Ақмола облысы Жарқайың ауданы «Тассуат негізгі мектебі» кмм


Оқушыларды үш топқа бөлеміз



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#7149
түріСабақ
1   2   3

Оқушыларды үш топқа бөлеміз:

1- Топтың аты «Сұңқар»


2- -Топтың аты: «Тұлпар»
3- Топтың аты : «Жұлдыз»




Шығармашылық іс-әрекет. (шаңырақ түрінде)

Мұғалім: Оқушылар отбасында жарастығы болуы үшін қандай қасиеттер қажет?

сыйластық татулық

сүйіспеншілік

отбасы бауырмалдық

шыдамдылық






Сахналау «Сыйластық»

  1. топқа

  • Ата болып ақыл айтып көріңдер

  • Әже болып ертегі айтып беріңдер

  1. Топқа

  • Әке болып еркелетіп көріңдер мейірімділік төгіңдер

  • Ана болып мейірімділік төгіңдер

  1. топқа

  • Аға болып үлгі көрсет кішіге

  • Әпке болып мейіріміңмен аяла.







Дәптермен жұмыс

Тапсырма

Берілген ой тұжырымдарды оқы. Бір шешімді таңдап ал. Оны неліктен таңдап алғанынды түсіндір. Жеке шешім деген бағанаға өз ойынды жаз.





Шешімдер

Жеке шешім

1

Отбасындағы бақытты өмірге мен де жауаптымын.




2

Отбасы жарастығы үлкендерге ғана байланысты.




3

Отбасы жарастығына әрқайсымыз жауаптымыз.




4

Отбасы жарастығы өзара сыйластық пен құрмет болған жағдайда туындайды.




5

Отбасындағы жарасым бақыт, қуаныш, шаттық әкеледі.










Топпен ән айту.

Әкем –әнім

Сөзін жазған О.Сүттібаев

Әнін жазған Ә.Сүлейменов

Ұшырдың баптап ұядан,

Кетпейсің ойдан, қиялдан.

Арманға биік қол созсам

Тұрасың демеп жиі алдан.

Қайырмасы:

Көңілім бүгін алаң-ды,

Күттің бе, әке, балаңды?

Шаттықпен жарқын тойыңа,

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Адалдық әркез көксеген,

Үйрендім, әке, тек сенен.

Ардақтап өтем мәңгілік,

Ғұмырда жалғыз жетсе дем.

Қайырмасы:

Жүректі тербеп күй сынды,

Мойыныңа көптеген асылмай,

Сағындым, әке, иісіңді.







Үй тапсырмасы.

Отбасы туралы сурет салу және эссе жазу






Соңғы тыныштық сәтi. Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)
Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жай дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы, кешіре, түсіне білгенді отбасы берік болады.
Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет!

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет