Ақмола облысы Жарқайың ауданы «Білім бөлімі» мм өмірлік орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: «Ескерту диктанты»



бет5/5
Дата06.07.2018
өлшемі13,4 Mb.
#47854
1   2   3   4   5

Сабақтың тақырыбы: «Ескерту диктанты»

Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейінгі алған білімдеріне байланысты түгел қамти отырып, оқушыларды бақылау диктантына дайындау.

Барысы:

Берілетін тапсырмалар

1-тапсырма Қиын сөздерді есіңе сақтай отырып, дәптерге көшіріп жаз
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ.

Момышұлы Бауыржан – екiншi дүниежүзiлiк соғыстың даңқты жауынгерi,халық қаһарманы, қазақтың көрнектi жазушысы. Туған жерi Жамбыл обылысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенi. Бауыржан жетi жылдық мектептi бiтiргеннен кейiн,бiраз уақыт мұғалiм болған,сонда жүргенде кезектi әскери мiндетiн өтеуге шақырылып,онда бiр жарым жыл жүрiп,запастағы командир атағын алады.

1941 жылы екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал майор Панфиловтың басшылығымен Алматы маңындағы жаңадан жасақталған 316- шы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон,полк командирi қызметтерiн атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

Соғыс кезiнднгi жеке басының қаһармандық ерлiгiмен және ұрыс жүргiзудегi әскери шеберлiгiмен ерекше көзге түседi.



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР:

1 нұсқа

1. “ Жауынгер” сөзіне фонетикалық талдау жаса

2. “Басқарамын” сөзiн буынға бөл

3. 1 сөйлемдi сөйлем мүшесiне талда.

* Ерлiк,батырлық туралы мақал жаз,сөз құрамына талда.

2 нұсқа

1. “Генерал” сөзiне фонетикалық талдау жаса

2. “Түсiнемiн” сөзiн буынға бөл

3. Соңғы сөйлемдi сөйлем мүшесiне талда

* Ерлiк,батырлық туралы мақал жаз,сөз құрамына талда.
2-тапсырма Қарамен жазылған сөзде неге «иу» дыбыстары қатар тұрғанын айт. Осылай жазылатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?
Шілдеде шөп маялап,

Егін басы толады.

Көкөніс пен миуа бақ,

Көздің жауын алады.



Сабақтың тақырыбы: «Өздік диктант»

Мақсаты: Диктант жұмысы арқылы оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.Өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге үйрету.

Барысы:
1-тапсырма Өздік диктант
А)Ал...ыр, е...бек, ғ..лым, тұн..ыш, ...асыр, ескертк..ш, қол..анат ,..дет, м..лдір, ж...йрік, ә..гіме, ата..ты, ..ртіс, ғал..м,..лы.

Б)М..ражай, демал..с,..йі, к..тапхана, ..нші, ..лең, та..пақ, ..ртіс, м..дениет, қол..нер, ша..ырақ, ..ста, қоб..з.


2-тапсырма Сөздерге ы әрпін жалғап,сөздерді көшіріп жазу
Бұлақ, қабақ, шабақ, тамақ, сабақ, қонақ, құрақ, тұяқ, қалақ, жақ, сұрақ, парақ, қалақ, табақ.
3-тапсырма Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жаздыру
Айдос (өзен) барды. Ол (өзен) балық аулады. (Өзен) балық көп. Шелекті (балық) толтырды. Түске жақын (үй) қайтты.
4-тапсырма Көп нүктенің орынына бір түбір сөзді қойып жазыңдар
... – сарғыш, сарғылт, сарғыштау.

... – қызғылт, қызғылтым, қызылдау.

... – көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, көктеу.

... – жағу, жағады, жығылды, жағып.

... – тағу, тағады, тағылды, тағып.

... – ағу, ағады, ағынды, ағып.

... – бағу, бағады, бағылды, бағып.

... – соғу, соғылды, соғады, соғып.


5-тапсырма Мына жолдарды 5 сөзбен толықтырып, жаз
1.Адамның мамандығын, кәсібін білдіретін сөздер: мұғалім, ...

2.Туыстық атауларды білдіретін сөздер: ата, ...

3.Кісі аттары: Айгул, ...

4.Тұрмысқа қажетті үй жиһаздары: тоңазытқыш, ...

5.Құрал-саймандар: балта, ...

Сабақтың тақырыбы: «Көру диктанты»

Мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру. Көркем жазуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Берілетін тапсырмалар
1-тапсырма Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса
1.Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама.

2.Екі бала орманға барды, жеміс терді

3.Мен Күләймен бірге Алматыға бардым.

4.Дәл төбеден бірдеңе шатыр-шұтыр етті.

5.Күзде құстың еті мен мамығын өткізеді.

6.Оқушының бәрі де жақсы оқуды көздейді

2-тапсырма Тыныс белгілерін есте сақтай отырып, өлеңді көшіріп жаз
Бұйда

Бұйда-түйе шылбыры

Білмейді екен кім мұны?

Түйе мінген бұйдасын

Шұбатпасын,жинасын
3-тапсырма Қарамен жазылған сөздердің астын сызып, «у» дыбысн талдау
Қоңырау соғылды. Біз сыныпқа кірдік. Мұғалім алғашқы сабақты бастады. Тақтаға үлкен сурет іліп қойды. Бұл бізге тұңғыш оқулық жазған ғалым

Ахмет Байтұрсынов екен. Апай бізге ол кісінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді.


4-тапсырма Жұмбақты шешіп, «я» әріпі бар сөздерді есіңе сақтай отырып, жаз

ЖҰМБАҚ
Биікте ұшып жүреді,

Елік, қоян бүреді.

Қия таста ұясы,

Бұл құсты кім біледі?

Сабақтың тақырыбы: «Дидактикалық материалдармен жұмыс»

Мақсаты: Дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойын, тілін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Берілетін тапсырмалар
1-тапсырма

1.Дыбыстық жаттығу: Қой қалай маңырайды?

2.Кім ұқыпты? Сөздерден бірдей дыбыстарды тап: барабан, балға балта, балық,

баға, бала, бота, бұзау.

3.Кім көп біледі? «Б» дыбысынан басталатын сөзге мысал ойла.

4.Жұмбақ құрастыр.

5.Өтірік өлең құрастыр.
2-тапсырма

1. жас..., күміс...., өрмекші...., -тар, -тер, -лар, -лер

2. айт...., қара....., көр.... –дық, -тық, -дік, -тік

3. қарындас...., дәптер...., киім.... –ым, -ім

4. Кітап...., Отан...., сенім..... –ың, -ің

5. Жұмбақ.

Көтер....л....п тең.....зден,

Аспанға би...к барам...н.

Би...ктен қайта түскенде,



Өң... к..рер далан..ң. (жаңбыр)
3-тапсырма Сұрақтарға жауап беретін сөздерді тиісті қорапшаларға сал









4-тапсырма Сурет бойынша ертегіні есіңе түсір. Ертегінің атын есіңе

түсіріп, оны әңгімелеп бер. Ертегі кейіпкерлерінің атын жазып, дыбыстық талдау жаса
Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы»

Мақсаты: Оқушыға сөз құрамы туралы терең мағлұмат бере отырып,алғырлыққа,көркем жазуға баулу.Әр түрлі шығармашылық тапсырмалар беру арқылы дарындылығын дамыту.

Барысы:



Ереже

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз.Мысалы: қала,орман,көше, жұлдыз.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.Қосымшаның екі түрі бар.Олар: жалғау және жұрнақ.
Сызбамен жұмыс

Сөз құрамы




Түбір Қосымша




Жалғау Жұрнақ
1-тапсырма Сөздерге -ы,-і дыбыстарын жалғау

Халық,бөрік,орын,қауіп,мойын,ауыз,мүлік,құлып,көрік,ерік,ауыл,

мұрын,құлақ.
2-тапсырма Мәтіннің ішінен түбір сөздерді теріп жаз

Ермек жазға демалысты асыға күтті.Оқудан босаған күннің ертеңіне апасына кетпек.Апасы бір мекеменің қосалқы шаруашылығында тұрады.Онда құс фермасы бар. Ермек жазғы демалысын сонда өткізді. Алма ағашының күтіміне араласты.Агрономға көмектесті.Бақшаға бүлдірген шыбықтарын отырғызды. Айналаасын қоршады. Бақшаның арығын жасап, су келтірді.


3-тапсырма Мәтіннің ішінен түбірге қосымша жалғанған сөздерді тап

Құмырсқа

Құмырсқа зыр жүгіріп жүр. Жолдан үп-үлкен дәнді көзі шалып қалды. Оны арқалай бастады.Дән сырғанап түсе берді. Құмырсқа дәнді көтеріп алып кету үшін көп әуреленді. Оны қайта көтеруге кірісті. Ақыры дәнді илеуіне жеткізді.


4-тапсырма Берілген сөздерді көшіріп жазып, түбірі мен қосымшасын ажырату

Механизаторлар, күрекпен, қыздар, жұмысқа, тазаладық, меңгеруші, картасының, салды, Алатаудың, төртінші, сыйлық, диқандар, аққудың, қайырымдылық, сыныпқа.



Сабақтың тақырыбы: «Зат есім»

Мақсаты: Оқушының сөз таптары соның ішінде зат есім туралы түсінігін тереңдету.Сөйлем ішінен зат есімді таба білуге үйрету.Оқушыны көркем жазуға алғырлыққа баулып,тәрбиелеу.

Барысы:

Ереже

Заттың атын білдіріп, Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім деп атаймыз.



1-тапсырма Сөйлем ішінен зат есімді тап

Құдықтан су тартып,жаңғақ ағашына құйсаң жемісі тез піседі.Ата- анам өмірдегі ең қымбат адамдарым. Мен әкеме алғыс айттым. Айнұр кітапханаға барып, көптеген қызықты кітаптар алып оқыды. Қыста біздің ауылдың балалары шанамен тау басынан сырғанап жарысады. Жанардың анасы аулаға су сеуіп сыпырғанды ұнатады.



2-тапсырма Көркем жазу

Диктант

Қарсақ-түлкіге өте ұқсас.Денесі түлкіге қарағанда кішіректеу,терісі жұмсақ.Ол- жалқау аң.Оған ін қазу ұнамайды.Саршұнақ пен суырдың інін пайдаланады.Өзі інді сирек қазады.наурыз ,сәуір айларында үш- алты жәутігін туады.Қарсақ небәрі бес-алты жыл ғана өмір сүреді.Кең- байтақ Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында кеңінен таралған.



3-тапсырма Шығармашылық тапсырма. Жұмбақтарды шеш

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.

( )

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті,

Басынан өткізеді әрбір істі.



( )

Жұмбақтың шешуі болған сөздер ненің атын білдіріп тұр. Олар қатысқан қандай мультфильмдердің атын білесіңдер, соларды тізіп жазыңдар.4-тапсырма Бұл не? Сендер одан нелерді көріп тұрсың?Қандай әріппен жазамыз?

Сабақтың тақырыбы: « Етістік»

Мақсаты: Оқушының сөз таптары соның ішінде етістік туралы түсінігін тереңдету. Сөйлем ішінен етістікті таба білуге үйрету.Оқушыны көркем жазуға, алғырлыққа баулып,тәрбиелеу.

Барысы:

Ереже

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтті?



1-тапсырма Диктантттан етістікті тауып, сұрақтар қой

Диктант

Зейін бақта жүр.Бұталардың сыртына мойнын созып қарап қояды.Бұқпантайлап ілгері жылжыды.Кішкентай денесімен бүрісіп отыра қалды.Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді шоқып жүр.Зейін ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты.Құстар әлгі жерге үйір болып алды.Бала торғайдың бақтан кетпегенін ұнатты.Құстар- адамның досы.


2-тапсырма Сурет бойынша сөйлемдер құрап жаз. Құраған сөйлемдеріңдегі қимылды білдіретін сөздердің астын сыз

3-тапсырма Мәтін ішінен тек етістіктерді теріп жаз

Екі лақ.

Өзен жағасына екі лақ келді. Өзеннен өтетін көпір бар. Ол бір ғана бөрене. Екі лақ көпірдің үстімен қарсы жүрді. Олар бі-біріне жол бермеді. Екеуі сүзісті. Ақыры екеуі де суға құлап түсті.


4-тапсырма Мақал-мәтелдердегі етістікті анықта

1.Отан- отбасынан басталады.

2.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..

3.Отан үшін күрес, елге тиген үлес.

4.Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

5.Адам туған жерінен кетпес, ит тойған жерінен кетпес.

6.Оқыған озады, оқымаған тозады.

7.Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.



Сабақтың тақырыбы: « Сын есім»

Сабақтың мақсаты: Оқушының сөз таптары соның ішінде сын есім туралы түсінігін тереңдету.Сөйлем ішінен сын есімді таба білуге үйрету.Оқушыны көркем жазуға, алғырлыққа баулып,тәрбиелеу.

Барысы:



Ереже

Заттың сынын, сапасын, дәмін, түр-түсін, көлемін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады.Сын есімнің сұрақтары: қандай? қай?



1-тапсырма Диктантты көшіріп жазып, сын есімдерді тауып сұрақтар қой

Диктант

Алмұрт-жапырағы түсетін ағаш.Гүлдері ақ немесе қызғылт болады.Алмұрт сәуір,мамыр айларында гүлдейді.Жемісінің түсі жасыл, сары кейде қызылдау болады.Алмұрттан тосап қайнатады.Шырын және сусын дайындайды.Алмұрттың ағашынан музыкалық аспаптар дайындайды.


2-тапсырма Суреттегі заттарға сипаттама бер





3-тапсырма Берліген мақал-мәтелден сын есімдерді тауып, сөйлем құрастыр

1.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2.Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

3.Жақсы-жаныңа жолдас, жаман-малыңа жолдас.

4.Ел іші-алтын бесік.

5.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл болмас.

6.Сабыр түбі- сары алтын.

7.Еңбекпен тапқан нан тәтті.

8.Жақсы әке- жаман балаға қырық жылдық ризық.

9.Өнер алды- қызыл тіл.

10.Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек.

Сабақтың тақырыбы: «Сан есім»

Сабақтың мақсаты: Оқушының сөз таптары соның ішінде сан есім туралы түсінігін тереңдету.Сөйлем ішінен сан есімді таба білуге үйрету.Сан есімнің түрлерімен таныстыру.Оқушыны көркем жазуға, алғырлыққа баулып,тәрбиелеу.

Барысы:



Ереже

Сан есім дегеніміз заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.Неше? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді.Сан есім 6 топқа бөлінеді.



1-тапсырма Көшіру диктанты

Мың найзалы жалғыз батыр,

Жауларына алғызбай жүр. /кірпі/

Бір ағашта бес бармақ,

Бес бармақта бес жаңғақ /қол/

Бойы бір қарыс,

Сақалы екі қарыс. /жүгері/

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. /шаңғы/
2-тапсырма Шығармашылық тапсырма


Неше?

алты

екі

жиырма











Нешінші?

алтыншы















Сабақ тақырыбы: «Графикалық жаттығулар»

Мақсаты: Сызба бойынша тапсырмаларды орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Барысы:

Берілетін тапсырмалар

1-тапсырма

Мына сызба бойынша екі азат жолдан тұратын мәтін құрастыр.Мәтінге тақырып қой





2 –тапсырма Графикалық диктант

Құстар сайрайды.Сәрсен кітапханаға барды.Әлия мақала жазды.Әйгерім Алматыдан келді.



Сөйлемдегі сөздердің сызбасын көрсет
3-тапсырма Берілген сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыр

1. __________ ________________ .


2. __________ _______ ___________ .

4. __________ ___________ ___________?

5. __________ _______ _______ __________ !


4-тапсырма Сөзжұмбақты шеш


  1. Жыл мезгілінің аты.

  2. Суда жүзетін не?

  3. Данышпан, білгіш адам.


Сабақ тақырыбы: «Тест жұмысы»

Мақсаты: оқушылардың жыл бойы алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, тексеру.

Барысы:



1.Сөздің ең кішкене бөлшегі қалай аталады?

А) сөз В) буын

С) әріп Д) тасымал

2. Жіңішке буынды сөзді табыңыз

А) әлдеқашан В) жолдас

С) ғарышкер Д) әріптес

3. Ашық дауысты дыбысты табыңыз

А)а,ә Д )ү,й

В)ы,і Е) ы,і

4. Дыбыстың жазбаша таңбасы не?

А) дыбыс В) буын С) әріп Д) сөз



5. Заттың атын білдіретін сөзді табыңыз

А) Қызылкүрең В) Жиырма сегіз

С) Отырып қалды Д) Қызметкер

6.Сөйлем нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5



7. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсет.

А) бастауыш, толықтауыш; В) анықтауыш, баяндауыш;

С) бастауыш, баяндауыш; Д) анықтауыш, пысықтауыш;

8.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Қоңырау соғылды.Оқушылар үзіліске шықты.

A) Лепті сөйлем. B) Сұраулы сөйлем

C) Жай сөйлем. D) Хабарлы сөйлем

9. Сын есімдердің қатарын тап

А) Көк, адам В) қызыл, биік

С) Оқушы,шәкірт Д)Ұғымтал,төрт

10. Етістік тап

А) сары, қызыл В) әдемі, сұлу, көркем

С) батыр, қорқақ Д) келді, жүріп бара жатыр

11.Сан есімдердің қатарын көрсет

А) биік-аласа В) алтыншы, он-оннан

С) келді, отыр Д) сегіз, жасыл

12.Түбір сөзді тап

А) денсаулыққа В) кітап

С) оқушы Д) байлық

13.Қосымша неше топқа бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5



14.Мәтіннің неше түрі бар?

А) 6 В) 3 С) 5 Д) 4



Мұғалімдер үшін ұсынылатын әдебиеттер:


  1. «Қызықты грамматика» /жұмыс дәптері/Алматыкітап баспасы 2012 ж

  2. «Мөлдір бұлақ» журналы

  3. Қазақ тілінен кестелер жинағы

  4. Қазақ тілі бойынша диктанттар жинағы /Атамұра 2000 жыл/

  5. Қазақ тілі оқулығы /3-сынып/ Алматыкітап баспасы

  6. Қазақ тілі оқулығының әдістемесі /3-сынып/


Каталог: uploads -> doc -> 11aa
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11aa -> Сабақтың тақырыбы: Бұхар жырау. «Қазақтың ханы Абылай»
11aa -> Сабақ тақырыбы: Қала мұражайларына саяхат: Ғ. Тоқай мұражайы Сабақ мақсаттары
11aa -> Сабақтың тақырыбы: «Витаминдер және олардың маңызы»/ «Vitamins and their importance»
11aa -> «Көктуым –тұғырым,Елтаңбам-елдігім, Әнұраным-айбатым»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет