, СТО технологиясын пайдалану

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «ЖИГСО»-мәтінмен жұмыс, тарихи домино, жеке, топтық жұмыс, ойталқы.

Пәнаралық байланыс: география, дүниежүзі тарихы

Оқушы әрекеті

- Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді.

- Жаңа тақырыпқа болжау айтады, білетіндерін еске түсіреді. Жеке жұмыс жасайды

- Топта талқылап, тізбектейді, салыстырады, айырмашылықтарын табады.

- Постерге идея тоғыстырады және сынып алдында қорғайды.

-«Бағдаршам» әдісімен постерлерге баға беріледі.

- термин сөздерді дәптерге жазады.

-Үй тапсырмасын күнделікке жазады


Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.Сыныпты топтарға бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

§ 15. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Жібек жолы картасын түсіру, реферат жазу, қосымша мәліметтер жинау, слайд жасау.

Тұсау кесер:

1). «Стоп кадр» әдісімен интербелсенді тақтадан «Ұлы жібек жолы» суреті көрсетіледі? Оқушылар не білетіндерін жарыса айтады.
Негізгі бөлім:

1-тапсырма: Жигсо әдісі арқылы(оқушылар өз тапсырмалары бойынша сөйлегенде презентация көрсету, топтарға дайын мәтіндер үлестіріліп, тезис ретінде жазып, қорғауға дайындалады. оқушыларға карта, қосымша әдебиеттер беріледі..)

1-топ географтар-Ұлы жібек жолының пайда болуы

2-топ саудагерлер-Ұлы жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.

3-топ мәдениеттанушылар-Ұлы жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

ІІІ. Ой-толғаныс.
2-тапсырма: "Тарихи домино"ойыны

жібек

жолы

халықтар

арасындағы

сауданың

дамуына

ғана

зор

үлесін

қосып

қойған

жоқ,

ол

Шығыс

пен

Батыс

елдерінің

арасындағы

халықаралық

дипломатиялық

қарым-

қатынастың

дамуына

да

өзінің

үлкен

пайдасын

тигізген.

Қай топ бірінші болып осы сөздерден сөйлем құрастырып шығады сол топ бағаланады.

Дұрыс жауабы:Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық қарым- қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген

Қосымша әдебиеттермен жұмыс.
ІҮ. Қорытынды."Көш керуен" ойыны.Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


р/с

Сұрақтар

а

ә

б

1

Жібек жолы қайдан басталады?

Жапония

Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан

Қара теңізден

2

Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел

Иран

Ауған

Соғды

3

ҰлыЖібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?/

б.з.б. ІІ-І ғ

Б.з ІҮғ

Б.з Ү ғ

4

Жібек жол арқылы таралған діндер?/

Шаман

буддизм,манихей,

христиан,зорастризм

заорастризм

5

Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?/

Болгар бұрышы

қияр

алма

6

Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?/

Яксарт, Құлан

Жент,Сүткент

Талғар,Испиджаб, Отырар

7

Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?/

Тараз

қарашық

Құлан

8

Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты?

Ясы

Тараз

Алмалық


Ү.Бағалау.
ҮІ.Үйге тапсырма:   § 15

Ұлы Жібек жолының картасын түсіру

Қазіргі Қазақстанның алыс –жақын елдерімен

сауда байланысы туралы



мәлімет жинау. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет